Ұйымдастыру
кезеңі:
-
Сәлемдесу,
оқушыларды түгендеу; Сабақтың алтын ережесін еске
түсіру.
-
Оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
1) Тыныштық
сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын
сұрау.
«Менің отаным-шұғылалы
Қазақстан» тақырыбына эссе
жазу.
Оқушыларды топқа
бөлу
Оқушыларды ұлы дала, туған
жер, рухани жаңғыру суреттері арқылы 3 топқа
бөлу.
1-топ «Ұлы
дала»
2-топ « Туған
жер»
3-топ «Рухани
жаңғыру»
Дәйек
сөз.
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де
жоқ
Ғабит Махмұтұлы
Мүсірепов (22
наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) –
қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам
қайраткері
Сұрақтар:
1. Отан ұғымы тамырымызда
бүлкілдеп, жүрегіміз боп соққанда ғана біз оның толық қанды ұланы
бола аламыз деген тұжырымға өз ойларыңмен
бөлісіңіздер.
2. Өздерің туған жердің
қасиетін қалай
түсініп,бағалайсыңдар?
3. Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіз?
Дәйексөзді түсіндіру арқылы
тақырыпты ашу.
Әңгiмелеу
(сұхбат).
Отан
-
Атасы немересіне Ауған
жерінен оралған балалардың келген себебін қалай
түсіндірді?
-
-Мұса шет елде қандай
оқиғаларды бастан кешірді?
-
Мәтінде туған елге,
атамекенге деген сүйіспеншілік қалай
суреттелген?
-
Өзің ту,ан елге, жерге
деген ыстық сезіміңді қалай жеткізер
едің?
-
Отан алдындағы парызыңды
қалай өтер едің?
-
Әңгіменің негізгі түйіні
қандай құндылықтың
көрінісі?
Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Балам саған, осы менің бұйрығым да, батам да!
Қатардағы солдат болу - жүру емес қатарда,
Қатарды құр көбейткеннен қатарында
атанба!
«Қатарыңнан оз дер едім, оған көзім жетер ме?
Оза алмасаң, озбай - ақ қой, тек алқынба бекерге.
Туған жерді мен сияқты түк қалдырмай арала,
Бара алмасаң, бармай - ақ қой
шетелге.
Мен жимадым, жинамасаң, жинамашы дүние,
Мен сияқты оны өзіңнің жеңдір көңіл күйіңе.
Мен сияқты кеш оралма келініме, үйіңе,
Жан жарымдай жарың болса - ау көнетұғын
иіңе.
Мен сияқты, мен сияқты……
(Мен кімге үлгі болып ем.)
Жүрдім бірақ Отанымның сүрлеу соқпақ жолымен.
Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Осы ұранға рухтан да, осы ұранға
тебірен!
3. Сұрақтар:
- Отанға
қызмет ету кімге және не үшін қажет?
- Құр қатарды көбейтіп жүру дегенді қалай түсінесіз?
- Отанды көркейту үшін қалай жоспар құру керек
?
Шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс.
І
тапсырма
Мозаика
құрастыру
ІІ
тапсырма.
Постер
қорғау
Топпен ән
айту
Көк тудың
желбірегені
Сабақты
қорытындылау:
Кері
байланыс.
Оқушыларға көгершіндер беріледі. Сол көгершіндерге 2 жұлдыз
1 тілек стратегиясыі бойынша кері байланыс жазады.
Үйге
тапсырма: мәтінді
оқу.
|