"Ашуды басқару-агрессиядан арылу жолы ретінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ашуды басқару-агрессиядан арылу жолы ретінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ашуды басқару-агрессиядан арылу жолы ретінде" деп аталатын тренинг ойыны. Барлық сынып оқушыларына қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО білім басқармасы Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің

«А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебі» КММ

















«Ашуды басқару-агрессиядан арылу жолы ретінде»

/психологиялық тренинг/






Өткізген: М.Шалғынбаева











2024-2025 оқу жылы

Тренинг атауы: «Ашу-ызаны басқару-агрессиядан арылу жолы ретінде»

Мақсаты: оқушыларға ашу мен күйзелісті қауіпсіз және тиімді түрде басқару дағдыларын үйрету, өз эмоцияяларын түсініп, оларды конструктивті түрде білдіруге көмектесу.

«Бәтеңкедегі тас» жаттығу 

Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.

Жүргізуші: 

-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын. Қазір сендер аяқ киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер. Тағы да үздіксіз жүре береміз.

Талдау: Не сезіндіңдер?

Сендерге не кедергі болды. Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады. Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.

«Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.

Жүргізуші:
- Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші. Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.

Талдау: 
-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?

-Жағымды әсер алдыңдар ма?

Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады. Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар.

Ренжімеу туралы...

«Дананың кеңесі» атты мысал

Бір адам данаға жұрт алдында тіл тигізе бастайды:

-сен Құдайсызсың! Сен маскүнемсің! Ұрысың!

Бұған дана тек жымиып қана қояды. Бұл көріністі тамашалап тұрған жібек шалбар киген жас жігіт данадан сұрайды:

-Сен мұндай қорлауға қалай төзесің? Саған ренжітпей ме?

Дана тағы да жымиып:

-Менің соңымнан ер,-дейді.

Жігіт оны шаң басқан қоймаға еріп барады. Дана шам жағып, сандықты ақтара бастайды. Сол жерден әбден ескірген, жыртық шапанды тауып, оны жігітке лақтырып:

-Кигеніңе лайықтысы осы,-дейді.

Жігіт шапанды ұстап, қарап шығып, ашуланып:

Жоқ! Мен әдемі киінгенмін, ал сен есіңнен адасқансың!-деп, шапанды қайтадан лақтырып жіберді.

Сонда дана былай дейді:

-Көрдің бе, сен бұл ескі-құсқыны кимек түгілі қолыңа да ұстағың келмеді. Дәл сол сияқты мен де ана адамның маған айтқан жаман сөздерін «кигім» келмеді. Ренжу-бұл саған лақтырылған жыртық киімді киюмен тең.

Талқылау: Бұл мысал не туралы? Ол нені үйретеді.

Әр аптаға арналған мотивациялық сөздер

1-апта: «Үлкен жетістік – кішкентай қадамдардан басталады.»

2-апта: «Бүгінгі еңбегің – ертеңгі жеңісің.»

3-апта: «Қиындық – бұл жаңа мүмкіндіктің есігі.»

4-апта: «Арманда, әрекет ет, алға ұмтыл!»

5-апта: «Кешегі қателік – бүгінгі сабақ.»

6-апта: «Ең үздік уақыт – дәл қазір!»

7-апта: «Бастаудан қорықпа, берілуден қорық!»

8-апта: «Тек алға! Сенің мақсатың сенен бір қадам ғана алда.»

9-апта: «Талпынысың тағдырыңды өзгертеді.»

10-апта: «Бүгінгі қиындық – ертеңгі табыстың негізі.»

11-апта: «Өз күшіңе сен – сенің мүмкіндігің шексіз!»

12-апта: «Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді.»

13-апта: «Мүмкін емес нәрсе – тек сенің ойыңда ғана.»

14-апта: «Жеңіс – табандылықты талап етеді.»

15-апта: «Арманың үшін еңбектенуден жалықпа!»

16-апта: «Бір күндік табыс емес, өмірлік жеңіс маңызды.»

17-апта: «Өзіңе сен, мүмкіндіктер шексіз!»

18-апта: «Әр күн – жаңа мүмкіндік.»

19-апта: «Жеңістің кілті – ешқашан берілмеу.»

20-апта: «Еңбек түбі – береке.»

21-апта: «Сенің күшің – сенің сеніміңде.»

22-апта: «Әрекет ет, нәтиже күт!»

23-апта: «Басты қарсылас – өзіңнің күдігің.»

24-апта: «Кемшіліктерден сабақ ал, жетістіктерден мотивация ал.»

25-апта: «Ұлы жетістіктер кішкентай қадамдардан тұрады.»

26-апта: «Кеш емес! Бәрін өзгерту – сенің қолыңда.»

27-апта: «Мақсатың анық болса, жол табылады.»

28-апта: «Тек әрекет қана нәтиже береді.»

29-апта: «Үлкен жеңістер – табандылықтан басталады.»

30-апта: «Бүгінгі күш-жігерің – ертеңгі табысың.»

31-апта: «Талпыныстан тоқтама!»

32-апта: «Арманың – сенің бағытың.»

33-апта: «Күдікке жол жоқ, тек алға!»

34-апта: «Тек қана жеңіс!»

35-апта: *«Әр күнді өз мақсатыңа бір

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі