400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашык сабак “Дауыссыз дыбыстар”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мен тәрбиешімін

Қазіргі қоғам үшін әр мамандық маңызды. Дәрігерлер науқас жандардың жарасын емдейді, өмір сыйлайды. Мұғалімдер әр баланың болашағына жол көрсетеді. Журналист елдегі жаңалықтарды жеткізеді. Полиция қызметкерлері елдегі заң мен тәртіпті орнына қояды. Әр мамандықтың елге тигізер пайдасы көп. Бірақ сол мамандықтың барлығы бала болып, тәрбиешінің алдынан өтеді. Болашағына керек мамандықтың бір бөлігін мектеп қабырғасынан алады.

Бәрімізде бала болдық. Әр бала мектеп қабырғасын көргені анық. Мектеп қабырғасының гүлі, балалардың екінші анасындай болып кеткен тәрбиеші деген жанды бәріміз білеріміз анық. Тәрбиеші – бұл баланың қиялын ұштайтын, алғашқы білімге жол ашатын жауапты әрі маңызды маман иесі. Тәрбиешінің атқаратын жұмысы тек бала қараумен шектелмейді. Тәрбиешінің жұмысын бірнеше бағытқа бөліп қарастырсақ болады. Тәрбиеші білім жүйесі жағынан баланың жасына сай әртүрлі математикалық есептеулер үйретеді, жаңа сөздердің дыбысталуына, сөздік қорына жаңа сөздердің қосылуына көмектеседі. Қоршаған ортамен жақыннан танысуға мүмкіндік береді, сурет салдыру арқылы қоршаған ортадағы алғашқы білімдерінің негізін қалайды. Әртүрлі ойын тапсырмалары арқылы баланың ойлау жүйесін кеңейтіп, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші балаларға топта достарымен қалай қарым-қатынас жасау керегін үйретеді. Ойыншықтарды бөлісуге, жанжалсыз шешуге баулиды. Үлкендерлі сыйлауды, өз-өзін ұстауды және алғашқы гигиеналық ережелерді үйретеді. Тәрбиеші балаларға әртүрлі ертегілер мен әңгімелерді айту арқылы балаларға жақсы мен жаманды ажыратып, жақсыға үйір болуды, жаманнан сақтануды үйретеді. Тәрбиешіге әр баланың қауіпсіздігі мен денсаулығы өте маңызды. Әр баланың жақсы көңіл күйде ме әлде көңілсіз бе бәрін бақылап, оның өзін мектепте қауіпсіз жайлы сезінуін қамтамасыз етеді. Әр баланың жетістігі тәрбиеші үшін де жетістік. Балалардың жетістікке жетуі үйіндегі ата-анасымен тәрбиешінің қарым-қатынасының тығыз, жақсы екенін көрсетеді. Баланың дамуына ата-анасы мен тәрбиешінің пікір алмасуы, баланың дағдыларын байқап, баланың үлкен шыңдарды бағындыруына жол ашады.

Менің түсінігімде, тәрбиеші – баланың кішкентай жүрегіне жол тауып, оның алғашқы мектеп қабырғасындағы қадамдарына сенімділік ұялататын тұлға. Баланың қуанышы мен әр жеткен жетістігі ол үшін үлкен марапат, үлкен бақыт. Тәрбиеші тек ертегі айтушы емес, ол жаңа технологияларды меңгерген, шығармашыл, әрі баламен бірге дамитын іздегімпаз тұлға. Нағыз тәрбиеші — өз ісіне шексіз берілген, өте сабырлы әрі мейірімді маман иесі. Әр баланы бір әлем деп қарастыратын, сол әлемнің есігін ашатын алтын кілт тәрбиешінің қолында. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын, себебі ертенгі елдің болашағы мықты дәрігер, адал маман иесі, нағыз мамандығын сүюші тұлғалардың алғашқы ұстазы, алғашқы дұрыс бағыт көрсетушісі ретінде, бүгінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеп жатырмын.

Қорыта айтқанда, тәрбиеші болу – үлкен жауапкершілік және үлкер бақыт. Егер әр мектеп табалдырығын аттаған бала мен арқылы жылулық пен алғашқы білім нәрін алып шықса, бұл менің еңбегімнің жанғаны. Менің мақсатым — әр баланың мықты тұлға болып қалыптасуына септігімді тигізіп, олардың жүрегінде алғашқы білім нәрін сусындатқан жан болып қалу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 тамыз
34
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі