жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Астрофизикаға кіріспе
Түсінік хат
Астрофизика ежелгі ғылымдардың бірі, ол адамзаттың тұрмыс қажетінен туындап, онымен бірге дамып отырды. Қазіргі кезде де астрономия дәл уақытты және географиялық координаттарды (кеме қатынасында, авиацияда, космонавтикада, геодезияда, картографияда) анықтау үшін пайдаланылады.
Астрономия космос кеңістігін зерттеуге және игеруге, космонавтиканың дамуына және біздің планетамызды космостан зерттеуге көмектеседі.
Біздің заманымыздағы астрономия математика және физикамен, биология және химиямен, геологиямен және космонавтикамен тығыз байланысты.
Басқа ғылымдардың табыстарын пайдалана отырып, ол өзі де әлгі ғылымдарды байытады, олардың дамуына дем береді, алдарына жаңа мақсаттар қояды.
Астрономия космостағы затты физикалық лабораторияларда жүзеге асыруға болмайтын күйінде және соншалықты зор көлемде зерттейді.
Осынысымен астрономия дененің физикалық бейнесін, біздің материя жайындағы түсінігімізді кеңейтеді.
Өткен ғасырда идеалист – философтардың бірі, адамзат танымының шектелгенін дәлелдеу үстінде, адамдар кейбір шырақтарға дейінгі қашықтықтарды өлшей алғанмен де жұлдыздардың химиялық құрамын ешқашанда анықтай алмайды деген тоқтамға келген. Алайда көп кешікпей спектрлік анализ ашылды, астрономдар жұлдыздар атмосферасының химиялық құрамын айқындап қана қоймай, олардың температурасын да анықтады. Адамзат танымының шегін көрсетпек болған басқа да әрекеттер негізсіз болып шықты.
«Астрофизикаға кіріспе» атты курс кіріктірілген курс болып табылады. Онда астрофизика ғылымының негізгі базалық мазмұны мен биология, физика, экологияда зерттеу бағыттары түйістіріледі. Сабақ мазмұны мен сабақтан тыс уақыттағы оқушы әрекеті, физикаға мен астрономияға деген қызығушылығын өрістетіп, жобалау ізденушілікпен коммуникативтік біліктілігін арттырады.
Берілген курсты оқу барысында физика мен астрономиядан қосымша білім алып қана қоймай, жеке қабілеті мен қажеттіліктеріне сәйкес өз беттерінше білім алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан да білім мазмұнының маңызды элементтері мен оқу үрдісінің формаларын таңдауға мүмкіндігі болады.
Бағдарлама 11сынып оқушыларына аптасына 1сағаттан жүргізіледі.
Барлығы 34 сағат. Оқушылардың білімі (балл) ұпай санымен саналады.
Оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеті
Мақсаты:
Астрофизиканы оқып үйрене отырып қандай деректердің дәйекті фактілер екеніне, ал қандайлары келе - келе өзгеруі мүмкін ғылыми болжамдар екеніне назар аудару керек. Әлемнің біртұтас бейнесін түсіндіру және физикадан білімді тәжірибе жүзінде қолдану әдіс – тәсілдерін таныстыру арқылы астрофизикалық ғылыми болжамдарды ұғынуларына жағдай жасау.
Міндеті:
Физика мен астрономия ғылымдарының бір – бірімен бірігуі табиғат құбылыстарының сырын тереңірек ұғуларына жол ашу;
Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты, сондықтан физикалық зерттеу әдісін қолдану арқылы анықтауды жалғастыру;
Спектрлік зерттеу мен физиканың басқа да әдістерін қолдану арқылы аспан денелерінің құрамын, температурасын, қашықтығын, қозғалыс жылдамдықтарын, мөлшерін, шығу тегін анықтау;
Физикалық ұғымдар мен заңдардың, теориялардың қолдану шегі болатынын түсіндіру, физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен табиғат құбылыстарын түсіндіруге, физиканың техникалық, экономикалық, экологиялық проблемаларын шешудегі астрофизиканың ролін түсіндіру.
Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру.
Пән аралық байланыс:
Курс негізінен физика мен астрономия, химия, биология, математика
пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Күтілетін нәтижелер:
Зертханалық құралдармен, интернет желісі, электронды оқулықтар сияқты керекті құралдар желісімен толық танысады;
Қоршаған орта мен техника жайлы да қажетті материалдарды өз беттерінше игереді;
Физика мен астрономияны терең меңгерудің басты талаптарының бірі – есеп шығара біледі;
Басқа ғылымдардың табыстарын пайдалана отырып, олардың дамуына дем беру, алдарына жаңа мақсаттар қою арқылы өз армандарына жетуді;
Ақпараттық құзіреттілік шеңберінде игереді;
Пәнді меңгерту деңгейінің талаптары
Зерттеу процесін ұйымдастырып, өзіндік білім алу траекториясын белгілей білуге;
Өз бетінше жағдаяттарды шеше білуге;
Алған білімдерін жинақтай, қорытындылай білулері тиіс;
Астрофизикалық заңдылықтардың ашылу тарихын, әлі де белгісіз
құбылыстар мен процестерді, олардың ерекшеліктерін алдын ала айтуға
мүмкіндік беретін, байланыстарды білуге;
Басқалардың да пікірін есепке ала отырып, тыңдай алуға;
Әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді пайдалана алуға;
Ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысуға;
Графиктер, диаграмма, кестелерді оқи білу, топта жұмыс істей білулері тиіс;
Тұжырымдық бөлік
Сағат саны: 34
Аптасына 1 сағат
Кіріспе – 2 сағат.
Астрономи нені зерттейді. Астрономияның басқа ғылымдармен байланысы, оның маңызы. Астрофизика. Астрономиялық бақылаулар және олардың ерекшеліктері. Телескоптар.
Астрономияның практикалық негіздері – 5 сағат
Шоқжұлдыздар. Жұлдыздық карталар. Аспан координаттары. Астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық ендікті анықтау. Эклиптика. Күннің және Айдың көрінетін қозғалысы. Айдың қозғалысы. Айдың және Күннің тұтылулары. Уақыт және календарь.
Аспан денелерінің қозғалысы – 10 сағат
Дүниеге ғылыми көзқарас жолындағы күрес. Күн жүйесінің құрамы және масштабтары. Планеталардың конфигурациялары және көріну жағдайлары. Планеталардың синодтық айналыс периодтары және олардың сидерлік периодтармен байланысы. Кеплер заңдары. Күн жүйесіндегі денелердің қашықтықтарын және олардың өлшемдерін анықтау. Параллакс. Астрономиялық өлшемдерін анықтау. Аспан денелерінің тартылыс күштері әсерінен қозғалысы. Космостық жылдамдықтар және орбиталардың пішіні. Планеталар қозғалысындағы ұйытқулар. Нептунның ашылуы. Жердің массасы мен тығыздығы. Аспан денелерінің массасын анықтау.
Астрофизикалық зерттеу әдістері – 10 сағат
Аспан денелерінің электромагниттік сәуле шығаруын зерттеу. Аспан денелерінің физикалық қасиеттерін және жылдамдықтарын олардың спектрлері бойынша анықтау. Обсерваториялар, радиотелескоптар, спектрлік анализдің қолданылуы. Атмосферадан тысқары астрономия. Планеталардың жалпы сипаттамасы. Олардың табиғатының физикалық шарттылығы. Күн жүйесі – шығу тегі ортақ денелер комплексі. Жұлдыздарға шейінгі қашықтықты анықтау. Олардың негізгі сипаттамасы. Жұлдыздардың массасы мен мөлшері. Айнымалы және стационар емес жұлдыздар. Жұлдыздар әлеміндегі аса маңызды заңдылықтар. Жұлдыздардың эволюциясы.
Әлем құрылысы және эволюциясы – 7 сағат
Біздің галактика. Диффузиялық материя. Жұлдызаралық тозаң және газ. Жұлдыздардың пайда болуы. Басқа жұлдыздық жүйе – галактикалар. Галактикалардың негізгі сипаттамалары. Радиогалактикалар және квазарлар. Дүниенің материалистік бейнесі, метагалактика және космология.
Нормативтік бөлік
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Р/с |
Өтілетін тақырыптар |
Сағат саны |
Ұйымдастыру формасы |
Мерзімі |
I |
Кіріспе |
2 |
|
|
1 |
Астрономия нені зерттейді. Астрофизика. |
1 |
Теориялық сабақ |
|
2 |
Астрономиялық бақылаулар және олардың ерекшеліктері. Телескоптар. |
1 |
|
|
II |
Астрономияның практикалық негіздері |
5 |
|
|
3 |
Шоқжұлдыздар. Аспан координаттары. |
1 |
|
|
4 |
Астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық ендікті анықтау. |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
5 |
Эклиптика. Күннің және Айдың көрінетін қозғалысы |
1 |
Теориялық сабақ |
|
6 |
Айдың қозғалысы. Айдың және Күннің тұтылулары |
1 |
|
|
7 |
Уақыт және календарь |
1 |
|
|
III |
Аспан денелерінің қозғалысы |
10 |
|
|
8 |
Дүниеге ғылыми көзқарас жолындағы күрес. |
1 |
|
|
9 |
Планеталардың конфигурациялары және көріну жағдайлары. |
1 |
Теориялық сабақ |
|
10 |
Планеталардың синодтық айналыс периодтары және олардың сидерлік периодтармен байланысы |
1 |
|
|
11 |
Кеплер заңдары. Күн жүйесіндегі денелердің қашықтықтарын және олардың өлшемдерін анықтау |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
12 |
Параллакс. Астрономиялық өлшемдерін анықтау. |
1 |
|
|
13 |
Аспан денелерінің тартылыс күштері әсерінен қозғалысы |
1 |
|
|
14 |
Космостық жылдамдықтар және орбиталардың пішіні |
1 |
Теориялық сабақ |
|
15 |
Нептунның ашылуы. |
1 |
|
|
16 |
Жердің массасы мен тығыздығы. |
1 |
|
|
17 |
Аспан денелерінің массасын анықтау |
1 |
Пр. жұмыс |
|
IV |
Астрофизикалық зерттеу әдістері |
10 |
|
|
18 |
Аспан денелерінің электромагниттік сәуле шығаруын зерттеу. |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
19 |
Аспан денелерінің физикалық қасиеттерін және жылдам-ын олардың спектрлері б/ша анықтау. |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
20 |
Обсерваториялар, радиотелескоптар, спектрлік анализдің қолданылуы. |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
21 |
Атмосферадан тысқары астрономия. |
1 |
|
|
22 |
Планеталардың жалпы сипаттамасы, олардың табиғатының физикалық шарттылығы. |
1 |
|
|
23 |
Күн жүйесі – шығу тегі ортақ денелер комплексі |
1 |
|
|
24 |
Жұлдыздарға шейінгі қашықтықты анықтау |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
25 |
Жұлдыздардың массасы мен мөлшері |
1 |
|
|
26 |
Айнымалы және стационар емес жұлдыздар |
1 |
|
|
27 |
Жұлдыздардың эволюциясы |
1 |
|
|
V |
Әлем құрылысы және эволюциясы |
7 |
|
|
28 |
Біздің галактика |
1 |
|
|
29 |
Диффузиялық материя. Жұлдызаралық тозаң, газ. |
1 |
Теориялық сабақ |
|
30 |
Жұлдыздардың пайда болуы |
1 |
|
|
31 |
Басқа жұлдыздық жүйе – галактикалар |
1 |
|
|
32 |
Радиогалактикалар және квазарлар |
1 |
|
|
33 |
Дүниенің материалистік бейнесі |
1 |
|
|
34 |
Қорытынды сабақ |
1 |
Тест алу |
|
|
Барлығы: |
34 |
|
|
Мұғалім пайдаланған әдебиеттер
Р/с |
Әдебиеттер |
Авторлары |
Баспасы, жылы. |
1 |
Астрономия |
Воронцов- Вельяминов Б. А. |
Алматы, Рауан 1997 ж |
2 |
Астрофизика және радиоастрономияның құралдары мен әдістері |
Куликов К Гуревич Л |
|
3 |
Зерде
|
|
Ғылыми публистикалық журнал №4,2008 ж. |
4 |
Қазіргі физиканың және астрономияның негізгі проблемалары туралы түсінік |
Савельев И. В |
М, Наука 1987 ж |
5 |
Наука и жизнь |
|
Ғылыми публистикалық журнал |
6 |
«Современная астрофизика традиции и перспектива» |
Омаров Т. Б. |
Алматы 2005 ж 10 – 75 бет |
7 |
Физика және астрономия
|
|
Ғылыми – әдістемелік журнал №3, 2009 ж.
|
8 |
Физика және астрономия |
|
Ғылыми – әдістемелік журнал№6, 2010 ж. |
Оқушы пайдаланған әдебиеттер
Р/с |
Әдебиеттер |
Авторлары |
Баспасы, жылы. |
1 |
Астрономия |
Воронцов- Вельяминов Б. А. |
Алматы, Рауан 1997 ж |
2 |
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, І-том, |
|
Алматы -2001 ж. |
3 |
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, ІІІ - том, |
|
Алматы -2001 ж. |
4 |
Физика және астрономия 7 сынып |
Башарұлы Р Қазақбаева Д Тоқбергенова У |
Алматы, Атамұра баспасы 2007 ж |
5 |
Физика және астрономия 8 сынып |
Байжасарова Г. З Дүйсенбаев Б. М. Медетбекова А. А. |
Алматы, Мектеп баспасы 2008 ж |
6 |
Физика және астрономия 9 сынып |
Бекасаров Н |
Алматы, Атамұра баспасы 2009 ж |
Курсты меңгеру деңгейін анықтау
10 -12 балл оқушыға мына жағдайда қойылады:
Қарастырылып отырған құбылыстар мен заңдылықтардың, заңдар мен теориялардың физикалық мәнісін дұрыс түсіне біледі, негізгі ұғымдардың, заңдардың, теориялардың өлшем бірліктерінің және өлшеу тәсілдерінің, сондай – ақ физикалық шамалардың негізгі ұғымдардың, заңдардың дәл анықтамасын және түсініктемесін береді;
Жауабына тиісті сызбаларды, схемаларды және графиктерді дұрыс орындайды;
Жауабын өз жоспары ойынша құрады, әңгімесіне жаңа мысалдарды кірістіреді, практикалық тапсырмаларды орындағанда жаңа жағдайларға сәйкес, білімін қолдана біледі;
Қазір өтіліп жатқан және физика курсы бойынша бұрын өтілетін материалдың, сондай – ақ басқа пәндерді оқығанда өтілетін материалдың байланысын тағайындай біледі;
7 – 9 балл мына жағдайда қойылады:
Оқушының жауабы 10 – 12 балға жауаптың негізгі талаптарын қанағаттандырады, бірақ өзінің құрған жоспары жоқ, жаңа мысалдар келтірмейді және жағдайға бар білімін қолданбайды, бұрын игерген материалмен басқа пәндерді оқып үйренгенде игерген материал байланыстарын қолданбайды;
3 – 6 балл мына жағдайда қойылады:
Жауабының көпшілігі 7 – 9 балға жауаптың талаптарын қанағаттандырады, бірақ жауабында жекеленген кемістіктер бар, алайда программа материалын әрі қарай игеруге нұсқан келтірмейді;
Оқушы қарапайым есептерді шығарғанда игерген біліміне дайын формулаларды қолдана біледі, бірақ формулаларды түрлендіріп барып есепке келгенде қиналады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген