«Асыл арна» тарауы бойынша тест
№2
ІІ-нұсқа
Аты:
1. Қарабатыр ертегісінде неше құс балаға
келді?
А) 6 Ә) 5 Б)7
2.Қарабатыр қай елдің қолына
түсті?
А) тәжік Ә) түркімен Б) қырғыз
3. ............ өлексе жеп тауысқан деп қай
құс туралы айтылған.
А) сауысқан Ә) қарға Б) тырна
4. ....Мұндай сұмдық ниетті тұтқындар да
сезеді. Сезгенмен, шара бар ма, қапа болып қабырғалары қайысады.
Қатал үкімнен құтылудың жолын таппай дал болады.-деген жолдар қай
мәтіннен үзінді?
А) Әйел-Ана Ә) Қарабатыр Б) Ормандағы
оқиға
5. «Қап-қара Қараағаштың шыбықтарымен дос
болыңдар. Мінездері дойыр. Түрлері сиықсыз. Ішсе-ішкенге,
жесе-жегенге тоймайтын қанағатсыздар. Аулақ жүріңдер олардан,
сүйріктей сұлу ақ бөпелерім. Бүкіл орманға күлкі боласыңдар»,-деген
сөз қай ағаштың талдарына арналған еді?
А) қайың Ә) қараағаш Б) тобылғы
6. Қайнекей Жармағанбетовтың «Ормандағы оқиға»
мәтінін қандай ағаштар туралы?
А) қайың, қарағай, терек Ә) тобылғы, қараағаш,
қайың Б) қайың, шырша, емен
7. ...Ерте, ерте, ертеде, ешкімнің табаны
тимеген ен далада ........ мен ....... жайқалып өсіп тұрыпты.
Жапырақтары үлкейіп, тамырлары тереңдеген соң, екеуі де түйнек
салыпты.-деген мәтін кімдікі және қай мәтіннен
үзінді?
А) Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы
оқиға»
Ә) Жолтай Әлмашұлы «Қауын мен
Қарбыз»
Б) Ақселеу Сейдімбек «Әйел-Ана»
8. Өлеңнің жалғасын тап:
Бұлардың машақаты аз
болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз
болмады.
А) тартады Аққу көкке, Шаян
кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан
шіркін.
Ә) тартса да бар күштерін
аямай-ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Б) Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір
күн,
Жегіліп, тартты үшеуі
дүркін-дүркін.
9. Мына өлең не жайында? Авторы
кім?
Үйір болса жұмысқа,
Жатпас еді үйіліп,
Уыстай бір қуыста.
А) А.Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм
Шаян»
Ә) С.Торайғыров «Арыстан мен
Тышқан»
Б) О.Әубәкіров «Ара мен шыбын»
10. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен
Тышқан» өлеңінің негізгі ойы не? Өз ойыңды
жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11. Қастек Баянбаевтың «Араша» өлеңінде
жанжалдасқан жануарларды ретімен жаз.
|
Торғай
|
Мысық
|
|
Шыбын
|
Бала
|
|
Құнан
|
Ит
|
12. Өлең не туралы?
Қазақстаным
Естисің ылғи
Қай жаққа құлақ түрсең де
Өмірдің күйін
(Теңеулер келмей тұр шенге...)
Адамзат білген, білмеген барша
байлықтың
Киелі туған топырағым,
Бәрі-бір сенде!
А) Қайрат Жұмағалиев «Туған
өлкем»
Ә) Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен
Отаным»
Б) Қасым Аманжолов «Туған жер»
13. Елтаңба және тудың авторларын
тап.
А) Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсарин
Ә) Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков, Шакен
Ниязбеков.
Б) Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Оспанхан
Әубәкіров
14. Өлеңнің жалғасын
тап:
Ертеде Түркістанды Тұран
дескен,
Тұранда ер түрігім
туып-өскен.
А) Киелі Түркістандай жерде
туған
Түріктің тәңірі берген несібі
ғой.
Ә) Тұранның топырағында тыныштық
тапқан,э
Алаштың арыстаны-Абылай ері.
Б) Тұранның тағыдыры бар
толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер
кешкен.
15. Ы.Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неде?»
деген мәтінде қай жануар не туралы айтқанын тап. Жанына
жаз.
|
Қорқатық
|
|
Махаббат
|
|
Аштық
|
|
Жаман мінез
|
|
Тәнімізден
|
16. ......Мен бұл сөзге қатты қуандым.
Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше
келген адамды құшақтап сүйіп алуға сол уақытта әзір едім. Бірақ
балалық, ұялшақтық жеңген мен іркіліп қалдым.-деген қай мәтіннен
үзінді кім туралы еді?
А) Жолтай Әлмашұлы «Қауын мен
Қарбыз»
Ә) Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық
неде?»
Б) Спандияр Көбеев «Орындалмаған
арман»
17.Білім туралы 4 мақал-мәтел
жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________