Ашык сабақ 6 сынып Бұлақ көрсең, көзін аш. Таза бұлақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашык сабақ 6 сынып Бұлақ көрсең, көзін аш. Таза бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашык сабак мектеп ішінде өткізілген сабак
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

6-бөлім: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.
Морфология


Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 6


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Бұлақ көрсең, көзін аш. Таза бұлақ


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.4.1 - ауызекі сөйлеу жəне көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;


Сабақтың мақсаты

Ауызекі сөйлеу жəне көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажырата алады. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыра алады.


Құндылықтарға баулу

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

Құндылық: заң және тәртіп

-қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

8 минут























5 минут
























Сабақтың ортасы

10 минут



















5 минут











7 минут





















5 минут






Сабақтың аяқталуы

5 минут











Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал

«Жунглидегі жаңбыр»

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру

Ойтүрткі

Бұлақ туралы қандай аңыздарды білесің?

«Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбындағы бейнекөрсетілімді мұқият көру.

https://youtu.be/oZGRPWPhyEU?si=c7yMuSMhlOlSWvkp

Бейнекөрініске қатысты сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Наурыз мейрамы кезінде ауыл адамдарының ең бірінші қадамы бұлақтың көзін аршудан басталатын себебі неде?

2. Емші туралы қандай аңыз баяндалған?

3. Көз атаның бұлағы аталу себебі неде?


4-тапсырма.

Диалогті оқыңдар. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігін анықтаңдар.

Үлгі жауап:

1. Қарапайым сөздер мен тіркестердің қолданылуы:

Мысалы, "Обал-ай", "Ата, ол не?", "Сусырап отырған жоқпыз" сияқты сөйлемдер қарапайым, тұрмыстық деңгейдегі әңгімелесуді көрсетеді.

2. Сұрақ-жауап түріндегі диалог:

Бала мен қарияның арасындағы әңгіме сұрақ-жауап арқылы өрбиді. Бұл ауызекі тілге тән диалогтың табиғилығын береді.

3. Эмоционалдық реңк:

Қарияның сөздері ("Обал-ай", "Адамдардан аялы алақан күтіп жатыр-ау!") сезім мен қамқорлықты білдіреді.

4. Қысқа сөйлемдер мен сөз тіркестері:

Диалогтағы сөйлемдер қысқа әрі нұсқа, бұл ауызекі тілге тән.

5. Мақал-мәтелдің қолданылуы:

"Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халық даналығы диалогқа ұлттық реңк береді.


5-тапсырма.

Мәтінді салыстыра оқыңдар. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтаңдар.

Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңдар.

Мәтіндер

Стилі

Тақырыбы

Мазмұны

Тіл

дік ерекшеліктері

1-мәтін





2-мәтін







6-тапсырма.

Оқылым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Бұлақ қалай пайда болады?

2. Тұма және қайнар, бұлақтардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

3. Бұлақтың қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

4. Мәтін не себепті «Таза бұлақ» деп аталған? Өз пікіріңді айт.

5. Өзің қай жолаушының жауабын дұрыс деп шештің? Себебін дәлелде. 6. Екі мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстыр. Не байқадың?


7-тапсырма.

Мәтіннен есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: – Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, – деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: – Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, – деді...

Қорытындылау

9-тапсырма.

Болымсыздық және өздік есімдіктерін төмендегі сөздермен байланыстырып, кестені бес минутта толтырыңдар.



Үйге тапсырма: 10 –тапсырма


Рефлексия




«Жунглидегі жаңбыр»
Нұсқау; - Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.








5-тапсырма

1-мәтін

Стилі: көркем сөйлеу стилі және ауызекі сөйлеуі стилі элементтері бар.

Тақырыбы: Үш жолаушының бұлақ басында кездесуі

Мазмұны: әңгімеде үш жолаушының бұлақ басында кездесуі әңгімеленеді.

Тілдік ерекшеліктері: қалың біткен ағаш жапырақтары, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған, әдемі, таза бұлақ, бір қазандай тасты т.б теңеу, эпитет сөздерінің кезедсуі

Ауызекі сөйлеу стиліне тән диалогті сөздер, қаратпа, қыстырма сөздер.

2-мәтін

Стилі: ғылыми стиль

Тақырыбы: Бұлақ туралы түсінік, оның түрлері

Мазмұны: Бұлаққа анықтама беріп, бұлақтың түрлері , ерекшеліктері жайында ғылыми түрле түсінік берген.

Тілдік ерекшеліктері: Бұлақтар әртүрлі белгілері бойынша тұма, қайнар, термалды бұлақ, жалғасты бұлақ және т.б. бірнеше топқа бөлінеді. (бұлақтың түрлерін бірнеше топқа жіктейді, «тұма» сөзіне анықтама береді.



Оқылым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.













Мәтіннен есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазады.

















Бұлақ

Көл

Өзен

Теңіз

Ешқандай бұлақ,

Өз бұла

ғым

Ешбір көл, өз көлім


Ешқандай, өзен

Өзім

нің өзенім

Ешбір теңіз,

өз теңізім





Оқушылар бүгін сабақ барысында ең ұнаған тұстарын, сабақты қаншалықы меңгергендігін, рефлексия жасайды.


Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!

Керемет!



Бағалау

Дарабоз

1) сабаққа қатысуы;

2) оған даярлығы;

3) тапсырманы орындауы;

4) өзіндік жұмысы;

5) ынтасы;

6) сабақтағы жауабы.








«Ноутбук» әдісі арқылы бағалау





Дескриптор

Білім алушы


- мәтіннің стилін анықтайды –

2 балл,

-тақырыбын анықтайды –

2 балл ,

мазмұнын қысқаша баяндайды – 2 балл,

-тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды – 2 балл.





Дескриптор

Білім алушы

-мәтіннен есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазады – 1 балл,

-есімдіктердің астын сызады –

1 балл.


Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж




https://youtu.be/oZGRPWPhyEU?si=c7yMuSMhlOlSWvkp



ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі