400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашык сабак"Ертеги аним ермегим"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Ертегі әнім-ермегім

Мерзімі:

Білім саласы:»Қатынас»,»Таным Шығармашылық»

Білім бөлімі:»Көркем әдебиет»»математика»»жапсыру»

Тақырыбы:»Ертегі әнім-ермегім»

Мақсаты:Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.Ертегінің мазмұнын толық меңгерту.Ертегіні толық үйрету.Оны орындауға балдарды дайындау.Ертегіні тыңдауға,көруге талпындыру.Жапсыру барысында қиялын дамыту.Өзі істеген жұмыстарын мән-мағынасын тусіндіру.

Көрнекіліктер:Топ ішін ертегі әлемі бейнесімен безендіру.Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,атрибуттар,музыка,ұшар кілем,ертегі пермзаты.

Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,ұжымдық жұмыс.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар әрекеті


Ұйымдастырушы қозғаушы

Балалар бізде бүгін керемет күн екен.Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен.Канекей бәріміз қонақтармен амандасып,шаттық шеңберін құрып алайық.Жылулық шеңберін құрады.

Балалар апайлармен амандасып,жылулық шеңберін құрады.

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме, деп

Амандасып аламыз.

Күніміз қандай тамаша

Шуағын шашты жараса

Көңілденіп ән салып

Би билейміз қаласа.


Ұйымдастырушы ізденушілік

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Қыс басқа мезгілдерге қарағанда суық болады.Біздер қыста жылы киініп жүруіміз керек.Енді осы қыста қандай мерекелер бар екенін айтып өтейікші.

1-желтоқсан:»Президент күні «

16-желтоқсан:»Тәуелсіздік күні»

31-желтоқсан:» Жаңа жыл»

Бүгін балалар желтоқсан айының 10-жұлдызы.Күн-бейсенбі.Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:»Ертегі әнім-ермегім» деп аталады.Жалпы балалар ертегі қалай басталады?

Ой жарайсыңдар балалар.

Балалар сендер ертегі әлеміне барғыларың келеме?

Олай болса ұшар кілемге отырып,көздеріңді жұмып,Айгерім Қалаубаева әнші апайымыздың орындауындағы «Ертегілер» әнін тыңдап барайық.Көздеріңді жұма қойыңдар.

Ғажайып сәт:Балалар енді көздеріңді ашыңдар біз жетіп келдік.Осы кезде Ертегі перизаты кіріп келеді.

-Балалар сәлеметсіздер ме?

-Ертегілер еліне қош келіпсіндер.

-Мен ертегі Перизаты боламын.Бүгін мен сендерге ертегілердің көптеген түрлерімен таныстырып,кейіпкерлерін таныстырамын.

Алдымен сендердің тапқырлықтарыңды сынап көрейін.Ал,ендеше айтыңдаршы мына қай ертегі кейіпкерлері?

Ал, балалар енді біз ертегі кейіпкерлерін суреттерден ғана емес,дыбыстарын есту арқылыда тани алатынымызды көрсетейікші.Балаларға мультоптамалардың музыкаларын қосып,балаларға тыңдаттырамын.

-Ой, жарайсыңдар балалар.Енді мен сендерге ертегі театрын көрсетейін.Мұқият тыңдап көріңдер.»Түлкі мен ешкі» ертегісі сахналаймын.

-Балалар енді айтыңдар ешкінің әрекеті дұрыс па,әлде түлкінің ба?

Түлкі секілді өтірік айтуға болама екен?Ия,түлкі айлакер,қу аң екен?

Ал балалар ендеше сендердің кететін уақыттарыңда таяп қалды.Ұшар кілемдеріңе жайғасып, көздеріңді жұмып өз балабақшаларыңа оралыңдар.

Сергіту сәті.

Аю ұқсап қорбаңдап,

Қоян секілді секеңдеп жүреміз.















Балалар жауап береді.

Ерте ,ерте,ертеде

Ешкі жүні бөртеде.

Қырғауыл қызыл екен

Құйрық жүні ұзын екен.





Ия

Балалар кілемшеге отырып,көздерін жұмып отырады.







Балалар көздерін ашады.Ертегі перизатымен амандасып алады.



Сәлеметсіз бе?










«Дар мен боти», «Ну погади»,»Аңқау қасқыр»,»Микки маус»







Балалар музыканы тыңдап,сұрақтарға жауап береді.











Ешкінің әрекеті дұрыс



Жоқ болмайды

Балалар көздерін жұмып отырады.








Аю секілді,қоян секілді қимылдар жасайды.


Рефлекция

Балалар енді біз екі топқа «Ғажайыптар» тобы және «Қиял әлемі» тобы болып бөлініп аламыз. Балалар мына суретке қараңдаршы. Бұл қай ертегі кейіпкерлері екен? Ой жарайсындар. Ендеше айтыңдаршы «Шалғам» ертегісінде неше адам және неше үй жануарлары бар екен? Өте тамаша балалар. Осы кейіпкерлерді орын-орындарына жапсырып көреміз бе балалар? Олай болса мен көмек көрсетемін сендер жапсырып шығыңдар. Тамаша балалар. Осы сендер жапсырған ертегілерді енді мен тақтаға іліп қоямын.





Бауырсақ және Шалғам



3 адам 3 үй жануары. Олар: Ата,әже,қыз және күшік,мысық,тышқан.




ия


Жетекші жөндеуші

-Балалар бүгін сендер қайда бардыңдар?

-Сендерге ол жер ұнадыма?

Ой жарайсыңдар.Бүгін оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар.Сау болыңдар балалар.

Ертегілер еліне


Ұнады



Сау болыңыз

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ертегі кейіпкерлерін ажырата алады.

Игереді:Сөйлеу мәдениті қалыптасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі