ТІЛ ДАМЫТУ
Білім саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Елордамыз – Астана
Мақсаты: Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік
беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы
түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті
жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке,
қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдістері: Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс,
сұрақ-жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап
атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін!
ІІ. Негізгі бөлім.
Біздің Отанымыз –
Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз –
Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы
20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан
Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының
атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл
өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек
– Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы
ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз:
астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:
- Мынау парламент үйі.
- Мынау бәйтерек.
- Мынау жабық футбол стадионы.
- Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
- Республикалық велотрек.
- Мынау НұрАстана мешіті.
- Мынау Пирамида.
Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы:
- Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту.
Диас:
Астана арман, қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Аяулым:
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала,
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
Әсемай:
Ел намысы – Нұр Аға,
Жер ырысы – қыр дала,
Су шынысы – зер мұнай,
Тау тынысы – гүл лала.
Ақнұр:
Сарыарқа кең дала,
Сенсіз жетім мен бала.
Самұрықтай киелі,
Сен – Бәйтерек, сен – Ана!
Нұрислам:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Дидактикалық ойын.
«Ойлан тап». Шарты: А,с,т,а,н,а мына дыбыстардан
басталатын сөз ойлау..
Мыс: а – алма, ана...
Сергіту сәтін орындау.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сұрақ-жауап.
Қорыту.
Мадақтау.
|