400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Асыл әжелер" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұйымдастырушы-педагогтерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы «№3 арнайы

мектеп-интернат» КММ тәлімгері

Даутканова Арайлым Ғалымжановна


«Асыл әжелер» сайысы

Мақсаты:  Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, әжелердің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктер: слайд, шарлар, банер.

Өтетін орны: салтанат залы

Басталуы: 3 наурыз, 14:30


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

Күй: «Ата толғауы»

Орындайтын: «Сұлусаз» фольклорлық ансамблі


Фанфары ойналады (жүргізуші сахнаға шығады)

І. Ұйымдастыру

1)Кіріспе сөз

Жүргізуші: Армысыздар ма құрметті қонақтар, ата аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің өткелі тұрған «Асыл әжелер» сайысына қош келдіңіздер!
Немере үшін ең мейірімді жан - әже. Ақ сүт берген аналардың анасы - әже . «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын. Мереке күніне орай ардақты асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған  сайысымызды біз бастаймыз.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1.«Шаңырағым, шаттығым» - таныстыру

2.«Білгенге маржан» - қазақ халқының ұмыт бола бастаған салт дәстүрлерінің мағынасын ашу.

3.«Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету;

4. «Ас - адамның арқауы» - үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.

5. «Шебердің қолы ортақ» - қолөнер бұйымдарымен жасап әкеліп, таныстыру.


Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен, әжелерімізді немерелерімен ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.


  1. Бойжетіп, келін болып, ана болған.

Ұл өсіріп, қыз өсіріп әже болып

Немере сүйіп бұл күнде дана болған.

12 немере, 4 шөбере сүйіп отырған

Нұртай әжемізді немересі Назеркемен бірге қарсы алайық.

  1. Әжеміз біздің аяулы,

Сыйлайды оны барлығы.

Парасатты әже атанған,

7 немере сүйіп отырған,

Зулейха әжемізді Мирас атты немересімен шақырамыз.


  1. Инабатты әже атанған,

Он саусақтан бал тамған.

Үлкендерден бата алған.

8 немересі бар, Бану әжемізді Алижан атты немересімен сахна төріне шақырамыз.


  1. Бізге әркез тілекші боп жүретін
    Қуанышымызға ортақ бола білетін
    Мейірімді әже – Майра әже,

5 немересі бар,
Майра әжемізді Зере немересімен қарсы алайық!


  1. Еңбекке қатты құмар бұл,

Талай биікке шығар бұл.

Ең жас әже әдепті

7 немере сүйіп отырған

Райхан әжемізді Ернұр немересімен сахна төріне шақырамыз.


Сайысымызға төрелік айтып, әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.


1. «Семья орталығы» қоғамдық қорының директоры, мектебіміздің қамқорлық кеңесінің төрайымы - Жибраева Жанна Жагыпаровна

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ибраева Жанна Мырзагалиевна

3.Түзету-дамыту пән бірлестігінің жетекшісі – Базарбаева Жанар Женисбековна

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Асқар тау, биігіміз сенсің – әже,
Жүрегің теңіздей кеңсің – әже.
Ұл қызың армансыз болар еді,
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең – әже.

І кезең - «Шаңырағым шаттығым» - таныстыру сайысын бастаймыз. Бірінші болып шығатын Нұртай әжемізді шақырамыз.

Зулейха әжемізді шақырамыз.

Бану әжемізді шақырамыз.

Майра әжемізді шақырамыз.

Райхан әжемізді шақырамыз.

Жүргізуші: Ана деген мәпелейді баланы,

Ақ бесікте тербетеді ғаламды.

Әр сөзі күн нұрындай жылы тиер,

Ұлықтайық , замандастар, ананы!

Ән: «Мен қазақтың ұлымын».

Орындайтын: Смағұлов Дәулет

Жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Қол өнер әдемі сәнділікпен,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда - дегендей біздің ІІ-кезеңіміз «Білгенге маржан» деп аталады. Мұнда қатысушыларымызға үй тапсырмасы берілген болатын.Ұмыт бола бастаған ұлттық салт дәстүрлерінің мағынасын ашатын болады.

Бірінші болып шығатын Нұртай әжемізді шақырамыз.

Зулейха әжемізді шақырамыз.

Бану әжемізді шақырамыз.

Майра әжемізді шақырамыз.

Райхан әжемізді шақырамыз.

Ән: «Деспасито».

Орындайтын: Инструменталды септет


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тітті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүсең менше сүй- деп «Өнерлі - өрге жүзер» - кезеңіне де келдік (әжелердің өнерлерін тамашалау).

Бірінші болып шығатын Нұртай әжемізді Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әнімен шақырамыз.

Зулейха әжемізді Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» әнімен қарсы алайық!

Бану әжеміз Ыбырай Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек» көрінісін немересімен бірге қоймақшы. Назар аударайық!

Майра әжеміз «Әже мен немере» арасындағы көрінісін көрсетеді. Ду қол шапалақ!

Райхан әжеміз «Сусамыр-елдің жайлауы» әнімен сахна төріне шақырамыз

Ән: «Атам мен әжем»

Орындайтын: Кеңесханова Медина

Жүргізуші: Тентек болсам ашылып,

Жақсы іс қылсам, асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттісін де жасырып- демекші, келесі кезең «Ас - адамның арқауы» деп аталады. Әжелер өздері дайындап келген тағамы жайлы айтып түсіндіретін болады.Ал, ендеше бастайық!

Бірінші болып шығатын Нұртай әжемізді шақырамыз.

Келесі кезекте Зулейха әжемізді шақырамыз.

3.Бану әжемізді шақырамыз.

4.Майра әжемізді шақырамыз.

5.Райхан әжемізді шақырамыз.


Жүргізуші: Әже мерейі күн көзімен пара-пар,

Тұлға бойға қуат беріп таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер-дей келе соңғы сайысымыз- «Шебердің қолы ортақ» - қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

Бірінші болып шығатын Нұртай әжемізді шақырамыз.

Келесі кезекте Зулейха әжемізді шақырамыз.

3.Бану әжемізді шақырамыз.

4.Майра әжемізді шақырамыз.

5.Райхан әжемізді шақырамыз.


Жүргізуші: Сахна төріне ақ әжелерімізді шақырамыз. Бүгін бізге әжэелеріміз халық әндерін орындайтын болады. Қабыл алыңыздар!

Халық әні: «Гүлдерайым». Орындайтын: «Әжелер» ансамблі.

Халық әні: «Бүлдірген». Орындайтын: «Әжелер» ансамблі.

Халық әні: «Желбір желек». Орындайтын: «Әжелер» ансамблі.

ІІІ. Қорытынды

Ендігі кезекте әжелеріміздің жылы лебізін тыңдайық. (Бір әжеге тілек айтқызу.)

Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Акрам Асемханұлына береміз.

Сайыс қорытындысын білу үшін әділқазы алқаларына сөз береміз.

Жүргізуші:  Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі өнерлерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін.

Осымен «Асыл әжелер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтындай уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға мың да бір алғыс! Келген аяқтарыңызға гүл бітсін. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, ағайын! Мереке құтты болсын!

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі