400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашык сабақ "Сикырлы музыкалык аспаптар" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабакта окушыларга казактын ұлттық музыкалык аспаптары туралы толык мәлімет беріледі. Аспаптарын түрін сипаттау, пішіндерін аныктау.Белсендіктерін ,кабілеттерін ашу.Музыкалык аспаптардын дыбыстарын ажырата білуі. Оркестірде оларды колдануы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметжанова Галия Кайырбековна

Музыка мұғалімі

Білімі жоғары

Екінші санатты


Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы музыка аспаптары.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық аспаптармен таныстыру арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру

Білімділік: Әр аспаптың жасалу ерекшклігі, дыбысының әр түрлігі, шығу тарихы және ұлттық музыка өнеріндегі алатын орны жайлы білімдерін толықтыру. Ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылық: Еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, есте сақтау, тыңдай білу, ән айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Музыкалық аспаптарды ұлтымыздың мақтанышы тұтуға тәрбиелеу.

Құзіреттіліктер: мәдени, эстетикалық, коммуникативтік құзіреттіліктер қалыптасады.

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: музыка тыңдау, ән айту

Қолданылатын көрнекіліктер: музыкалық аспаптардың суреті,

Домбыра, асатаяқ, дабыл, аспаптары интербелсенді тақта.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. сәлемдесу

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз,

Әдеппенен бас иіп

Сәлем бердік біз

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Вокалдық қыздыру жаттығу жасау. до-можор

2..«Домбыраның күмбірі» әнін орындау. Ән орташа екпінде, орындалады.Сөздерін таза,нақты айту.Түзу тұрып,терен тыныс алу.

Әнді хормен мәнерлеп орындау.

(Оқушылар аспаппен әннін ырғағын сүймелдеу.)

Үй тапсырмасын қорытындылау

  • Ән не туралы?

( Әр топтан 1 оқушы)

ІІІ. Жаңа сабақты ашу

1. Музыка тыңдау (ұлттық аспаптардың орындалуында)

Н. Тілендиевтің «Ата толғау» күйі.


( композитордың суреті, оркестрдің суреті слайттан көрсету)

Сұрақ-жауап:

- Музыка тыңдау барысында ненің дыбыстарын естідіңдер?

-музыкалық аспаптардың дыбыстары

(жаңа сабақтың тақырыбы оқушылардың көмегімен анықталады)

- Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз сендермен аспаптармен толығырақ танысамыз.

  • Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың, жануарлардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбыстарды өздері айтып көруге талпынған.

(Оқушылырмен әр түрлі жан-жануарлардың дыбыстарын салу)

Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен салды. Аспаптар осылай «сөйлей» бастады

ІІІ. Аспаптармен танысу.(Аспаптар суреті көрсетіліп тұрады)

  1. Асатаяқ аспабымен таныстыру

Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкімелі музыкалық аспап.(Мұғалім өзі ойнап көрсетеді)Ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған..

Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптарда бар.

  1. Даусы бар, жаны жоқ.

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағын тек оң бұра,

Бұл қандай аспап? (домбыра)

Домбыра- қағып,шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күйі орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.

  • Шертер- шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді. Құрылысы жағынан домбыра аспабына ұқсас келеді.Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.

  • Дыбыс бояуын тыңдайық.

  • (Мұғалім «Келіншек» халық күйін орындайды)

  1. Қобыз- ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы.

  • Қобыз аспабы ағаштан ойылып жасалады. (түрлерімен таныстыру Нарқобыз, Қылқобыз, Желқобыз) Дыбыс бояуын тыңдайық.(Үнтаспа кассета)

(Ұжымдық оқыту технолог.иясын қолдана отырып, оқушылардың аспаптарға байланысты үйден дайындап әкелген жұмыстарын қорғайды

- Оқушы шығу тарихын әнгімелейді

4. Даңғыра-ұрып-соғып ойналатын аспап. .

Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл.Ұрмалы аспаптар аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жаугершілік жорықтарда пайдаланған.

Дыбыс бояуын тыңдайық (Мұғалім ойнап көрсету)

5.Сыбызғы-үрмелі аспап., қурайдан, ағаштан жасалатын көне музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.

Сазсырнай-үрмелі аспаптар тобына жатады.ол саздан жасалынып,отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болады. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкентай ойығы бар.

Шаңқобыз-бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар.

6.Жетіген- көп ішекті музыкалық аспап.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады.

Дыбыс бояуын тыңдау.(үнтаспадан)

-Оқушы шығу тарихын әнгімелейді.

ІҮ. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты «Қобыз» Сөз жұмбағын шеш (Слайд)

1.Сілкіп ойналатын аспап түрі.

2.Қазақтың ұлттық аспабы.

3. Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылатын ұрмалы аспап.

4.Бақташылардың құрайдан жасалынатын ең сүйікті аспабы.

5.Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.

Ү.Жорға ойыны (Аспаптарды рет-ретімен қою) слайд флипчарт

Балалар, енді осы аспаптардың аттары жазылған қимылдарды мына қалташылардың қайсысына лайықты екендігін тауып өздерің салып шығасыңдар.

Шертіп ойналатын

Ұрып ойналатын

Сілкіп ойналатын

Үрлеп ойналатын

















Домбыра,Асатаяқ, Қобыз, Жетіген, Сыбызғы, Даңғыра,Дабыл,Шаңқобыз,Қоңырау,Үскірік,Шертер,Дауылпаз,

ҮІ. Сергіту сәті: «Жорға» биі

Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ

ҮІІ.Сабақты бекіту. Дәптермен жұмыс

Домбыраның құрылысын жазу.

ҮІІ. Қорытындылау. Семантикалық карта.(+арқылы белгілеу )слайд флипчарт

Аспаптар аты

Ішекті

Сілкімелі

Ұрмалы

Үрмелі

Дабыл



+


Шертер

+




Сыбызғы




+

Асатаяқ


+



Жетіген

+




Даңғыра



+


Шаңқобыз




+

Қоңырау


+



Осы аспаптардың шығу тарихын, ойналу әдістерін, құрылысын зерттеп бізге танытқан музыка зерттушісі Болат Сарыбаев( суреті слайдтан көрсету)

- Бүгінгі сабақта не жайында айттық?

- Қандай аспап түрлерімен таныстық?

ҮІ. Бағалау. Сабақ бойы алған ұпайларын санап, бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Музыкалық аспаптар туралы қосымша мәліметтер жинап келу

Сурет салу.












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі