жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашык сабақ: Нан
Білім
беру саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған
оқу қызметі:
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ас
атасы – нан.»
Мақсаты:
Нанды қастерлеу керек екенін айта
алады.
Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға еңбекпен келетінін түсіндіре алады.
Ұннан әртүрлі тағам әзірленетінін айта алады,нанның түрлерін ажырата алады.
Тәрбиеші:Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Бүгін бізде ерекше күн! «Ас атасы – нан»атты оқу қызметіне қош келдіңіздер!-Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасайық.
Күннің
көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Құтты
қонақ келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі.( Күз мезгілі)
-Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар.Қыркүйек,қазан,қараша.)
-Қазір күз мезгілінің нешінші айы? (үшінші айы қараша.)
-Күзде не жинаймыз? ( Күзде астық піседі, қамба астыққа толады. Көкөністер, жемістер піседі.)
- Жақсы, балалар күз мезгілін біз жомарт күз деп атаймыз. Өйткені күз мезгілінде қамбалар астыққа толып, жемістер, көкөністер піседі. Бізге күздің берер сыйы мол
Тәрбиеші:- Балалар, бүгін оқу қызметіміз өте ерекше болмақ... Мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер:
Жұмбақ
Алтын сары тоны бар, Асты тас, үсті тас,
Қауызында дәні бар. (Бидай) Ортасында піскен ас.( нан)
-
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі оқу қызметіміздің
тақырыбы ас атасы - нан деп аталады.
-
нан ең қасиетті тағам, Нан – дастархан
құты.Нан – тоқтық, нан- байлық.
біз
бір тағамды күнде - күнде жей берсек, ол
тамақтан шығып қаламыз ия. Ал нанады
біз күнде жейміз, әрқашан дастарханымызда
нан тұрады.
- Ал енді осы қасиетті нан
дастарханымызға қалай келеді екен?
-
(слайдтан көрсету) Балалар мына суреттен
нені көріп тұрмыз? Көктемде бұл
тракторлармен жерді жыртып, оны тырмалап,
жерге бидай дәнін себеді. (балаларға
бидайды көрсету)
Егіс
даласына комбайыншылар шығып, комбайындар
егінді орып жинайды да, арнайы өңеші
арқылы қауызынан тазалайды. Бидайды
жүк машиналарына тиеп қырманға әкетеді.
Қырманда бидайды тазалап диірменге
жібереді. Диірменшілер бидайдан ұн
тартады. Тартылған
ұнды наубайханаға
апарып,
сол наубайханада нанның әр түрін пісіріп,
дүкендерге әкеледі
.Ал,
мына суретте нан дүкен сөрелерінде өз
сатып алушыларын күтуде.
- Сонда нан
дастарханға оңай жолмен келеді ма
екен?
- Жоқ, әрине көптеген адамдардың
маңдай терлеріңнің арқасында келеді.
Нан
жайында Тыйым сөздер:
1 Нанды бір
қолмен үзбе.
2 Нанды, дастарханды
баспа.
3 Нанды төңкеріп тастама.
4
Нанды аяққа баспа.
Нан туралы мақал-мәтелдер: Нан – береке бастауы Нан – күш-қуат көз Ас атасы – нан Нан – адам баласының басты байлығы.
П/Ж/Ж
ойын: «Тез ойла»
Ойынның
шарты:
Мамандық түрлері аталады. Солардың
ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері
аталса балалар қол шапалақтаулары
керек. Мыс. Мұғалім, егінші, дәрігер,
комбайншы, тракторист, наубайханашы,
есепші, диханшы, т. б
Тәрбиеші : Өте жақсы балалар. Сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адам маңдай терін төгеді. Ендеше балалар зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек. балалар орынымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Нан
қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
Тәрбиеші:- Балалар біздің оқу қызметіне қонақ келе жатырған сияқты.
Ішке бидай кіреді қолындағы себетте нан түрлері бар.
Бидай:- Сәлеметсіңдер ме балалар, сендер бүгін нан туралы өтіп жатырғандарыңды естіп келдім.Мен адамдардың аңсары ауған, ас арқауы ақ бидаймын. Дәнімнің құрамында адам организімі үшін өте қажетті, әрі сіңімді крахмал,белок,май,қант т.б. заттар болғандықтан, менен жасалған түрлі тағамдар адамның күш-құтының арқауы, дастарханның берекесі, тіршілігінің көзімін. Міне, мына себетте ұннан жасалған тағам түрлерін сендерге алып келдім. (нан түрлерін көрсетеді)Қазақ халқы ұннан неше түрлі нан пісірген: пешке салып, қазанда, табада, ошақта: тоқаш, бауырсақ, бөлке, бәліш, күлше. Адамдар наннан тек тамақ қана емес, денсаулықтары үшін де қасиеті бар деп пайдаланады.
-Сәлеметсіз бе!(Балалар)
Құрылымдалған ойын: «Қай тағам артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек
Тәрбиеші:-
Нан туралы кім тақпақ айтып береді?
Айзара:
Нан ардақты асыл ас,
Кәрі жас одан
аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп
үйренген жасыңнан.
Айша:
Ерте
тұрып ақтаңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын диханнан,
Егін егіп дән жиған.
Элизавета:Вот
он Хлебушек душистый,
Вот
он теплый, золотистый.
В каждый дом,
на каждый стол,
он пожаловал, пришел.
Акарыс:Ерте
тұрып таңнан
Пісірді апам ақ нан.
Кетер
емес әлі,
Таңдайымнан дәмі.
Еркін
ойын:«Бидайды ажырат»
Ойының
шарты;Себеттерге
ақ,қара бидайды ажыратып салу.
(ойын
ойнап болған соң топтарды үш шапалақпен
бағалау)
Анара: Жазды күні бидайдан,
Бал исі шығады.
Күздің күні биайдан, Нан исі шығады.
Дария:Арпа бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
Равиль:Из
чего печётся хлеб,
Что едим мы на
обед?
Хлеб печётся из муки,
Что
дают нам колоски.
Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі біздің ерекше оқу қызметіміз не жайында болды?
Бидай неден өсіп шығады?
- Бидайды немен жинайды?
- Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?
- Бидайдан шыққан ұнды қайда әкеледі? Бидайдан не шығады?
-Ұннан не илейді?
«Ас атасы нан, нан атасы –дән» - деген екен дана халқымыз.Сол дәннен бастап нан болғанға дйін қаншама адам маңдай терін төгеді.Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.Нанда аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды таусып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек.
Осымен «Ас атасы – нан»атты оқу қызметіміз аяқталды.. Қош сау болыңыздар!
Балалар келесі ҰОҚ-де не туралы айтқыларың келеді?Тағы не білгілерін келеді?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген