400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашык сабақ: Желтоқсан жаңғырығы

Материал туралы қысқаша түсінік
 Тәуелсіздік алуға себеп болған жастарымыз жөнінде қысқаша мағлұматпен таныстыру.  Оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.  Оқушыларды отансүйгіштікке , Отанымызды қорғауға әрдайымда дайын болуға , патриоттыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы

Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан дүмпуінің себептері.

  • Тәуелсіздік алуға себеп болған жастарымыз жөнінде қысқаша мағлұматпен таныстыру.

  • Оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.

  • Оқушыларды отансүйгіштікке , Отанымызды

қорғауға әрдайымда дайын болуға , патриоттыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, Мемлекеттік рәміздер, суреттер,

кітаптар, слайд

Сабақ барысы.

I . Ұйымдастыру кезеңі

ҚР Мемлекеттік әнұранымен ашу


Психологиялық дайындық

1986 жылы еліміздің тәуелсіздігін аңсап алаңға шығып, қыршынынан қиылған аға – апаларымыздың рухы алдында бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске түсірейік


II. Қызығушылығын ояту( блиц - турнир өткізу)

  1. Қазақстан республикасы қандай құрылықта орналасқан?

  2. Қазақстан республикасының жер көлемі қанша?

  3. Жер көлемі жағынан Қазақстан республикасы нешінші орында?

  4. Қазақ жерінде тәуелсіздік алғанға дейін қандай тарихи оқиғалар өтті ?

  5. Қазақ жерін қорғау жолында күрес жүргізген қандай батырларды білесіңдер?

  6. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына қандай оқиға себепкер болды?

  7. Ол қашан болды?


III Мағынаны тану

Слайдпен жұмыс түртіп алу стратегиясы бойынша балалар еске сақтауға қажетті мәліметтерді жазып отыруы керек .

Хронологиялық таблица

Жылдар

Оқиғалар

Қозғаушы күштер























IV мұғалімнің кіріспе сөзі

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Қазақ халқының басынан небір нәубет , яғни ауыр кезеңдер өтпеді десеңші.Бұл оқиғалар неге ұмытылмайды десең, себебі олардың бәрі халық тағдырымен байланысты. Бүгінгі біздің сөз қозғамақ болып тұрған Желтоқсан оқиғасы да сондай ұмытылмайтын қазақ халқына көп жазылмас жара әкелген оқиға.

1986 жылы 16 желтоқсан күні ұлты қазақ студент және жұмысшы жастар демократияны , бостандықты, тәуелсіздікті талап етіп бейбіт шеруге шықты.

Бұл шерудің себебі осы уақытқа дейін Ресей қарамағында болса да елді қазақ басшысы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев басқарып келген болатын , енді сол басшыны да орнынан алып тастап, орнына Ресейден ешкім танымайтын , қазақ елімен еш таныс емес орыс ұлтының өкілі Колбиннің республика басшылығына келуі еді.

Шеруге қатысушы жастар 17 желтоқсан күні де еш толастамады.

Жастар қазақ халқына осы уақытқа дейін 250 жыл патшалы Ресейге , 70 жылға жуық Ресейдің Кеңес өкіметіне бағынып, айтқанына бағынып, айдағанына көніп жүре бергендерін , енді қазақтардың да сілкініп оянатын кезі келгенін айту еді.

Қазақстандай жері кең, елі бай мемлекеттің өз алдына тәуелсіз ел болып, гүлденіп , көркейетін кезі келгенін паш ету еді. Бірақ жастардың осы бейбіт қарсылығын Ресей өкіметінің бұйрығымен аяусыз басып жазалады. Қақаған желтоқсан аязында жастарға өрт сөндіргіш машиналармен мұздай су шашып , темір таяқтармен соққыға жығып, түрмелерге жапты, соққыға жығылып, жараланып қолға түскендерін жүк машиналарына лақтырып, өлген малдарды артқандай Алматыдан 70шақырымға алыс жапан далаға қоқысты төккендей төгіп тастады.15-16 жастағы жап- жас қыздарымызды етіктерімен іштен тепкілеп, шаштарынан сүйреп ұрды, жігіттерімізді басы- көзі демей төпеледі. Жастардың айқайлаған, еттеріне тиген соққыдан шыңғырған дауыстары сол кездегі халықтың төбе құйқаларын шымырлатты. Міне , осылай жастардың үнін шығармай басып жанышқан желтоқсан оқиғасы әрмен қарай да жалғаса берді. Жаппай ұстау түрмеге қамау, оқудан, жұмыстан шығару басталды. Қанша жастардың үміттері сөнді. 1937 жылдың нәубеті қайта орнағандай болды. Міне, осы кезде Қазақ халқының ұлтжанды ұлдарының бірі Мұқтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев сынды ағаларымыз жастарымызға ара түсіп, билік алдында өз сөздерін тайсалмай айтты.

Осы қанды оқиғаның қаһармандары сансыз көп. Алған жарақаттан ,желтоқсан ызғарынан болған сырқаттан қаншама жастарымыз қыршынынан қиылды. Ал осы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының аты өшпестей болып жазылған қаһарман ұлдары да бар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова

1990 жылы 17 желтоқсан күні ондаған мың алматылықтар, аза тұтуға жан- жақтан келген азаматтар Республика алаңында бас қосып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын есте қалдыруға арналған ескерткіш тақта орнату рәсіміне қатысты.

Оқушылардың мәнерлеп оқуы

Мейірлан : Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн!.

Базары кетiп 6ір күнде,

Қайғыға халық 6атқан күн.

Әдiлдікпен шындықты,

Өтiрiк жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан

Адамдар азап шеккен күн.


А.Райымбек : Желтоқсанның жан түршігер күндері

Жалдама әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.


Нұрмұхамед Бұрқ етіп қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.


Болатбек Өсер ұлдың қай сәтте де білім болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жаққан алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің

Ешқанда еңкеюге тиісті емес жалауы:


Темірлан  Желтоқсан — заман, толғағы байтақ  даланың,

Шарпысқан сәтi үміт  пен күдiк наланың.

Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.


Айзада Дәл бүгін қуанышты қала далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара  табан.


Жомарт Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.


Айымгүл : Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен түн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.


Гүлзат Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегімі

Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!

Баянды болсын бақытың, халқым,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!


Б Райымбек: Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде басым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең , алыңдар.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық ,

Атам десең атыңдар.


Айдос Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын!


Айымгүл : Қайрат пен Ербол ағалар,

Сабира, Ләззат апалар

Құрбаны болған қызыл күн –

Тәуелсіздік аталар.

Жап-жас еді өздері,

От боп жанды көздері.

Олар мәңгі өлмейді,

Солай елдің сөздері.


Болатбек : 16 желтоқсан –

Естен кетпес ерлігің,

Есті – сесті ұл – қызыдң,

Бойындағы ерліксің.

Сенің айбын, ызғарың, намысты мәңгі сергітсін.



Желтоқсан тағылымы.

Сөзін жазған : Мұхтар Шаханов


1.Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп , шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты, жас өркені халқымның!

Қайырмасы:

Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын

Өшіре алмас асау желі уақыттың.

Егер кім қанша

Уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.


2.Өсер елдің қай сәтте де , бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула , желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Қайырмасы:

Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын

Өшіре алмас асау желі уақыттың.

Егер кім қанша

Уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.


VI Ой толғау Қорытынды

1 оқушы. 1991 жылы желтоқсанның1 – де Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


2 оқушы.1991 жылы желтоқсанның 16- сында еліміз Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Тәуелсіз, дербес болу қандай бақыт.


3 оқушы. 1992 жылы маусымда Республиканың Мемлекеттік Рәміздері:Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба , Мемлекеттік Әнұран қабылданды.

4 оқушы.1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы төлтеңгеміз

енгізілді. 2006 жылы қараша айынан бастап, жаңарған теңгеміз айналымға енді.


5 оқушы. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.


6 оқушы.1997 жылы желтоқсанда астанамыз Ақмола қаласына көшіріліп,1998 жылы 6 маусым-

да Ақмола қаласы Астана балып өзгертіліп ,биылғы жылы 12 жылдығын атап өтті


7 оқушы. 1997 жылы 11шілдеде « Тіл туралы» заң қабылданып, Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

статусына көтерілді.


8 оқушы.2006 жылы 11 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев елінің қолдауымен қайта сайланды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі :“Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
“Жаман үйді қонағы билейді” – деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен …”

“Бұл дүниедегі зор бақыт – еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні, қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін…”
Бұл жиырма бір жасар Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жатып жазған өлеңі мен хатынан үзінді.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1069
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі