Қыс
кереметі
Білім
беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы:
«Қыс кереметі»
Мақсаты: Қар және оның
адам өміріндегі маңызы туралы түсінік
беру. Қардың күйлерімен таныстыру және
білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін,
дүние танымын дамыту. Балалармен түрлі
эксперимент жасай отырып, тәрбиелік
әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері:
Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,
ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд,
суреттер, үлестірмелі материал, көлеңкелі
театр.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Бақыт
деген осы шаттық шеңбері
Қол
ұстасып тұрайықшы кел бері.
Бақыт
деген көрмей қалса сағынып ,
Мені
іздейтін адал жүрек сендегі
Жарайсыңдар
балалар!
Балалар,
барлығымыз терезеге қарап қазір жылдың
қай мезгілі екенін айтайық? Қыс- зима-
winter
Қыс
мезгілінде қанша ай бар? 3 ай бар
Желтоқсан,
Қаңтар, Ақпан. Декабрь , Январь, Февраль.
December, January ,February
Балалар
мнемокестеге қарап қыста қандай
өзгерістер болатынын айтады.
.
Шарты:
балаларға аудио арқылы қардың сықырлаған
дыбысын, жел ұлуын, тыңдату .
Мақсаты:
есте сақтау, есту ,дыбыстарды ажырату
қабілеттерін дамыту.
-Балалар,
мен сендерді Солтүстік полюстегі ертегі
әлеміне апарғым келіп тұр. Ол жақта біз
қар туралы көп мәлімет алатынымызға
сенімдімін . Ол үшін
бізге ұлпа қарды үрлеу керек .
Балалар
шеңберге тұрып қолғаптың бетіндегі
қарды үрлейді .
Аққала:
Сәлеметсіңдер
ме, балалар! Жағдайларың қалай?
Балалар, сендерден
көмек сұраймын.
Мен шаңғы теуіп,
таудан түсіп келе жатқанда құлап, денем
бөлшектеніп қалды. Денемді құрастырып,
біріктіріп беріңдерші....
-Балалар
Аққалаға көмектесемізбе?
-Ал,
олай болса балалар біз дамытушы
орталықтарға барып оқу қызметімізді
жалғастырамыз.
Тәжірибе
арқылы қардың қасиеттерімен танысамыз.
1.Қардың
түсін ажырату және қардың жылы жерде
суға айналып , суық жерде мұзға айналатынын
тәжірибе арқылы айтып түсіндіру, көрсету
.
2.Қар
қиыршықтардан тұратынын тәжірибе арқылы
көрсету
3.
Ыдысқа тұз бен қарды араластырғанда ,
қардың еріп кететінін тәжірибе арқылы
айтып түсіндіру, көрсету.
4.
Келесі тәжірибеміз құрғақ мұздың буға
айналатынын тамашалаймыз.
Ыдысқа
құрғақ мұзды оған сиқырлы шайнекпен
қайнаған су құйямыз ,осы сәтте ыдыстан
бу ағылып жерге жайылады .
Балалар,
мен сендермен керемет ойын ойнағым
келіп тұр. Барлықтарынды ойын алаңына
шақырам.
-Жарайсыңдар,
балалар.
Балаларды
зерттеу орталығына шақыру.
Балалар,
ас содасымен көбікті араластырса
жасанды қар шығады екен .Олай болса
менімен бірге жасанды қар жасауды
үйренейік .
5.
Алдымен ыдысқа 5 ас қасық ас содасын
салу керек ,енды көбікті қосамыз.Осы
кезде жасанды қар пайда болады .
Балалар,
сендер аққала жасай аласыңдар ма?
Жақсылап
араластырып алып ,дөңгеленген аққала
бөлшектерін жасап аламыз, енды осы
бөліктерді біріктіріп аққала жасаймыз
.
-Аққала,
біздің балалар сені көңілді жүрсін деп,
ойнағанда қасына серік болсын деп
көптеген аққалалар дайындап қойды. Енді
солармен асыр салып ойнасаң болады.
Аққала: -Балалар,
сендерге көп-көп рахмет, менің денемді
біріктіріп бергендеріне. Енді абайлап
ойнайтын боламын.
Сендерді
солтүстік полюстегі керемет құбылысты
тамашалауға шақырамын . Балаларға
ғажайып полярлық шұғыласын көрсету
Күтілетін
нәтиже:
Қайталайды
: қыс
ерекшеліктері(суық, аяз,жылы киіну) .Ас
содасы мен көбікті қосу арқылы аққаланың
жасалу жолдарын бейнелей алады .
Түсінеді
: дидактикалық
ойындар арқылы қыс туралы білімдерін,
қардың түсін,қандай жағдайда еритінін,
еріп неге айналатынын түсінеді .
Қолданады: қыстағы
адам еңбегін қадірлеуді, қыс қызығының
неде екенін,
жасанды
қар жасауды