Материалдар / "Асығың алшысынан түссін"

"Асығың алшысынан түссін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған ашық іс -әрекет арқылы балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын ояту ,қол моторикасын дамыту
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Асығың алшысынан түссін»

Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмтылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен сандарды санап үйрету. Сонымен қатар түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, санамақ.

Ресурстар: Боялған және боялмаған асықтар, асықтан жасалған есепшот, гипс сұйықтығын пайдаланып, асық формасын жасау. Нейро әдісін қолданып, белгілі бағытқа жету.

(Қыздар домбырамен билеп шеңберге тұрады

Ұлдар қамшымен билеп шеңберге тұрады)


Санжар: Атпен шауып келіп, бүгін «Жұлдыз» тобына көкпар салымын салдым, бүгін «Жұлдыз» тобында той.

Әже К. Айша: Олай болса көкпар салымын бізге салған екен, ас пісіріп әкелейік.

Слайд: «Көкпар» туралы

Ж.Айша: Көкпарға қой немесе ешкі ұсынылады. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды, басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды.

Ж.Айша: Балалар асық дегеніміз не?

Амира: Біздің үйде асық бар, әжем оны қойдың аяғынан алдым дейді.

Әже К.Айша: (Асықты жілікті салып, алып келеді) немережан бата сұрай ғой атаңнан

Немере. Нұриман:Ата, батаңызды беріңіз!

(Алақандарын жаяды)

. Асқа бата!

Санжар: Бата бердім бақ тіледім,

Ақ дастархан басына

Я, құдайым шын тіледім

Келсін деп менің қасыма

Көңілің көлдей болып,

Көргенің түстей болып

Қыдыр қонсын басыңа

Аумин!

(Барлығы бірге аумин деп бетін сипайды)

Санжар: Не деген керемет дәмі, мынау асықты жілік екен, асығын көріңдер, әжелеріңе беріңдер, тазалап қоржындағы асыққа қоссын. Көрдіңдерме балалар асық қойдың жілігінен алынады. Мен сендерге осы асықпен қалай ойнау керек екенін айтамын. Асықпен үйде де, далада да ойнауға болады.

Мысалы: Қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің ойыны алшысынан түссе сол бірінші атады.

Ж.Айша: Асық түрлеріне қарай сақа, кеней болып бөлінеді екен. Сақаға ірі үлкен қошқар ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген қой, ешкі, киік, қозы, лақ

асықтарының жалпы аты.

(Шеңберде отырып, сұрақтарға жауап береді)



Сұрақ- жауап :

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап: Қазір жылдың көктем мезгілі

  1. Көктем айларын атаңыздар?

Жауап: Наурыз,сәуір,мамыр.

  1. Көкпарға қандай мал таңдалады?

Жауап: Қой немесе ешкі ұсынылады.

  • Басқа малдың терісіне қарағанда семіз серке терісі жыртылмайды, сол үшін серке таңдалады.



  1. Асық қандай төрт түліктен алынады?

Жауап: Қошқар, ісек, қой, ешкі, киік, қозы, лақ.

  1. Ұлттық асық ойындарының қандай түрлерін білесіңдер?

Жауап: Асық ату, бәйге, Ханталаппай.



  1. Сақа деп қандай асықты айтамыз?

Жауап: Сақа асық салмақты, ірі қошқарлардың асығы

  1. Асық атауларын білесіңдер ме?

Жауап: Бүк, шік, алшы, тәйке, омпа.

(балалар асықты иіріп атауларын айтады)



Жұмбақ

Санжар: Шік түсті , бүк түсті

Алшы тұрды, тәйке тұрды

Омпа тұрды, Шеше алады

Ал кім мұны?

(осы жерде балалар асықты иіріп, асық атауларын айтады)



Жаттау



Асылжан Асылбек

Шиыр кәне асықты, Мына бала қайтеді,

Таңда және қашықты. Тұрғызды ғой тәйкені.

Алшы тұрғыз сақаны, Сірә, өзі ұтқыш-ау,

Қаламаймыз жасықты! Пысық екен, әй, тегі!



Жанайым Аилин

Басу қиын ұтқышты, Саспа, таста балақай,

Мынау сақа бүк түсті. Асық озды қара, қай

Енді қара мынаған, Шиыр енді сақаңды-

Анау сақа ішік түсті. Алшы түсті, Алақай!



Лайла Наурызбай

Асығың түссе алшыдан Асық түссе тәйкеден

Несібе күт аңшыдан Жоғарылар мәртебең

Биік ұшып бүркітің Алдына қара салдырмай,

Құс іледі қаршығаң Атың келер бәйгеден.

Аяна Сағыныш

Асығың түссе бүгінен Асығың түссе шігінен

Көш түзелер жүгімен Қуаныш болар шынымен

Нұрлы ертеңің туралы Жақсы көрер жандарың

Түс көресің түнімен Қарсы алады гүлімен.





Марғұлан

Асығың түссе омпадан

Жасайсың сен оң қадам

Аталарың асықпен

Ертеңді өстіп болжаған.





Мақал- мәтел

Асылым Аңсар

Асығын ата алмаған, Асық ойнаған – ақтық,

Сақасынан көреді. Доп ойнаған – тоқтық.

Сөзін сөйлей алмаған.

Атасынан көреді.



Алан Раяна

Оқығанның асығы, Қой асығы демеңіз ,

алшысынан түседі. Қолыңа жақсы, сақа тұт

Жасы кіші демеңіз,

Ақылы асса , аға тұт



Барлығы:

Оңқай – асықтай,

Күміс – қасықтай.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Ал, балалар алдымызда тұрған асықтарды алып музыка ырғағына ілесіп көрейікші.

(балалар тәрбиешімен бірге орындайды)

Барлығы бірге:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.









(Балалар асықтар арқылы орталықтарға бөлінеді)



1 жұп : «Сыйқырлы әріптер»

Мақсаты: Асықтардан дыбыстың талдау жасату. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату Асықтар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, суретте берілген сиыр, серке, қой, ешкі сөздерін жазады.











2 жұп: «Адасқан сандар»

Мақсыты: 1-5 –ға дейін сандарды салыстыру.

Шарты:1-10 –ға дейін санап,10-1-ге дейін кері санау, сандарды өсу және кему ретімен орналастырып шығу.



3жұп : «Дорбадағы ғажайып сандар»

Мақсаты: Балалардың логиқалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қызығушылықтарын арттыру.

Шарты:Дорбадағы сандарға логикалық есептерді сәйкестендіру.



4 : Үстел үсті: Асықпен шахмат ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлау қаблетін дамыту. Есептеуге, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға, ой өрісін дамыту.

Шарты: Шахмат тақтайшасында ойын шарты арқылы асықпен жүре отырып, қарсыласының асығын жеу арқылы ұпай жинау арқылы жеңіске жету.



5 : Үстел үсті ойыны: «Ұлттық құндылықтар»

Мақсаты: Рухани құндылықтарымызды бағалай білу, ішкі сезімін қалыптастыру.

Шарты: Балалар асықты иіре отырып, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық салт дәстүр, ұлттық бұйымдар, ұлттық аспаптар, ұлттық ойындарды меңгеру барысында жасырын ұяшықтарды ашып тапсырманы орындайды.



6 Ойын. «Көкпар» :

Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу.

Шарты: Текшені лақтырып, қанша сан түссе сонша қадам жүріп,ойын мәресіне бірінші болып жету.



7 : Құрастыру ойыны: «Төрт түлік»

Мақсаты: Балаларды жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге, жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Шарты:Ешкі, қой, қошқар, сиыр бейнелерін асықпен толықтыру.



8 : Ойын «Ханталапай»

Мақсаты:Қазақтың ұлттық ойыны арқылы балаларды ептілікке, тапқырлыққа, дәлдікке, ұстамдылыққа қабілетерін дамытуға ықпал ету.

Шарты: Боялған қызыл асықты кезекпен иіріп, кімнің асығы алшысынан түссе сол ойынды бастайды.Тізілген асықты асықпен дәлдеп атып асық жинайды.Кім көп асық жинаса сол жеңпаз болады.





9 : Ойын: « Бастыру»

Мақсаты: Саусақ жаттығуларын дамыта отырып дәстүрден тыс сурет салуға баулу.

Шарты: Орг стеклоға бастыру әдісі арқылы түрлі түсті бояумен асықтын бейнесін шығару





10: Орталық. «Асық бейнесін гипстен жасау»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қаблеттерін дамыту.

Шарты: Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, гипстен асықтын бейнесін шығаруға болатының бірге жасайды.



Рефлекция:-Бүгінгі іс-әрекет сендерге қызықты болды ма?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жарайсыңдар балалар!Барлығы бірге тақпақ айтады.



Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

















ЖИ арқылы жасау
14 Наурыз 2025
194
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі