"Асыл ана"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асыл ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобына арналған "Асыл ана" тақырыбында өткізілген Аналар мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белес МББК КММ











Тақырыбы:

А С Ы Л А Н А

«Айгөлек» аралас тобы













Тәрбиешілер: Мамбетказиева Г. Т.

Куаншалиева Г.Ж.

Музыка жетекшісі: Саламатқызы Т.













2024 жыл

Тақырыбы: Асыл ана

Мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер арқылы балаларға анаға деген мейрімділікке тәрбиелеу. Ана туралы, әже туралы әндер, өлеңдер арқылы сүйіспеншілікке, қадірлей білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу.

Барысы: зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген. Көңілді әуен қосылып, аналарды қарсы алу.

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, қадірменді балабақшамыздың асыл әжелері мен аяулы апайларымыз бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз халқаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! «Айгөлек» тобы дайындаған мерекелік ән шашуымызға қош келдіңіздер! Ортаға «Айгөлек» тобы бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы аламыз.



Балалар қолдарында сыйлыққа гүлдері бар кіріп, апайларға ұсынады. Ортаға жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: сөз кезегі балабақшамыздың әдіскері Зинахай Фатима Сағынайқызына беріледі.

ӘН: Анашым қартаймашы

Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ

Тосын сәт: қолында ауыр сөмкесі бар, әже ортаға кіреді.

Әже: Амансыңдар ма, балаларым қалдерің жақсы ма, мен базарға азық түлік алуға барып едім, немере қызымды таппай қалдым сендер көрген жоқсыздар ма? Мына сөмкелерімде ауыр ақ, уф шаршап кеттім....

Жүргізуші: әже бақшамызға қош келдіңіз, балалар кәне не тұрыс әжеге көмектесейік.

Балалар әжеге қамқорлық көрсетеді.

1- бала отырғыш береді

2-бала сөмкесін көтереді

3-бала аяқ киімін кигізеді

4-бала қан қысымын өлшейді

5-бала су әкеліп береді.

Әже: жарайсыңдар шырақтарым, өркендерің өссін болашақтарың жарқын болсын! Жақсы ақылды бала болыңдар, қарияның батасын алыңдар.

Жүргізуші: Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен

Аппақ әжем, ақ әжем

Мейіріммен тербеткен

Аман болсын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Әрқашанда аман боп

Жүзге жетсін жасыңыз!

Жүргізуші: Әже біздің балаларымыздың сізге арнаған әндері мен тақпақтары бар ендеше соған кезек берейік. Ортаға Дәулет, Нұрлы, Арман, Мадина және Арланды шақырамын.

Балалар тақпақтары:

Дәулет:

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем

Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем

Нұрлы:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Әжем менің өйткені

Өте жақсы көреді



Арман:

Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген

Мені жақсы көрген

Ертегі айтып берген

Әжем менің қандай

Әжем менің балдай



Мадина:

Әже деген көп шығар

Әжедейі жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Арлан:

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем



ӘН: «Менің әжем»

«Айгөлек» тобы бүлдіршіндерінің орындауында.

Тосын сәт: Ортаға Көктем аруы келеді.

Сәлеметсіздер ме, балалар көктемдей құлпырып жайнап тұрсыздар, қыздар, апайлар келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: армысыз Көктем аруы, қош келіпсіз! Төрлетіңіз біздің балаларымыз жырдан шашу шашсын. Ортаға Арнұр, Аруназ, Али, Нарұл, Асылым, Эльман, Ақжол, Тамерлан, Әмина, Алихан, Әнуар, Арсенеий, Іңкәр және Диасты шақырамын.

Балалар тақпақтарына кезек береміз.

Арнұр:

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

Аруназ:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Али:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Нарұл:

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

Асылым:

Менің анам ардақты

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын

Мәпелейді анашым

Эльман:

Ең бақытты өмірде

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп

Ойнаңызда, күліңіз

Ақжол:

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейрімді ғой керемет.

Тамерлан:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Әмина:

Еркелеттің асырадың

Мойныңа кеп асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын

Алихан:

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен сізге

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

Әнуар:

Еркелеймін шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші, ақ мамам

Арсений:

Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

Іңкәр:

Ақылшымсың анашым

Ұзақ өмір сүріңіз

Айналайын анашым

Алдымызда жүріңіз.

Диас:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.


Көктем аруы: менде құр келмедім өзімнің көктемгі гүлдерімді ала келдім, ендеше қыздармен бір әдемі биге кезек берейік.

ҚЫЗДАР БИІ.

Көктем аруы: кәне жігіттер босқа тұрмайық апайлар мен қыздарға сыйлықтарымызды тартайық.

Жүргізуші: келесі кезекті тағыда жырдан шашуға берейік. Ортаға Нұрайна, Хан, Айша, Зарема, Имран және Сезімді шақырамын.

Нұрайна:

Ана деген өмірдегі ұлы есім

Бақ тілесе анадай ақ тілесін

Ана деген ардақты ат сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Құрметтеп ананы

Құттықтаймыз бүгін біз.

Хан:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой

Ән жырымен дүниені тербеген

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой

Айша:

Баланың да тірегі

Ананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Зарема:

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ер жүрегің елжіреп

Құшағына аласың

Айналайын анашым

Аялайсың бағасың

Менің үшін не керек

Бәрін іздеп табасың

Имран:

Ақыл айтып баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам

Кемеңгерсің данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым!

Сезім:

Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың

Әлпештедің, аяладығ, өсірдің.

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін

Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің

Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

Туғаннан «құлыным» деп аймалаған

Өзіңдей қамқор адам қайда маған

Дүние аналармен көрікті ғой

Анасыз бұлбұл құста сайрамаған.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар! Кезекті әнге береміз

ӘН: «Анашым»

Жүргізуші: бүгінгі шарамызды балалардың аналарына дайындаған керемет қойылымы бар екен ендеше соны тамашалайық.

Мерекеге арналған шашу.

Жүргізуші: осымен бүгінгі шарамыз аяқталды қош сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі