400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашык сабак 9мамыр

Материал туралы қысқаша түсінік
9мамыр жайында мағұлмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Балбөбек» шағын - орталығы



Тақырыптық сағат

«Ер есімі –ел есінде»
















Тәрбиеші: Садуова М.Б









2023 ж

Тақырыбы: «Ер есімі –ел есінде» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Сөз балабақша әдіскеріне беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Хор: «Ән ұран»
Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.

1-бала:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
-Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн?-деп.
2-бала:
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
Дұрыс, — десті, — сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де —
Жеңіс күні, шырағым!
3-бала:
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.
4-бала:
Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Ән: «Ағайынбіз бәріміз»
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.
Мақал мәтелдер

Амира:

Отан – отбасынан басталады.

Қайрат:

Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.

Қасымхан:

Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.

Аймерей:

Отан – оттан да ыстық.

Жансай:

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Айнаш:

Отансыздың оты жанбайды.

Бағым:

Отан үшін отқа түс – күймейсің,

Арын үшін алыссаң – өлмейсің.

Жеңем деген ел сөзі!
Түрды ажалдан жоғары.
Өмір,адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ
Тұрды ажалдан жоғары,
Өмір нұры жарқырап 

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. «День победы» әні жаймен қойылады Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!
Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.



Осымен «Ер есімі –ел есінде» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рақмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.05.2023
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі