400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астрономия тарауын қайталау -Аукцион сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Аукцион»ойыны

Астрономия негіздерін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

1. Еліміздегі әлеуметтік –экономикалық өзгерістерге байланысты экономикалық білімге бет бұрыс байқалып отырған кезде, оқушылардың экономикалық ой-өрістерін дамыту.

2. Оқушылардың астрономия негіздері бойынша алған білімдері мен дағдысын есепке алу, құбылыстарды өмірмен байланыстыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнекі құралдар мен жабдықтар: слаидтар, доллар ақша

Сабақ барысы:

Қайырлы күн, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Аукцион» ойынымызға қош келдіңіздер! Алдарыңызда өз білімдерін көрсету үшін 9г сынып оқушыларынан 3 топ қатысқалы отыр. Әр топ жеке бір кәсіпорын. Ендеше сөз кезегін кәсіпорын басшыларына берейік. (Әр топ өздерін таныстырады).

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық!

Аукцион шартымен таныс болыныздар. Бүгін аукционымызда сауда «доллар» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. 3 кәсіпорын аукционға қатысар алдында банктен 30 пайыздық несие алады. Алғашқы капиталы 1000 доллар. Олар ойын соңында банкке 1300 доллар берулері қажет. Кәсіпорын президенті «Несие берілді» деген кітапшаға қол қояды және аукционға қатысушының нөмірін алады. Тек нөмері болған жағдайда ғана сұрақты сатып ала алады. Аукционға астрономиядан сұрақтар сатылымға түседі. Сұраққа бастапқы баға беріледі. Ең жоғарғы баға ұсынған кәсіпорынға сұрақ қойылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны екі еселеніп сол кәсіпорынға беріледі. Ал егер қате жауап айтылса, онда кәсіпорын сұраққа берілген капиталынан айырылады. Аукцион соңында несиеден бөлек капиталы көп болған кәсіпорын жеңіске жетеді.

Ескерту: Егер ойын сонында кәсіпорын банктен алған несиесін қайтара алмаса, кәсіпорын мүлкі тәркіленеді. Бұл несие кітапшасында жазылған.

Ендігі кезекте кәсіпорын президенттері банктен 30 пайыздық несие алады.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов сөздеріне сүйеніп, 1-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Шоқжұлдыздар». Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Қай топ жоғарғы баға береді? ... кәсіпорны берді, ... кәсіпорны екі, ... кәсіпорны үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... доллар қосады.

Сұрақ: Із басушы деген сипатқа ие шоқжұлдыз қалай аталады?

(1-минут)

Жауабы: «Альдебаран»

.

2-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Аспан сферасы». Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Сұрақ:Аспан сферасымен қиылысқан кезде пайда болатын үлкен дөңгелек? (1-минут)

Жауабы: Аспан меридианы

3-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Координата жүйесі». Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: Көктемгі және күзгі күн мен түн теңелу нүктелерін атаңдар

(1-минут)

Жауабы:көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі -21 наурыз, күзгі күн мен түн теңелу нүктесі -23 қыркүйек

4-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Өлшем бірлік». Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: 60030І бірлігі қанша сағ қанша мин қа тең?»

Жауабы: 4сағ 2мин (1сағ=150, 1мин=15I)

5-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Сиқырлы қорапша». Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Қорапша ішінде 200 доллар.

Енді, «Білекке сенген заманда ешкімге есе жібермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен ойынымызды ары қарай жалғастырайық.

6-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Уақыт». Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: Тропиктік жыл ұзақтығы (1-минут)

Жауабы: 365,2422 тәул

7-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Заң».. Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Сұрақ: берілген сурет Кеплердің қай заңын көрсетеді? Бұл заң қалай айтылады?

(1-минут)

Жауабы: Кеплердің 2 заңы: планетаның радиус векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандарды сызып шығады.

8-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Формула» Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: Белдеулік уақыт формуласы

Жауабы: Тn=T0+n

9-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Бұрыш». Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Сұрақ: Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына қанша бұрыш жасай орналасқан? (1-минут)

Жауаубы: 23026І

10-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Координата жүйесі». Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: Экваторлық жүйесінің координаталарын ата. (1-минут)

Жауабы: тура шарықтау және еңістік

11-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Координата жүйесі». Бастапқы бағасы: 200 доллар.

Сұрақ: Көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш қалай аталады?

Жауабы: азимут

12-сатылымға түсетін сұрақтың тақырыбы: «Бірлік». Бастапқы бағасы: 100 доллар.

Сұрақ: 1 а.б неге тең?

(1-минут)

Жауабы: 1 а.б.=149 600 000км

Қортындылау: Кәсіпорындардың президенттері банкке несиелеріңізді қайтарып, капиталымызда қанша қалғанын есептеңіздер.

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зеленскийдің сөзімен сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар. Амандықта жүздескенше!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі