400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асыл анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
адістемелік көмек. Ананы курметтеуге балаларды баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асыл анашым

Ана есімі әрқашанда құрметті де, құдіретті. Ана – асыл жан. Өмірдің иесі, кілті ол – Ана. ,Өмірде ананы қастерлеп, қадірлеу міндетіміз. «Әуелі анаңа, тағыда анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»- делінген Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде. Жұмақтың кілті ананың табан астында. Ананың ыстық алақаны, әкенің оқтай қадап «балам» - деп айтқан өсиеті әр баланың жадында мәңгілік сақталады. Ана - өмірдің айнасы. «Анасына қарап, қызын ал», - деген мақалымыз бекер айтылмаса керек. Ана үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі.

Өмірімде жаныма жақын қымбаттым, сырласым, сұлуым, өмірімнің мәні мен сәні – Анам. Себебі, тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, бақытты балалық шақ сыйлап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қанатының астына алып мәпелеп өсіріп, жеткізіп – жетілдірген ол асыл анашым. Анамның аты-жөні Сәуеллева Нурихан Кәдірқызы. Алматы облысы Кеген ауданында тұрады. 4 бала өсіріп, оларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған асыл анама үлкен алғыс, мың тағзым. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді, асыл Анашым. Сіздің алдыңызда ешуақытта сізге деген қарызым өтелмес. Меккеге жаяу үш рет апарып әкелсемде сіздің әрбір көз ілмеген түндеріңізге, әрбір ағарған ақ самай шаштарыңызға қарыздармын. Сізді Асыл Анашым көктемнің жадыраған, жайқалған 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Басыңыз аман, деніңіз сау болсын. Әрқашанда Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыз. Көктемнің жайма шуақ күніндей құлпырып жүре беріңіз.

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған

Бір өзіңнен қуат алып өмірде.

Сенің салған сара жолды жалғаған.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзіңді періштеге балағам

Ауырмашы, қартаймашы ешқашан,

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі

Аман жүрсең маған сол ғой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиіңнің жұдырықтай жүрегі.

Асыл Анашым сізге мың алғыс, басымды иіп тағзым етемін өзіңізге.

Салқынбаева Маржан Төлебаевна Алматы облысы Қаскелең қаласы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі