400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ майлау жүйесі Майлау жүйесі қозғауыштың бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп туру және майлау қызметін аткарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салкындатады және бөлшек беттерін кажалу калдыктарынан тазартады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ





БЕКІТЕМІН

Директордың ОӘЖЖ орынбасары

_________Дюсенгалиева А.М

____ __________20____ж.







Ашық сабақ






Оқытушы: Елемесова А.Е

Пән: Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Мамандық: 1201000 «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Тақырыбы: Майлау жүйесі







Орал-2021

Тақырыбы: Майлау жүйесі

Сабақтың мақсаты:

1.Біліктілік: Майлау жүйесі туралы оқушыларға жалпы мағлұмат беру, олардың құрылысы және жұмысымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеу арқылы майлау жүйесі құрылысы мн жұмысын талдауға үйреу, өз ойларын толық жеткізуді дамтыту.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды кәсіби оқуға тәрбиелеу, ұжыммен жұмыс жасауға үйрету, өз беттерімен талдау жасауға және пәнге деген қызығушылықтарын оятуға тәрбиелеу, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың оқу әдісі: Топпен оқыту, шығармашылықпен зерттеу,

Пәнаралық байланыс: Химия, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және

жөндеу, материалтану, еңбекті қорғау.

Көрнекіліктер және техникалық оқыту құралдары: Плакаттар, макеттер, слайдттар, тірек сызба, автокөлік, тестр, атверка, автокөлікті жөндеу үшін арналған құрал саймандар.

Өндірістік жұмыстарды өтетін оқу объекті: Колледж аймағы, автомеханик және

автоэлектрик гаражы.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, арнайы киімдерін тексеру, құрал жабдықтарын тексеру және сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.


Shape1


Үй тапсырмасын тексеру

Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.

Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір – бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.







Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызыпнемесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.

Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.

Қозғалтқыш бөлшектерін майлау үшін арнайы жоғары сапалы қозғалтқыш майы қолданылады. Іштен жанатын қозғалтқыштарға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуі тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады.

Майлау жүйесі қозғауыштың бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп туру және майлау қызметін аткарады.

Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салкындатады және бөлшек беттерін кажалу калдыктарынан тазартады.

Қозғауыштың жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады.

Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір – бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір – біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.

Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.

Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір – бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.

Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.

Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.

Қозғауыштың бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды.Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни тетіктер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.



Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

№

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, топты түгендеу, техникалық, көрнекілік құралдарды дайындау.

10 мин

2

Білімдерін тексеру





1. Ойын ойнату.

2. Cұрақтарға жазбаша жауап жазу.

1.Салқындату жүйесі дегеніміз не?

2.Салқындату жүйесінің құрылысы қандай?

3.Салқындату жүйесінің жұмыс принципі.

5мин

3

Жаңа тақырыпты баяндау


1. Жаңа тақырыпқа кіріспе жасау, оқушылармен байланыс.

2. Жаңа тықырыпты түсіндіру.

1. Жалпы құрылысы мен әрекет ету әдістері.

2.Қозғалтқыштың майлау жүйесінің құрылысы.

3.Майлау жүйесінің техникалық күтімі және ақаулары.

4.Қозғалтқыштың майлау жүйесінің жұмысы (видеоролик көрсету).

30 мин

4

Оқушылармен танымдық жұмыс жасау

1. «Терминдер сөйлейді» ойын.

2. Ребус шешу.

3. «Жеті жұрттың тілін біл..» ойын.

4. Венн диаграммасын толтыру.

5. Суретпен жұмыс

6. Дұрыс, бұрысын тап!

7. «Тәтті жүрек» ынталандыру ойыны.

30 мин

5

Қорытынды. Бағалау.

Қорытындылап, оқушыларды бағалау.

10 мин

6

Үй тапсырмасы

Ізденістік тапсырмалар беру.

5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, топты түгендеу, техникалық, көрнекілік құралдарды дайындау.

1. Ойын ойнату.

Сергіту сәті ретінде оқушыларға ойын ойнату. Бұл ойын 4-тактылы қозғалтқыштың жұмыс ретіне сәйкес болады.

2. Cұрақтарға жазбаша жауап жазу.

1.Салқындату жүйесі дегеніміз не?

2.Салқындату жүйесінің құрылысы қандай?

3.Салқындату жүйесінің жұмыс принципі.



ІІ. Білімдерін тексеру

III. Жаңа тақырыпты жеткізу

1. Жаңа тақырыпқа кіріпе жасау, оқушылармен байланыс. (Интерактивті тақтада арнайы кесте тұрады. Сол кестенің оң жағын оқушылар жаңа тақырып бойынша бұрыннан өмірде, тәжірибе білетіндерін жазып шығады).

2. Жаңа тықырыпты түсіндіру.

1. Жалпы құрылысы мен әрекет ету әдістері.

2.Қозғалтқыштың майлау жүйесінің құрылысы.

3.Майлау жүйесінің техникалық күтімі және ақаулары.

4.Қозғалтқыштың майлау жүйесінің жұмысы (видеоролик көрсету).

ІV. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңі.

1. «Терминдер сөйлейді» ойын. Хат қағазда бөліктерге бөлінген сөздерден сөйлем құрап шығу керек. Бұл анықтамалар мен негізге алынатын ережелер болып табылады.

2. Ребусты шеш (слайдта бірнеше ребус көрсетілген соны шешу керек).

3. «Жеті жұрттың тілін біл..» ойын. Мұнда арнайы слайдтағы кестеде көрсетілген сөздердің қазақша, орысша, ағылшында аудармасын жазу керек:

  1. Дөңгелек – колесо – Wheel

  2. Көлік – машина - а саr

  3. Жүк көлігі – грузовая машина - truck

  4. Қозғалтқыш – двигатель – еngine

  5. Трактор– трактор – tractor

  6. Рөл– руль – steering wheel


4. Венн диаграммасын толтыру. Жұптық жұмыс болып табылады. «Салқындату» және «Майлау» жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу керек.


Салқындату жүйесі Ұқсастықтары Майлау жүйесі








5. Суретпен жұмыс. «Майлау» жүйесінің құрылысы бойынша суретпен жұмыс. Суретте жасырылған бөлшектердің атауларын табу керек.

6. Дұрыс, бұрысын тап! Тақтада сұрақтар беріледі, сол сұрақтардың жауабы дұрыс болса «жымиып» тұрған, бұрыс болса «ашуланып» тұрған смайликті көрсетеді.

7. «Тәтті жүрек» ойыны. Оқушыларды ынталандыру мақсатында жүрекше стикерге канфеттер жабыстырылып, оған сұрақтар жазылады. Сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар тәттіге ие болады.

V. Сабақ қорытындысы. Бағалау.

Рефлексия. Қысқаша қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма.Үйге тапсырма ретінде «Майлау жүйесі және оның жалпы құрылысы мен жұмысы» тақырыбы бойынша ақпараттарды әркім өз еркімен, шығармашылық (слайд, перезентация, плакаттар дайындау, буклеттер, кесте, схема, реферат) тұрғыда дайындап келеді, өз жұмыстарын қорғайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі