400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Астық тұқымдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Астық тұқымдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: биология

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 10.03.2017ж

Сынып: 6 «А,Ә»

Мектеп: «Н. Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Г. Мырзалиева

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Астық тұқымдасы №29 зертханалық жұмыс Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлдері, гүлшоғырлары мен жемісінің құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Астық тұқымдасының жалпы белгілері, құрылысының ерекшелігі, көбеюі туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру. №29 зертханалық жұмыс Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлдері, гүлшоғырлары мен жемісінің құрылысын зерттеуге бағыт беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Астық тұқымдасының түрлерін біледі.

Көптеген оқушылар:

Астық тұқымдасының жалпы белгілерін, құрылысының ерекшелігін, көбеюін талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады. Басқа оқушыларға үйретіп қолдау жасайды

Жетістік критерийлері

Астық тұқымдасының адам өміріндегі маңызын біледі, күнделікті өмірмен ұштастырады.

Астық тұқымдасының жалпы белгілері, құрылысының ерекшелігі, көбеюі жайлы мәлімет алады, нанның дастарханға қалай келетіндігі жайлы мағлұматтар алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: бидай, қарабидай, атқонақ,жұмсақ бидай, арпа, сұлы, жүгері,тары…..…..

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Астық тұқымдасының жалпы белгілері, құрылысының ерекшелігі, көбеюі, нанның дастарханға қалай келетіндігі жайлы мағлұматтар беру

Құндылықтарды дарыту




«Мәңгілік ел» Оқушылар еліміздің басты байлығының бірі – астық тұқымдастарды зерттеп, адам өміріндегі маңызын біледі

Пәнаралық байланыстар

География, математика

АКТ қолдану дағдылары

Астық тұқымдасының жалпы белгілері, құрылысының ерекшелігі, көбеюі және адам өміріндегі мәні туралы бейне ролик көрсету, интернеттен мәлімет алу.

Бастапқы білім


Пияздар тұқымдасы жайлы түсінігі қалыптасқан, мәліметтер айта алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді «Бидай», «Арпа», «Жүгері» (2 мин)

1 тапсырма: Үй тапсырмасын пысықтау. Сызықты диктант «иә», «жоқ»

1.Пияздар тұқымдасы – даражарнақты өсімдіктер «иә»

2.Гүлдері - ірі «жоқ»

3.Жемісі - қауашақ «иә»

4. Жапырақтары қауырсын тәрізді «жоқ»

5. Пиязшықтың сыртын құрғақ, сары қабық қаптайды «иә»

6. Ұрығы төрт қырлы, тегіс болады «жоқ»

7.Ұрықтың түсі ақ түсті «жоқ»

8.Болашақ пиязшықтар бүршіктерден өсіп дамиды «иә»

9.Пияз бен сарымсақта ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады «иә»

10.Сарымсақ – пияз туысты, көпжылдық өсімдік «иә»

(8 мин)

Әрбір дұрыс сұраққа 1 ұпай

Үй тапсырмасы бойынша өздерін тексеріп шығады

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ (10 мин)

Жаңа тақырып «Миға шабуыл» Балалар астық тұқымдастар туралы не айтуға болады? Сипаттама беріп көрейік!

Ас атасы – нан дегенді қалай түсінесіңдер?

Астық тұқымдастардың адам өмірінде қандай пайдасы бар?

Астық тұқымдастар туралы электронды оқулық арқылы мағлұмат алады.

Сабақ мақсатын тұжырымдау үшін сұрақтар қойылады. «Бүгінгі сабақта қандай мақсатпен жұмыс жасайсыңдар?», «Бүгін біз не үйренуіміз керек?», «Нені орындай алуымыз керек?» мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын тұжырымдау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - астық тұқымдасының жалпы белгілері, құрылысының ерекшелігі, көбеюі туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру

Олай болса, астық тұқымдастардың ерекшеліктерін еске түсірейік.

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

«Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер».
Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 418түрі өседі. Астық тұқымдастың көпшілігі шөптекті. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Астық тұқымдас өсімдігінің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі. Сабаққа кезектесіп орналасады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ, олар жинақталып күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, күрделі масақ, сабақ, шашақ.
Бидай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Ол сабан сабақтарынан түптенеді. Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ. Бидай өзін – өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек. Отаны - Иран.
Күріш - биіктігі 50 - 150 см.-ге дейін жететін біржылдық өсімдік. Сабағы түптеніп өседі. Гүлшоғыры - ұзындығы 10 - 40 см. көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады.
Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90 - 165 күнге созылады. Тұқымы +10 - 12 0с - да өсе бастайды. Сәл суық түссе өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш суда өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қондырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі.
Дүниежүзілік диханшылықта әр гектардан 24 ц күріш алған Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев Дүниежүзілік рекорд жасады. Күріштен мол өнім алған атақты күрішші Ы. Жақаев Екі мәрте Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері әр гектардан 174Ц. күріш алған.
Жүгері - жүгері өте ертеден егіліп келеді. Отаны - Оңтүстік Америка. Жүгері бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. дара жынысты, ір үйлі өсімдік. Жүгері 12 - 14 – С - та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. 
Тары - біржылдық азықтық өсімдік. Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүл – қос жынысты – қос жынысты. Өздігінен тозаңданады. Отаны - Қытай. Тары жармалық дақыл ретінде өсіріледі Ш. Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165 - 175 Ц. дейін түсім жинаған
2-тапсырма: Топпен жұмыс жасаймыз (10 минут)


1-топ: Астық тұқымдастардың жалпы белгілері


2-топ: Астық тұқымдастардың құрылысының ерекшелігі


3-топ: Астық тұқымдастардың көбеюі


1.Түйінді идея – 5 ұпай

2.Тақырыптың ашылуы – 5 ұпай

3. Тақырыпқа мысал келтіру - 5 ұпай

12-13 ұпайдан жоғары «5» баға

8-11 ұпай «4» баға

4-7 ұпай «3» баға

3- тен кіші ұпай «2» баға



3-тапсырма: (10 минут) №29 зертханалық жұмыс Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлдері, гүлшоғырлары мен жемісінің құрылысын зерттеуге бағыт беру және дәптермен жұмыс жүргізуге нұсқау беремін

4-тапсырма: Бекіту сұрағы. (5 минут)

1.Астық тұқымдастар қандай класқа жатқызылады /даражарнақтылар/

2. Буын аралығының іші қуыс, буындары ұлпалармен толтырылған сабақ не деп аталады /сабан/

3. Астық тұқымдастардың жемісінің атауы /дән/

4.Қолданылуы жағынан бидайдан кейінгі екінші орынды алады /күріш/

5. Дүниежүзілік рекорд жасаған крішші кім? /Ы. Жақаев/

6. Әйгілі тары өсіруші болған,тарының әр гектарынан 165 - 175 ц. дейін түсім жинаған / Шығанақ Берсиев /



Оқушылар астық тұқымдастар туралы өз ойларын айтады



Электронды оқулық,





Тақта, бор













































































Оқулық, плакат



Кластың негізгі ерекшеліктерін кластер арқылы түсіндіреді

Тапсырмаларды орындайды


















Зертханалық жұмыс дәптері, астық тұқымдастардың кеппешөптері, суреттері, ұлғайтқыш құралдар





















Тапсырмаларды орындайды

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Астық тұқымдасы

«Ас атасы - нан» тақырыбында эссе жазу

(2 мин)

Кері байланыс (2 мин)

1) Мен мынаны білдім..........................

2) Маған қызық болғаны......................

3 ) Мен мына нәрсені білгім келеді ....................

Астық тұқымдастар туралы мәліметтер жинақтау

Оқушы бағасын күнделіктеріне түсіру

Бағалау: Жоғарыда көрсетілген критерийлер арқылы бағалау (5 мин)

Бағаларын күнделіктеріне қойғызып, үй тапсырмасын алады

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


А.Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады.

В. Астық тұқымдасының жалпы белгілерін, құрылысының ерекшелігін, көбеюін талдай алады.

С. Астық тұқымдасының түрлерін біледі.


Тапсырмаларға критерий

1.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай

2.Мағынасын толық түсіндіргенге 2 ұпай


Денсаулықты сақтау мақсатында балықтан дайындаған тағамдарды кем дегенде аптасына бір күн пайлалануға кеңес беру

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардың барлығыОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
















Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?










Тексерілді:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі