400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асыл анам ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып,аналарын ешқашан ренжітпеуге,қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Ай – Сана бөбекжай балабақшасының»

меңгерушісі__________Ж. Даулетбекова










«Асыл анам»

ертенгілігі

II – кіші «Құлпынай» тобы





2018ж


Тақырыбы: Асыл анам

Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып,аналарын ешқашан ренжітпеуге,қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырған: Шамамбекова Ж

Жүргізуші: Шамамбекова Ж

Музыка жетекшісі: Рахимова Т

Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарынан ұстасып әсем безендірілген залға кіреді.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті құрметті қонақтар, аналар,әжелер,ұстаздар! Келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Мерекелік «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді.

Мәпелейді, әлдейлейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына уақыт табады.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен,

Құрметті аналар! - дей отырып,сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Бәрі бірге:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Арсен Расул

Өзің мені өсірген Анам менің ақ анам

Айналайын ақ әжем Менсіз таңы атпаған

Тентек болсм кешірген Менсіз күні батпаған

Ауырмашы жан әжем. Мен ұйықтамай жатпаған

Алижан Асылжан

Анаң болса қасыңда Баланың да тірегі

Басқа бақыт не керек Даланың да тірегі

Аналардың жүрегі Шаршамасын ешқашан

Мейірімді ғой керемет. Аналардың жүрегі

Ернұр Қайыржан

Айналайын анашым Менің әжем гүл әжем

Аялайсың, бағасың Алтын әжем күн әжем

Мен үшін не керек Анам үшін, мен үшін

Бәрін іздеп табасың. Нағыз ана тілі әжем.



Айсұлтан Каусар

Жақсы көрем күлкіңді Таусылмайды өлеңі

Айналайн ақ анам Күнде айтып береді

Менің анам сүйкімді Әжем мені өйткені

Бәрінен де жақсы адам. Өте жақсы көреді

Каусар Алибек

Тіс ауырса, іш ауырса Ақ анашым аппағым

Мамам дәрі береді Өзің жайлы тақпағым

Барлық бала, барлық ана Өзің жайлы әнім де

Оны жақсы көреді. Арнадым саған бәрін де

Алихан Томирис

Теңдесі жоқ данасың Ең қымбаты өмірде

Арқа тұтар панасың Ана екен біліңіз

Еңбегіңді ақтайын Ана жанын түсініп

Аман болшы анашым! Ойнаңызда күліңіз

Жүргізуші: балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалар айтыңдаршы.

Бұл қай кезде болады?

Балалар: көктемде. (залға музыка әуенімен қолында сыйлық салынған себетті бар көктем кіреді)

Көктем: сәлеметсіздер ме, балалар, ардақты аналар!

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем.

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін,

Құтты болсын аналар!

Жүргізуші: Ару көктем, біз сенің келгеніңізге өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақ айтып береді.Көктем сен балаларға не әкелдің?

Көктем: мен сендерге көктемгі күннің шуағын алып келдім.

Жүргізуші: қане балалар, кун шуақтарын алып аналарымызға «Әр қашан күн сөнбесін» әнін орындап берейік.

Ән: Әрқашан күн сөнбесін.(хор)

Жүргізуші: Армысың ару ана, абзал ана

Анаға тең келетін бар ма дана, - дей отырып, келесі кезекті қыздардың биіне береміз.

Би: «Қуыршақ»

Көктем: жарайсыңдар балалар! Бәрің де өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Науырыздың 8 –і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі – дей отырып, балалардың орындауында

«Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ақ мамам (хор)

Жүргізуші: біздің ұлдарымызда аналарына арнап би дайындап келді.

Би: «Маряк»


Көктем: Қандай керемет. Балалар сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Иә, біздің балалар аналарына арнап тағы бір би дайындады.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: келесі кезекті аналармен ойынға береміз.


Ойын: «Ананың мейірімді алақаны»

Шарты: аналар өздерінің мейірімді алақандарымен балаларын сипап сезу арқылы табу керек. (Аналардың көздері байлаулы болады)

Көктем: жарайсыңдар балалар! Бәріңде өнерлі екенсіңдер. Балалар енді менің кететін уақытым болды. Мені басқа да балалар күтіп отыр.Сау болыңдар.

Балалар: сау болыңыз Ару көктем.

Жүргізуші: балаларымыздың орындауында «Біздер үйдің гүліміз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Біздер үйдің гүліміз»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті аналар, балалардың өз қолдарымен сіздерге арнап дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.Осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі