400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асыл әжем, аяулы анам

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Асыл әжем, аяулы анам»

Жүргізуші:Қымбатты асыл әжелер, аяулы аналар мен көктемдегі құлпыраған қыздар, балабақшадағы ақылшы апайлар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.


Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!Балаларыңыздың сіздерге арналған «Асыл әжем, аяулы анам» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Залға көңілді әнмен,ұлдар қолдарына гүл алып кіреді бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.



Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Лаззат Бауыржанқызына береміз.



Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән: «Ән айтамыз анаға» бәрі бірге

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!



Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап Бейбарыс

Жаны жайсаң аналар!

Анам менің анашым

Сені жақсы көремін

Мерекеңмен бүгінгі

Құттықтаймын мен сізді Бағжан

Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең Жанайым

Бәрімізге анасың


Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым Ақереке


Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мерекеңмен

Құрметті аналар! Рамазан

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз. Аяна


Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\


Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Мен көңілді көктеммін,фффффффффффффффффффффффффффф

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !


Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Ұлдарымыз моряк биін билегенде

Қол соғып демеу берер көрермендер

«Моряк биі» орын Жан, Рамазан, Ернұр, Ержүрек, Темірлан.


Жүргізуші: Балалар бізге қонақа балапандар келіпті. Бірақ олар өте көңілсіз.

(Балапандар жылайды)


Жүргізуші: Сендерге не болды? Неге жылайсыңдар?

Балапандар: Анамыздан адасып қалдық?Анамызды қалай табамыз?

Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?

Жүргізуші:  Егер күн болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап

қалған шығар, күн болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.

1-ші балапан: Күнді тауып ояту керек.

Жүргізуші: Балапандар, сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай

табасыңдар? Сендермен бірге көктем барсын.

Көктем: Жақсы мен бірге барайын.

Көктем:Ал енді біз күнді іздеуге барайық. Жолда кімді кездестірсек, содан сұраймыз. (Балапандар

жолға шығып кетеді, алдарынан мысық шығады).


Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.

Көктем: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?

2-ші балапан: Біз анамыздан адасып қалдық

Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.


Мысық: Мен  үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін. Сендер оданда иттен сұраңдар?

Көктем: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ойату керек екенін. Мына балапандар аналарынан адасып қалыпты.  

Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана күн оянады.


Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз  балапандарға көмектесейік, күнді оятайық. Ол үшін «Алақан соқ» өлеңін айтайықшы, содан кейін  күн шығады.

Ән: «Алақан соқ».

Күн: Кім мені оятқан?


Көктем: Күн тезірек шықшы. Мына балапандардың анасын тезірек тауып берейікші.

Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп жатыр.

(Күн шығады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Күн ортада).

Тауық шығады: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең таптым, қатты сағындым.

Балапандар: Хормен: Алақай, анамыз келді!

Тауық: Рахмет көктем менің балапандарымды тауып бердің дер енді үйімізге барайық .

(шығып кетеді)


Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүрейік.


Жүр: Балалар күнде кәмпит әкеліп беретін кім? Әже

Олай болса келесі тақпағымызды әжеге арнайық.

Әжетай , нұрға толсын жүзіңіз

Қуаныңыз шаттаныңыз күліңіз

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман-есен ортамызда жұріңіз!

Мерекең ұзағынан бола берсін,

Үй-ішің неменре шөбереге тола берсін! Айбибі Ж

Әже деген көп шығар

Әжемдей адам жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай жақсы күлкісі Кәусәр.

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой әжелер

Зор денсаулық, мол бақыт Айбибі С

Тілейміз біз балалар

Әжемді жақсы көремін

Айтқан тілін алып жүремін

Қасымжа әжем жүргенде

Шаттанып ойнап күлемін. Айзере

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі. Ернұр


Менің әжем жыр әжем

Шуағы мл ,нұр әжем Бахытжан

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз. Мансұр.

Жүр: Әжелерімізге арнап «Әжем менің « әнін орындап берейік.


Көктем: Балалар мен сіздерге әдемі гүлдерімді алып келдім кәне ойын ойнайық.

Ойын: «Кім көп гүл жинайды?» Шарты: Ортаға екі ұл ,екі қыз шығады шашылған гүлдерді қыздар бөлек, ұлдар бөлек себетке жинайды . қайсысы көп гүл жинаса сол балалар жеңіске жетеді.

Жүр: Қызыл сары көбелек

Гүлге қонсын би-билеп

Ал ендеше көрермен

Қошеметте қол соғып

«Көбелектер» биі Дамира, Әмина, Кәусәр, Ақбота, Айзере,Аяулым


Кезекті тақпақтарға берейік.

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейірімді ғой керемет. Бақтияр

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде Санжар

Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын Дамир


Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін. Дамира


Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам Ержүрек

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам Жан


Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын Нұрсұлтан.


Боташым дер саған

Кім сүйікті адам

Ол-менің анам Айбек

Ән: «Гүлдің ана бағбаны»

Ойын: «Кім епті» Шарты: Аналар қолына бокс қолғабын киіп , фасоль ішінен көнфеттер тауып алу кере


Аибибі ,Бақтияр.,Жанайым Бейбарыс, Аяна ,Бағжан. Ақерек Дамир Аибибі Нұрдәулет


Тақпақтар:

Ақ жүректе сақтаған

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам Аяулым

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып


Ұзақ өмір сүріңіз Әмина


Баланың да тірегі

Дананың да тілегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі Темірлан

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын Ақбота


Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым. Нұрдәулет

ЖҮР.Биші балаларыңыздың «Тұлпарым» биін қабыл алыңыздар. Санжар, Нұрсұлтан , Айбек. Мансұр, Бахытжа


Ойын: «Әжеге дастархан жасаймыз» Шарты: Екі бала шығып столға ыдыс қойып жарысады.

Жүр: Ортаға аналарымызды шақырамыз. «Анамен би» Аналары балаларымен бірге билейді.

Ән: «Анаға сыйлаймыз»

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Балаларымыз әдемі әуен ырғағымен өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына табыстайды.


Жүр: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі