400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асыл жүрек 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма және эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асыл жүрек
Жылы сезім жүректе сақталады, мейірімділік тек жүректен
басталады”. Адамшылық, мейірбандық қасиеттерді әр адам өзінің бойына
сіңіріп, әрбір адам баласын өз бауырым деп санауы тиіс.
Сонымен, мейірімділік дегеніміз не?
Мейірімділік-ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік
адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін,
жан-дүниесін жадырататын, шат-шадымен тіршілігі үшін қажетті аса
маңызды қасиет.
Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса қандай
болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен
деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір
сүргіңіз келе ме?
Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады ”-
демекші, елімізде әртүрлі қайырымдылық қорлары бар. Қамқорлықты қажет
ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам
басады.
Еске түсіретін болсақ, Мақтаарал жерін су басып кеткен болатын. Ауыл
тұрғындарының үйлерін, барлық дүниесін су басып, адамдар шарасыз хәлде
қалған еді. Сол уақытта да бауырларымызға киім жинап, тамақ жіберіп
барынша көмектескен болатынбыз. Қазірде тұрғындардың үйлерін қайта
жасау жүзеге асырылған. Тағы айта кететін болсақ, әлемді шарлап алған
пандемия барлымызға қиын кезең болды. Карантин жариялануына
байланысты көптеген мекемелер жұмысын тоқтатып, жұмысыздық көбейді.
Халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеді. “Biz Birgemiz” атты ұранмен
халқымызға қол ұшы созылып, көмек көрсетілді. Әлеуметтік тұрмысы төмен
отбасыларын қайырымды жандар азық-түлікпен қамтамасыз етті. Әсіресе,
маусым-шілде айларында дәріге мұқтаж болғанымызда, адал жандар
дәрілерді тегін таратқан болатын. Елімізде мұндай жағдайлар аз емес. Міне,
адал жандардың барына, әлі де бала болсам да көзім жетті. Адам баласының
бойындағы әділеттік, мейірімділік, жомарттық, рақымдылық, бауырмалдық
тәрізді ізгі қасиеттерді басты орынға қоя білген Абайдың он төртінінші қара
сөзінде: “Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?”.
Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған
адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады.
Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану
сабағының орны ерекше. Сара Алпысқызы айтқандай Адам-жасаушы,
құрушы. Ол әлемге зұлымдылық, бүліншілік емес, игі істер мен ойлар әкелуі
тиіс”. Жақсылық жасау қолынан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігін
жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа? Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса
құнды қасиеттерді жоғалтып алмауға тырысуымыз керек!
Жандильдаева Аяулым Чингизовна, 10 “Ә сыныбы

Жетекшісі : Нысангалиева Менсулу Кайржановна
142 ЖББ мектеп, Түрксіб ауданы, Алматы қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2020
1123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі