Материалдар / ашык сабак №7 бөбекжай балабақшасы ересектер тобы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашык сабак №7 бөбекжай балабақшасы ересектер тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың математикалық қарапайым ұғымдарын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлім: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: Қызықты математика.

Мақсаты: : Балаларды математика сабағына деген қызығушылықарын арттыру, берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету.Он құрамын анықтау,тура және кері санауды бекіту,геометриялық пішіндер туралы білімдерін және кеңістікті бағдарлау,дағдыларын сонымен қатар апта күндері туралы түсініктерін бекіту.Сабақта өздерін дұрыс ұстап,сұрақтарға жауап беруге тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекілік: жұлдызшалар, қиылған геометриялық пішіндер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі математика сабағымыз ерекше болып өтеді. Сондықтан мен сендерге сәттілік тілеймін.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Бүгін күннің нешінші күні,қалай аталады?Кеше ше? Ертең ше?

Жарайсыңдар,балалар!Енді орнымызға отырайық.

-Балалар,мен бүгін тәнертен топқа келгенде үстел үстінде бір хат жатыр екен,сол хатты күшік сендерге жазыпты: «Сәлеметсіздерме,балалар! Менің ен жақын екі досым маған ренжіп жұр,үйткені мен жыл бойы сабақты дұрыс тындамай көптеген ұғымдарды түсінбей қалдым,көмектесесіндер ме маған өз достарыммен достасуға.Осы тапсырмаларды орындап менің достарым менімен достасады деп ойлаймын.»

-Балалар күшікке көмектесеміз бе?

1. Тапсырма:Сандарды 1ден 4ке дейін тура және кері сана.

2. Тапсырма: Ойын: «Жоғалған сандар» (карточкамен жұмыс)

3. Тапсырма: «Ақ парақты бағдарлау»

1.Жоғарғы он жақ бұрышына қызыл түсті ұшбұрыштарды орналастыр.

2.Төмен он жақ бұрышына қызылсары сопақша орналастыр.

3.Жоғарғы сол жақ бұрышына жасыл түсті шаршы орналастыр.

4.Төмен сол жақ бұрышына күлгін түсті тік төртбұрыш орналастыр.

5.Ортасына көк түсті дөнгелек орналастыр.

Әр пішіндердің қасына сандарды қой.Неше пішін сондай сан қой.

Сергіту сәт:

Орнымыздан тұрайық,

Алақан соғайық,

Онға бір бұрылып,

Солға бір бұрылып.

Бір отырып,бір тұрып.

Тынығып алып,

Орнымызға отырайық.

4. тапсырма: Логикалық есептер шығару.

Сиыр екеу, мүйізі нешеу?       (4)

б)Екі қоянда қанша құлақ бар?   (4)

в) Ағашта екі құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?

г) Екі мысықта неше қүйрық?  (2)

Жұлдызшалар беру, мадақтау.

5. Тапсырма: Уақытты бағдарлау». Жұмбақтар шешу.

Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз. Бұл қай кезде болады?  (Таңертең)

Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,қыдырамыз. Бұл қай кезде болады?       ( Күндіз)

Күн батады қызарып,мамамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады?  (Кеш) Үйлерде шам жанады,дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.Бұл қай кезде болады?    (Түн)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!

Бір жылда неше мезгіл бар?

Бір мезгілде неше ай бар?

Аптада неше күн бар,неше жұмыс күн,неше демалыс күн?

6. Тапсырма: «Көлем» (карточкамен жұмыс)

Қайсы ұзын,қайсы қысқа?

Не биік қайын әлде емен ағашы?

Қай бұтақ жуан,қай жіңішке?

7. Тапсырма: Санамақтар

1. Ал, санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап.

Кәне,кәне санайық,

Санын біліп алайық.

1,2,3,4,5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

2.Мынау,мынау,бас бармақ,

Санамақ содан басталмақ

Мүйіз қалпақ басында,

Төрт серігі қасында.

1,2,3,4,5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу.

3.1-дегенім білім,

2- дегенім елім,

3- дегенім ұшақ,

4- дегенім тұсақ,

5- дегенім бастау,

6- дегенім астау,

7- дегенім желім,

8- дегенім сенім,

9- дегенім оңқа,

Үлкендерден сұра,

Түсіңіксіз сөз болса.

Қоян өз тақпағын айтады,қой өленің айтып береді.

Жарайсындар,балалар күшіктің достары сендерге риза болып қуанып жатыр,енді олар қайтадан күшікпен дос болуға дайын біз көмектестік солайғой?

Қандай тапсырмалар жасадық?

Ал,енді көрейік кім көп жұлдыздар жинады.

Жарайсындар,барлығында жақсы білімдерінді көрсеттіңдер.

Қонақтармен қоштасайық,қош сау болыныздар!

Балалар шеңбер жасап тұрады,сөздерін қайталап жылы сезімдерін білдіреді.

Көктем

Наурыз,сәуір,мамыр

Төртінші кұні бейсенбі.

Сәрсенбі,жұма

Хатқа назар аударып,тындайды.

-Ия

Тапсырмаларды үстел басында орындайды.

Ақ парақта кеңістікті бағдарлап ,сураққа жауап береді.

Балалар,сөздерін айтады, кимылдарын жасайды.

Есептерді орындайды.

Жұмбақты шешіп,суреттерді тақтаға іледі.

Санамақтарды жатқа айтады.

Балалардың жауабы,берілген тапсырмаларды атап шығады.

Қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-10 ға дейінгі сандарды,тура және кері санау. «Қай жерде тұр?» деген сұраққа жауап беру үшін: жоғары, төменде, сол жақта, оң жақта, ортасында деген сөздерді пайдалану ректігін.

игереді: заттың кеңістіктегі орны туралы түсінікті(жоғарыда, төмен, сол жақта, оң жақта, ортасында),уақытты бағдарлау.

меңгереді: қағаз бетінде бағдарлауды (жоғарыда, төменде,сол жақта, оң жақта, ортада) ,пішіндердін түсін ажырата орналастырулы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!