Ашык сабақ " Менім Отаным" балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашык сабақ " Менім Отаным" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды отанын сүюге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 10.11.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:  Менің Отаным .

Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация,

Сабақ барысы: Сабақ еліміздің  әнұранымен басталады.

Мұғалім:   Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

Мұғалім:-Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды).

Балалардың тақпақтарын тыңдаймыз. 

Сұлушаш.

Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.

Жанғали.

Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

Ұлжалғас.

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Дарын.

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім

Күн сәулелі, Қазақстан!

Данияр

Абай туған, Сәкен туған

Кұрметте,  досым, Қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық кұйған

Қазақстан –Республикам менің!

Мұғалім:  Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

« Отан –елдің анасы».

« Отан – оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан  басталады».

« Жері байдың елі бай».   т.б.

Мұғалім:  Жарайсыңдар, балалар.   Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету)



(Балалар жауабы)

Тақпақ: 

Астана – арман қала

Астана – сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Ән : «Нұр Отан » әні мен сөзі:Б.Бейсенова.

Мұғалім: -Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



Мұғалім: Елбасы жайында қысқаша мәлмет беру.(елбасы жайында тақпақ айту)

Ш.Ұлан

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Мұғалім: Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мұғалім: -Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)

 

У.Ұлан. «Біздің ту»

1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Жансерік «Елтаңба»

2.Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

 

Ұлжалғас «Әнұран»

3.Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

 Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Дидактикалық ойын: «Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап»

 

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?  (балалар жауабы: мемлекеттік тіл – қазақ тілі)

 

Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

 

Мұғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Балалар:  - Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.

Тақпақ: 

Н.Кәусар

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан

Барлық  ұлттын баласы

Достығымыз жарасқан.

Мұғалім:  Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

 Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар. (Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, карта ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)

Қорытынды:Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуміз керек? (Балалардың жауабы) . Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін жұлдызшамен марапаттаймын барлығыңды.

 Ендеші өзімідің тобымыздағы Жанболат өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.

Тақпақ:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі