|
Бөлім: |
6-бөлім Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис |
|||||
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
||||||
|
Күні: |
||||||
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Биотехнология- тағам өндірісінде |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдай алады. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолдана алады. |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік - қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану; -тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау. Құндылық: заң және тәртіп -моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану; Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -ақпаратты талдау және бағалау; |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басталуы 7 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
8 минут
5 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау
2.Сергіту сәті «Мимикалық ситуация» жаттығуы
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ой түрткі 1.Биотехнология деген не? 2.Ата-бабаларымыз биотехнология ғылымын білген бе? 3.Биотехнология қай ғылым саласымен байланысты деп ойлайсың? 2- тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңдар. а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер? ә) Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Тыңдалым мәтіні Биотехнология – бұл заман талабы, жаңа заман ғылымы. Биотехнология ғылымын дамыту өндірістік – технологиялық , әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемаларды шешуге жол ашады. Биотехнология ғылымын тірі биологиялық жүйелерді адамның мақсатына сай жаңа технология көмегімен өзгерту арқылы экономикалық құнды заттарды өндірісте пайдалану деп түсінуге болады. Биотехнология ғылымы түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан адам баласына қажетті ерекшеліктері бар ағзалар мен нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады. Биотехнология іргелі биологиялық білімдерді адамның практикалық қызметінде қолдануға және табиғи қорларымыздың жойылып кетпеуін сақтауға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы болып саналады. Биотехнология ғылыми пән және ол әртүрлі салаларда: ауылшаруашылығында, медицинада, тағам өнеркәсібінде, биоэнергетикада, экологияда, биоэлектроникада, тағы басқа салаларда қолданылады. Қазіргі таңда дүнижүзі бойынша халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің және табиғи байлықтардың азаюы, адамдар арасындағы әртүрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы және т.б. өзекті мәселелерді қазіргі кезде биотехнология ғылымы ұсынған әдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр. Ежелден-ақ ата-бабамыз биотехнологиялық әдістерді шаруашылық жағдайында пайдаланып келгендігі көпке мәлім. Соның ішінде, қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, мал терісін илеуде, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Ендеше, ата-бабаларымыз биотехнология ғылымын білмесе де, өнім алу барысындағы процестерді жетік меңгерген. Демек, қазақ халқы о бастан-ақ бл саладан соншалықты алшақ болмаған. Кейбір оқымысты ғалымдардың пайымдауына қарағанда, биотехнологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен жасалынған тауарлар әлем нарығын жаулап алады. 3-тапсырма Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер. 1) Биотехнология ғылымын дамыту арқылы қандай проблемаларды шешуге болады? 2) Биотехнология қандай салаларда қолданылады? 3) Өзің биотехнолог маманы болсаң, қандай жаңалық ашар едің? 4)Тұрғындардың құрамын, өзгеруін зерттеу не үшін қажет?
Тілдік бағдар Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады: 1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды. 2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды. 3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты. 4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді. 5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
4-тапсырма Тыңдалым мәтіндегі тірек сөздерді мен сөз тіркестерін жазыңдар. Оларды қатыстырып, құрмалас сөйлемдер құраңдар.. Үлгі: Биотехнология ғылымы, заман талабы, биологиялық жүйелер, эконикалық құнды заттар, өндіріс, нәрлі заттар, ағза, пайдалану, өндіріс, қолдану, білім, қоршағанн орта т.б
6-тапсырма Берілген сөздерді қатыстырып, мезгіл бағыныңқылы сөйлем құра. Айтқан соң, барғаннан кейін, ауылға қайтқанда, әнін бастағанша, сабақ басталысымен, тәуелсіздік алғалы, жақсымен сөйлессең т.б Рефлексия.
|
Психологиялық ахуал «Мимикалық ситуация» жаттығуы Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мезгіл бағыныңқы құрмалас сөйлем туралы ғылыми түсінік беріледі. Жасалу жолдарына мысалдар келтіріп түсіндіріледі.
Тыңдалым мәтіндегі тірек сөздерді мен сөз тіркестерін жазады. Оларды қатыстырып, құрмалас сөйлемдер құрайды.
Берілген сөздерді қатыстырып, мезгіл бағыныңқылы сөйлем құрайды. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды – 1 балл; -көремдегіш құралдарды теріп жазады – 1 балл; -автордың қолдану мақсатын түсіндіреді – 1 балл.
Асық арқылы арқылы бағалау
Алшы – (9-10 балл) Тәйке (тауа) – (7-8 балл) Бүге (бүк) – (4-6 балл) Шіге (шік) – (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазады – 1 балл; -тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып құрмалас сөйлем құрастырады – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -сөйлемдер құрастырады – 2 балл; -сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін түрлендіріп қолданады – 2 балл.
. |
Оқулық 9-сынып «Атамұра» баспасы 2019жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 9-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашык сабак. 9сынып.Биотехнология- тағам өндірісінде

шағым қалдыра аласыз