Астық тұқымдастар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астық тұқымдастар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000 - ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Астық тұқымдастар.

Мақсаты:Астық тұқымдастарына тән жалпы құрылыс ерекшеліктері мен олардың жеке өкілдерінің экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын талдау.

Оқу нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы нұсқаулық картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізуге ,қорытындылай білуге үйрету.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:топпен жұмыс , жеке жұмыс,Блум таксономиясы.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.

*Әдеттегідей оқушылармен амандасу,

*Кезекшілер арқылы оқушыларды түгендеу,

*Оқушылардың көңіл- күйіне назар аударып, Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,сабаққа назарларын аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Сөйлемдерді толықтыр әдісі.

1). Пияз туыстастар............................................. класына жатады.

2). Пияз туыстастарға......................................... жатады.

3). Жемісі.............................................................................................

4) Пияз туыстас өсімдіктер..................... деп аталатын түрі өзгерген өркендер түзеді.

5) Бұл өсімдіктерде ерекше ұшпа заттар............................................................. болады.

6). Тамыр жүйесі.................................................................................................................

Миға шабуыл” әдісі

1. Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?

2. Бұлардың тұқымдары қалай таралады?

3. Пияз тұқымдастарының маңызы?

4. Басты пияздың пияз тұқымдастарына жатқызылуының қандай себебі бар?

5. Фитонцид деген не? Ол қандай өсімдіктер құрамына кіреді?

6. Інжугүлдің ерекшелігі туралы нені айтуға болды?

II. Жаңа сабақ.

Оқушыларды екі топқа бөліп алдым.

ТShape2 Shape1 оп атаулары



Шығанақ Берсиев Ыбырай Жақаев

Сабақ жоспар

  1. Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама

  2. Астық тұқымдастардың түрлері.

  3. Астық тұқымдастардың шаруашылықта ғы маңызы.

Жаңа сабақты меңгерту.

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000 - ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3 - еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал - азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады.


Сергіту сәті.

Логикалық есептер.

Топ көгершін биік ағашқа ұшып келді. Оның бір бөлігі ағаш бұтақтарына қонса, екінші бір бөлігі жерге қонды. Бұтақтағы көгершіндер жердегілерге: «Егерде сендердің біреуің бізге қосылсаң сендер барлығымыздан үш есе аз болар едіңдер, ал біздің біреуіміз сіздерге қосылсақ, онда біздер мен сіздер теңесер едік», -деді. Бұтақта неше көгершін, жерде неше көгершін?

Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады ?

Сізді аю қуып келеді және жетуге аз – ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май мен бір бөшке бал кездесті. Қайсысына тығыласыз ?

Ғажайып ұяшықтар әдісін қолданып сабақты бекіттім.

1.Астық тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады?

2.Астық тұқымдастардың басқа өсімдіктерден қандай ерекшеліктері бар?

3. Ыбырай Жақаев кім?

4. Күріш қандай өсімдік?

Үйге тапсырма:оқушылaрдың өз бeтiншe iздeну жұмыcтaрын дaмытып, қоcымшa aқпaрaтпeн жұмыc жacaй aлуғa үйрeту үшiн

«ACТЫҚ ТҰҚЫМДACТAРДЫҢ МAҢЫЗЫ» тaқырыбынa ой толғaу жaзу,

шaғын жобa дaйындaу.

РЕФЛЕКСИЯ (бағалау).

Балалар, бүгінгі сабақты меңгеруде қандай қиындықтар туындады?

Туындаған қиыншылықтарды жеңуде атқарған іс-әрекетіңіз?

Алдағы уақытта нені үйренгіңіз келеді?

Үй жұмысы § 32-33, қайталау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі