«Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Білім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету; 2. Рефлексивті механизмді белсендіру; Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларымызға зиянкестік жасамай ғана ашу-ызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырбы: «Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?»

Сыныптар 10 «А,Ә,Б,В,Д»

Мақсаты: 1. Білім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;

2. Рефлексивті механизмді белсендіру;

Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларымызға зиянкестік жасамай ғана ашу-ызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасаймыз.

  1. «Көрме» жаттығуы

Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.

Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.

Осы көрмеде жүріп, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кез-келгенінен өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет. Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.

Сезімдеріңе бой алдырған сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса.

Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді аш.

Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңілболды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт.

Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Сезімің бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесің?»

Талдау:

Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?

Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе?

Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?


  1. «Бәтеңкедегі тас» ойыны

Мақсаты: жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу

Біз ашуланып, ренжи бастағанда сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды ауыртады, өзіңді нашар сезінесің. Сондықтан да ересек адам немесе бала болсын, өз проблемаларын сезген сәтте оны бірден айтып үйрену қажет. Саған кедергі болып тұрған нәрсені мұқият ойланып, дәл қазір айтуға тырыс, әрине іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көр: «Менің бәтеңкемде кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп тұрғанда, Айсұлудың күлгені маған ұнамайды... ».


  1. «Мазақтау» ойыны

Бір-біріне ренжіген уақытта неше түрлі ауыр, реніш сөздерін айтасыңдар.

Ал ренжітпейтін сөздер айтып ұрсыстыңдар ма? Қане, осылай айтысып көрейік.

Бұл сөздер, мысалы, жеміс жидек, ыдыс аяқ атаулары болуы мүмкін - «Сен болсаң – сәбізсің» және т.б. Балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір-біріне жылы сөздер айтады. «Сен–менің күнімсің» және т.б.


  1. «Сілкін!» сергіту ойыны

Үсті су болған иттің сілкінгенің көрген боларсыңдар?!. Әрқайсысың

қастарына кең орын болатындай тұрыңдар. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңды да сілкі. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сендерден де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселердің ұшып кететінін елестетіңдер.


  1. Сабақтың рефлекциясы

Менің бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...


Жаттығулардың аяқталуы. Шеңбер бойынша қол алысуы.

Сабақтың қорытындысы.



Педагог-психолог : Б.Бектурсынова


























Тренинг тақырыбы: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»


Сыныптар: 11 «А, Ә, Б, В, Д»

Мақсаты: Оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға дағдыландыру

Күйзелсістен арылу жолдары:

Не нәрсе болса да қарапайым көзбен, байсалдылықпен қарау!

Бар жан-тәніңмен күл және сенің осы өмірге келгеніңе, сенің бар екендігіңе, кім болғаныңа, өміріңде бар нәрсеге, жарық дүниенің бар екендігіне ризашылығыңды білдір.

  1. «Күлімдеу» жаттығуы

Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады. Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз, басыңды паңдана, тәкәппарлықпен жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулелі күлімде, қастарыңды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұр.

Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңнің бұлшық еттеріне ықпал ете, сен өз жан дүниеңнің күйіне тікелей әсер етесің.

Ұйқыдан соң сенің бейсанаң ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді

таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша көңіл –күйде боласың!

  1. «Мұңымды тарқатамын» жаттығуы

Үш ақ парақ, акварель бояуын және қылқаламды алыңыз.

Қылқаламды қара бояуға батырып алып, бірінші параққа қылқаламды сілкіп, бірнеше қара тамшы жасаңыз. Осы дақтардан қандай да бір кескінді көруге тырыс. Ол үшін оларды бір-бірімен біріктіріп, кішкене жөнге келтір. Мүмкін бұл бір қара жапырақтар, қара құстар болар...

Сенің түйсігің саған дұрыс шешім қабылдауға өзі-ақ көмектеседі. Содан соң екінші парақты алып, сол сияқты, тек ақ бояумен бояңыз. Дақтарды бірге қосып сызғанда не нәрсеге ұқсас екендігіне мұқият қараңыз.

Үшінші параққа дәл осы сияқты жасаңыз, тек бояулардың басқа қызыл,

жасыл, сары түстерін алыңыз.

Соңғы суретіңе 10 минуттай қара. Кенеттен сенде бір күш пайда болғанын

сезінесің. Басыңда қандай жағдай болса да, осы сәтте қуана алатыныңды

түсінесің! Осы жаттығулардан ашық бояулардың сенің жан дүниеңді өзгерте алатынын түсінесің.

  1. «Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

Ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңды шатасқан жіп күйінде сурет

етіп сал. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жаз. Немесе оны нақтырақ атауыңа болады. Кескіннің сол жағына төменірек өзіңнің суретіңді (фото болса тіпті жақсы) бейнеле де есіміңді жаз. Содан соң қайшы ал да жіпті, яғни проблемаңды қиып таста. Сенің нақты көзің жетті: проблема жойылып кетті. Қайшының жүзі арқылы бір сәтте оны қиып тастадың. Дәлірек айтқанда, осы іс-әрекет туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатынына көзіңді жеткізеді.





«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицей»

Кмм 9-11сыныптар

арасында жүргізілген «Өскелең

ұрпақ арасындағы суицидтік

мінез-құлықтың алдын алу»

тақырыбында әңгіме кеңесінің


Хаттамасы №1



Қатысқан бала саны-109


1.9-11 сыныптар арасындағы мінез-құлықты анықтау.

2.Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу барысында.


Бірінші болып сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кенжебаева жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарын анықтауын және суицидтің алдын алу шараларын уақтылы өтуі туралы айтып өтті.Әр айдағы тапсырылған нәтижелеріне тоқталып өтті.Тәрбие - баршаның іс.Осы сөзге сүйенсек жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді -дана халқымыз.Сынып жетекшілер мен ата-аналар арасындағы процес қарқынды жүзеге асса келеңсіз жағдайлардың алдын аламыз деген ойдамын.


2-ші мәселе бойынша мектеп психологы К.Сажикова сөзге шығып,суицидтік мінез құлықтың алдын алу жөнінде жасаған сараптама баяндамасын талқылады.Әрбір жеке тұлға мінез құлқында ауытқу болса,суицидтік әрекетке баратыны белгілі,сол үшін тек қана алға ұмтылу,болашағына зор үмітпен қарау,ата-анасын ойласа мұндай әрекетке бармайтыны психологияда дәлелденген.Алдын алу шара бойынша педагогика-психорлогиялық процесс,сынып жетекшімен ата-аналар арасындағы процесс,оқушылармен педагог арасындағы процесс жүзеге асырылуы тиіс.


Қаулы:

1.Оқушыладың мінез-құлқын анықтау арқылы психологиялық жұмыстар күшейтілсін.

2.Оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары уақтылы қадағалансын




Хаттама 20.09.2023ж




Мектеп психологы: Б.Бектурсынова














«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицей»

Кмм мектебінің 8-11сыныптар

арасында жүргізілген « Жас өспірімдердің

құқық бұзушылығының алдын алу»

тақырыбында әңгіме кеңесінің


Қатысқан бала саны-109


Хаттамасы №3



1.8-11 сыныптар арасындағы мінез-құлықты анықтау.

2. «Жас өспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу»барысында.


Бірінші болып сөз алған мектеп инспекторы Қ.Тұрсыналиев жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу шаралары үнемі өту керек екенін атап өтті.Әр айдағы нәтижелеріне тоқталып өтті.Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды,өзекті мәселе болып отыр,отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту,мектептегі сәтсіздік,келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді.Осы себептердің нәтижесінде бала:ұрлық жасауға,азарттық,компьютерлік ойындарға қызығуы,сабақтан қашуы,темекі шегуі,ішкілікке бой алдыруы,топтық төбелестерді ұйымдастырудың соңы қылмыстық әрекеттерге әкеліп соғады.


2-ші мәселе бойынша мектеп психологы К.Сажикова сөзге шығып,құқық бұзушылығының алдын алу жөнінде жасаған сараптама баяндамасын талқылады.Әрбір оқушы өзінің алға алға қойған мақсатына,арманына,болашағына ұмтылу осы тәрбиеге байланысты. «Тәрбие -отбасынан басталады » дейді дана халқымыз.Жеткіншек кезең-адамның қалыыптасуындағы ең күрделі кезең.Әсіресе,осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады.Ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы бала қай жерде жүріп -тұрғанын,немен айналысатының,қандай топтарда,орталарда болатынын анықтау арқылы «құқық бұзушылығының алдын алумен»девиантты баланы түзетуге мүмкіндік бар.




Қаулы:

1.Сынып жетекшімен ата-ана арасындағы байланыс күшейтілсін.

2.Құқық бузушылықтың алдын алу шаралары күшейтілсін.



Мектеп психологы: Б.Бектурсынова

С.Стамқұл





«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицей»

Кмм мектебінің 8-11сыныптар

арасында жүргізілген «Өмірлік мәселе басты себеп емес» тақырыбында әңгіме кеңесінің


Хаттамасы №1

Қатысқан бала саны:103


1.8-11 сыныптар арасындағы өмірге деген көз қарасы.

2. Өмірлік мәселе басты себеп емес барысында



Бірінші болып сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кенжебаева жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарын анықтауын және суицидтің алдын алу шараларын уақтылы өтуі туралы айтып өтті.Әр айдағы тапсырылған нәтижелеріне тоқталып өтті.Тәрбие - баршаның ісі.Осы сөзге сүйенсек жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді -дана халқымыз.Өмірге деген құштарлықты ояту,өмірге деген сенімін,махабатын ояту.

Екінші мәселе бойынша мектеп психологы К.Сажикова сөзге шығып,суицидтік мінез құлықтың алдын алу жөнінде жасаған сараптама баяндамасын талқылады.Әрбір жеке тұлға мінез құлқында ауытқу болса,суицидтік әрекетке баратыны белгілі,сол үшін тек қана алға ұмтылу,болашағына зор үмітпен қарау,ата-анасын ойласа мұндай әрекетке бармайтыны психологияда дәлелденген.Мамандар өлуге құмарту – психикасының проблемасы екендігін айтады.Сондықтан әрдайым жақындарыңмен бірге болып,бір-бірін бағалап,әрдайым жақындарыңмен бірге болып,бір-бірін бағалап,әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу қажет дейді психолог мамандар.

Алдын алу шара бойынша педагогика-психорлогиялық процесс,сынып жетекшімен ата-аналар арасындағы процесс,оқушылармен педагог арасындағы процесс жүзеге асырылуы тиіс.


Қаулы:

1.Оқушыладың мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды анықтау.

2.Оқушылардың өмірге деген көз қарасын анықтау






Мектеп психологы: Б.Бектурсынова

С.Стамқұл












«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицей»

Кмм мектебінің 8-11сыныптар

арасында жүргізілген «Қазіргі кезде суицидтің себептері» тақырыбында әңгіме кеңесінің


Хаттамасы

Қатысқан бала саны:98


1.8-11 сыныптар арасындағы мінез-құлқындағы ауытқуды анықтау.

2. Қазіргі кездегі суицидтің себептері




Бірінші болып сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кенжебаева жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарын анықтауын және суицидтің алдын алу шараларын уақтылы өтуі туралы айтып өтті.Әр айдағы тапсырылған нәтижелеріне тоқталып өтті.Тәрбие - баршаның іс.Осы сөзге сүйенсек жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді -дана халқымыз.Сынып жетекшілер мен ата-аналар арасындағы процес қарқынды жүзеге асса келеңсіз жағдайлардың алдын аламыз деген ойдамын.


Екінші мәселе бойынша мектеп психологы К.Сажикова сөзге шығып,суицидтік мінез құлықтың алдын алу жөнінде жасаған сараптама баяндамасын талқылады.Әрбір жеке тұлға мінез құлқында ауытқу болса,суицидтік әрекетке баратыны белгілі,сол үшін тек қана алға ұмтылу,болашағына зор үмітпен қарау,ата-анасын ойласа мұндай әрекетке бармайтыны психологияда дәлелденген.Алдын алу шара бойынша педагогика-психорлогиялық процесс,сынып жетекшімен ата-аналар арасындағы процесс,оқушылармен педагог арасындағы процесс жүзеге асырылуы тиіс.


Қаулы:

1.Оқушыладың мінез-құлқын анықтау арқылы психологиялық жұмыстар күшейтілсін.

2.Оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары уақтылы қадағалансын





Мектеп психологы: Б.Бектурсынова

С.Стамқұл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі