Сөйлеуді
дамыту
Сабақтың
тақырыбы:
«Дене
мүшелері»
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділігі: балалардың
дене
мүшелері
туралы
түсініктерін
қалыптастыру
және
атай
білу.
ә)Түзете
– дамытушылық: көру
арқылы
есте
сақтау
қабілеттерін
дамыту.
Баланың
тілін
дамыту.
б)
Тәрбиелілігі: өз
денсаулығын
сақтауға
деген
қызығушылығы
мен
ынтасын
қалыптастыру
және
тәрбиелеу.
Әдіс
– тәсілі: сұрақ
–жауап,
көрсету
Көрнекілігі: суреттер
Сабақ
барысы:
І
Ұйымдастыру
кезеңі.
Баланы
психологиялық жағынан тақырыпқа
дайындау.
Балалар
бүгін бізде ерекше күн, күнімізді бастау
үшін ең алдымен апайларымызбен,
достарымызбен амандасып алайық.
Шаттық
шеңбері:
Қайырлы
таң ұстазым,
Қайырлы
таң достарым!
Шеңберге
тұрайық,
Жылулық
сыйлайық.
Доброе
утро учитель,
Доброе
утро друзья!
Посмотрите
друг на друга,
Пожелайте
добра.
Good
morning ,good morning
Good
morning to you
Good
morning ,good morning
We
are glad to see you.
-Балалар
бір жылда қанша мезгіл
-Балалар
бізде қазір жылдың қай мезгілі(Күз)
-Күз
мезгілінде қанща ай бар? Кім атап бере
алады?(Қыркүйек,Қазан,Қараша)
Тәрбиеші
балаларға қағазға салынған дөңгелекті
көрсетеді. Бұл
неге ұқсайды, бұл не? - деп сұрайды.
Балалар:
шар, дөңгелек, доп т.б
Мұғалім
дөңгелекке көз, шаш, құлақ салады.
-Енді
не болды?
-Бас.
Иә,
дұрыс айтасыңдар. Бұл бас ендеше
барлығымыз тақтаға қарайық, бүгінгі
оқу қызметінде дене мүшелерімізбен
танысамыз.(осы кезде дымбілмес пен
дәрігер келеді)
Есік
қарғылады. Ішке дәрігер мен Дымбілмес
кіреді. Балалармен амандасады.
Дәрігер
: Балалар сіздердің бүгінгі оқу
қызметінде дене мүшелерін өткелі
жатырғандарыңызды естіп, мен мына
Дымбілместі ертіп келдім, өткені ол
серуен кезінде ойнап жүріп, денесінің
бір жерін ауыртып алған сияқты, денесінің
қай жері екенін білмейді. Сіздермен
бірге ол денесі туралы көп мағұлматалады
деп сенемін сіздерге.
Тәрбиеші
: Онда
жоғары шығып төрлетіңдер! Балалар,
сендер қалай ойлайсыңдар адамның көңілді
болуы неге байланысты?
Балалар
: Дені сау адам, көңілді бақытты болады.
Тәрбиеші
: Дұрыс,
балалар адам баласының дұрыс өсіп
жетілуіне табиғат та, соның ішінде күн,
ауа, және судың адам үшін маңызды екенін
біз білеміз. Ендеше балалар мен сендерге
бір жұмбақ жасырайын, тыңдыңыздар! Жер
бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
Балалар
: «Адам»
Тәрбиеші :
Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам
өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол
өзін танып білуге міндетті. Олай болса
мен сіздерге қызықты ертегі айтып
береейін тыңдаңыздар. Арман деген бала
өзінің түсінде дене мүшелерін көріпті
Бас
бірінші болып былай дейді:
«Мен
бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ,
мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді,
естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде
алмайды, тіпті аштан өлер еді.»
«Егер
мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа
бұрар еді»- деп мойын да дауласа кетеді.
Осы
кезде «Достар білесіңдер ме, егер де
біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу ,
тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазу,
сурет салу, ойнау да өте қиын болар
еді»-дейді қол.
Көп
ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен,
мен ше?! Егер
мен болмасам адам болар ма еді.»
«Егер
мен болмасам не істер еді адам. Сіздер
ешқайсысыңыз аяқсыз ешқайда да бара
алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді
бақшаға , дүкенге , жұмысқа апарамыз.
Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет
алмаймыз»- дейді аяқтар. Бұл айтыс дау
ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман
өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.
Тәрбиеші
: Ал,
балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамға
ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі
немесе аяқтары ма?
Балалар
: Барлығы
да бізге керек.
Тәрбиеші
: Ендеше
тақтадағы суретке қарап , адам дене
мүшелерін
сөйлейтін қаламның көмегімен толық
атап
көрсетейік.
Дыбыстық
жаттығу:
Лақ-лақ-лақ
–
Мынау
құлақ.
Рын-рын-рын
–
Мынау
міне мұрын.
Өз-
өз- өз-
Мынау
міне көз
Ыз
ыз ыз
Мынау
ауыз
Ас
ас ас
Міне
мынау бас
Жәрайсыңдар
балалар!
Балалар
біз дене мүшелерінің атауларын, оның
атқаратын қызметін білдік
Ал
сендер дене мүшелердің қай бөлікте
орналасатынын білесіңдерме? Ендеше
қиылған парақшалардан қуыршақтың дене
мүшелерін құрастырайық..
Балалар
шаршаған боларсыздар кішкене сергіп
алайық
Сергіту
жаттығу
Он
саусақ екі қолда
Он
бәшпәй екі аяқта
Екі
құлақ екі көз
Мұрын
жалғыз бірақта
Бірге
шапалақта.
Жәрайсыңдар
балалар!
Дымбілмес:
Балалар рахмет сендерге, мен сендердің
арқаларыңда өз дене мүшелерімді атап
және олардың қай жерде орналасатынын
үйрендім. Дәрігер менің қолым ауырып
тұр екен...
Дәрігер:
Жәрайды Дымбілмес, өзіңнің дене
мүшелеріңді танып білгеніңе қуаныштымын,
қазір ем шарамызды бастаймыз. Ал балалар
сендерге айтарым өз дене мүшелеріңді
күтіп жүріңдер, таза ұстаңдар, дене
мүшелеріңіз жақсы даму үшін дәрумені
мол тағамдарды көп жеңіздер! Біз емханаға
барайық, сау болыңыздар балалар!
Балалар:
Сау болыңыздар!
Тәрбиеші:
Балалар сонымен бізге дене мүшелеріміз
не үшін қажет екен?
Балалар:
Көзіміз көру үшін, құлақ есту үшін, ауыз
сөйлеу үшін, тамақ жеу үшін т.б
Тәрбиеші:Балалар
біздер бүгінгі оқу қызметінде дене
мүшелеріміз жәйлы барлық мағлұматтарды
алдық деп ойлаймын. Бүгінгі оқу қызметі
сіздерге ұнады ма?
Балалар:
Иә
Тәрбиеші:
Рахмет балалар сендердің барлықтарыңыз
сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар! Осымен
сабағымыз аяқталды.