400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

“Асыл сөзді іздесен,Абайды оқы ерінбе.”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Күні: 25. 02. 2015

Мұғалім: Есполова Г.О.

Сыныбы: 4 “В”

Тақырыбы: “Асыл сөзді іздесен,

Абайды оқы ерінбе.”

“Абайтану” вариативтік сабақ.

Мақсаты:

1. Ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2. Жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі: шығармашылық

Әдісі: С.Т.О. бағдарламасының әдіс-тәсілдері

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану

Көрнекілігі: интерактивті тақта, магнит тақта, стикер, пікір ағашы, қамшы, қима суреттер, кітап көрмесі.



2. Сабақтың барысы:

Сыныпты ұйымдастыру: сапқа тұрғызу, қонақтарды қарсы алу, сәлемдесу.

- Мұғалімнің кіріспе сөзі : Балалар, біз оқитын мектеп кімнің есімімен аталады?

- Иә, сондықтан да біз 3-ші сыныптан бері “Абайтану” вариативтік сабақ өтіп келеміз. Бұл қосымша сабақ болып табылады. Биыл 4-ші сынып, бастауыш сыныпты аяқтаймыз. Бүгінгі өтетін сабағымыз осы 2 жылда Абай аталарыңның нақыл сөздерін, өлең-жырларын қалай оқып, меңгеріп жатқандарыңды өздеріңмен бірігіп қонақтарға көрсетейік!

- Сабағымыздың тақырыбы: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Мақсаты: интерактивті тақта шығады.

- Балалар, биыл қандай атаулы мерекелерді тойлаймыз?

- Иә, бүгінгі біздің сабағымызға қатысты “Ұлы Абай” аталарыңның 170 жылдық мерейтойы өтпекші.

- Интерактивті тақтада Н. Ә. Назарбаевтың сөзі шығады: мұғалім оқиды.

- Қанекей, ендеше сабағымызға сәттілік тілейік.

- Балалар мына қима суреттерге назар аударайық. Қазір әркім өзі қалаған суреттерді таңдайды. Бұл қима суреттерде Абай өлеңіндегі адамның үш қасиеті:

3. ыстық қайрат – жалын

нұрлы ақыл – адамның ми құрылысы

жылы жүрек – жүрекше бар

(оқушыларға суреттерді көрсетемін)

- Сынып мына үш үстелге отырасыңдар: “Ыстық қайрат”, “Нұрлы ақыл”, “Жылы жүрек” – 3 топ. (таңдаған суреттері бойынша)

- Енді топ көшбасшысын сайлап қойған топ мүшелері сол топ басшысына бағынады. Ортада қамшы жатыр. Жауап беретін топ мүшесі сол қамшыны көтереді.

- Қане, топтың ережесін еске түсіріп жіберейікші.

Оқушылар ережені айтады.

- Ал, біздің сабағымызға қатысып отырған қонақтар сабақ соңында алдарында жатқан қима суреттер арқылы бағалауларыңызды ‘пікір ағашына’ жапсырасыздар. Алдарыңыздағы стикерге жазып та жапсыруларыңызға болады.

Жүрек – сабақ жүрегіме жылы тиіп, жылы жүрекпен қабылдадым.

Кітап – бұл сабаққа айтар ұсынысым бар.

Қасқыр – балаларда батылдық, шапшаңдық жетіспейді...

деген ойларды білдіреді.

- Біз, Абай туралы не білеміз?

Интерактивті тақтадан шығады.

- Ал, Абай атамыз өзі кім?

- Әр топ (топтау стратегиясы бойынша) магнит тақтаға жапсырады.

Интерактивті тақтадан шығады.

4. – Енді, Абай өлеңдерін қай топ көп біледі екен? - интерактивті тақтадан шығады.

- Балалар, өлеңдерін оқиды.

- Абай атамыз, сонымен бірге аудармашы да екен.

- Ал, қай топ Абай атамыздың аудармаларын жатқа мәнерлеп оқып береді?-интерактивті тақтадан шығады.

- Қара сөздерге кезек берейік.

- Енді сынып оқушыларының әндерін тыңдаңыздар!

Баянның сүйемелдеуімен Шыңғыс, Нұрсұлтан, Самат Абай әндерінен поппури айтады. Баян – Дархан, қобыз – Ақбала.

- Аяулымның әні айтылады.

- Балалар, енді біз “түртіп алу” стратегиясын білеміз.

- Сондағы “білгім келеді?” деген бөлікті таңдап, тағы да өзіңді Абай ата туралы не қызықтырады? Не білгің келеді? пікіріңді стикерге жазып, Пікір ағашына жапсырамыз. Оны келесі сабақта талдап, мағлұмат береміз.

- Біз 2014 жылдың қараша айында, күздік оқушылардың демалысында сынып болып, Абайдың туған жері Жидебайда болып, өз көзімізбен көріп, тамашаладық.Сонымен бірге Өскемен қаласындағы этноауылда болдық.Әр ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстық. Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен салынған үлкен мешітте болдық.

5. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

- Абай, Абай –ұлы ұстаз

Қолбасшымыз қол алған

Рахмет, осы қазаққа

Абайды туғызған

Қазақтың данышпаны – ойы терең

Болашақ, бостандыққа көңілі сенген

Өзі өлсе де өлмейтұғын сөз қалдырған

Мінеки, мирас болып бізге келген- дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: М. О. Әуезовтың “Абай жолы” романын сатып алу, сабаққа әкелу. (1/2 томдарын)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі