400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдалы азык туликтер
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тобы/сыныбы:

0 топ

Білім беру саласы:

Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Қауіпсіз мінез құлық негіздері

Бөлім

0.2.Дұрыс тамақтану

Бөлімше

0.2.2.Дәрумендердің пайдалы қасиеттері

Тақырыбы:

Дәрумендер

Оқу мақсаты:

0.2.2.2.Дәрумендер неде кездесетінін білу.

ҰОҚ мақсаты:

Өздері пайдаланатын азықтардың қайсысында дәрумендер бар екенін, қайсысында жоқ екенін айтады.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс «Қонаққа бару» әдісі. «Ия», «жоқ» ойыны. «Рафт» әдісі.



Ресурстар, дамытушы орта:

Суреттер, сұрақ жауап

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің әрекеті


Сабақтың басталуы

Ширату жаттығуы

5 минут

Психологиялық дайындық

Дәрумендер жаттығуы

Балаларға алма, алмұрт, шие, мандарин деген

аттаулары айтып кетемін.

Алмалар деген кезде алма деген атау алғандар орын ауыстырады. Шиелер дегенде шиелер. Алма , алмұрт, шие, мандарин деген кезде бүкіл сынып орнын ауыстырады.


Сабақтың негізгі бөлігі

17- минут

Балаларға дәрумендер еліне саяхатқа баратынымызды ескертемін.

-Балалар дәрумендер еліне немен барамыз ?

-Дұрыс айтасыңдар жаяу жүрген денсаулыққа өте пайдалы.

Балаларды 1-2 ге санатып екі қатарға тұрғызып сынып бөлмесімен жүргіземін. Екі топ болып отыруға нұсқау беремін.

Топтық жұмыс:

Балалардың алдына сүттің, айранның, әртүрлі чипсылар, кириешкилар, сағыздардың бос қораптары мен түрлі сусындардың бос құтылары, жемістер мен көкөністердің муляждарын тастап, олардың ішінен пайдалы азықтарды бір себетке, пайдасыздарды бір себетке салуға нұсқау беремін.

1-топ «пайдалы дәрумендер» деген себетке пайдалы дәрумені бар заттарды салады.

2- топ «пайдасыз дәрумендер» себетіне дәрумені жоқ заттарды салады.

«Қонаққа бару». Екі топтан екі баяндамашы сайлаймын.Тапсырманы орындап болған топтан баяндамашы шығып келесі топқа баяндайды. Бір топ екінші топқа барып, бүгінгі тақырып бойынша өз түсінгендерін түсіндіріп береді. ( 10 минут)

«Ия», «жоқ» ойыны.

Балаларды қатарға тұрызып қабырғаның бір шетіне «ия», келесі бетіне «жоқ» деген сөзді ілемін. Балаларға пайдалы азықтарды айтқанда «ия» деген жаққа, пайдасыз дәрумендерді айтқанда «жоқ» деген жаққа қарайды. «Жоқ» деген жаққа қарап шатасқан балаларға сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін (3 минут)

Жеке жұмыс: «Рафт» әдісі. Балаларға бір бірден суреттер немесе жемістер мен көкөністрдің муляждарын беремін.

Балалар сол қолындағы азықтың рөліне еніп сөйлейді. «Мысалы: мен сәбізбін, мендегі дәрумендер бойымыздың ұзын болып өсуіне пайдалы... Мен кириешкеимін мен сендердің ағзаларыңа ешқандай витамин бермеймін деген сияқты. (4минут)

Бақылау критерийі:

1.Балалар жемістер мен көкөністердің пайдалы дәрумендер екенін біледі.

2.Фасфуд өнімдерінің пайдасыз зиян екенін біледі.


Рефлексия Бағалау

3 минут

Бүгінгі сабақты түсінгендерің поровоздың бірінші вагонына бес жұлдызды, ал сабаққа сұрақтарың болса екінші вагонға төртбұрыштың суретін жапсырамыз

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі