400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асыл тұқымды қойлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жергілікті жердегі және қазақстандағы асыл тұқымды қой тұқымдарын зерттеп, білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асыл тұқымды қойлар

Племенные овцы

Breeding sheep

Ғылыми жобаның авторы:

7- сынып оқушысы

Қадыр Аслан

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Биология пәнінің мұғалімі

Тахиров Рифхат Ришатович

Мақсаты: Жергілікті жердегі және қазақстандағы асыл тұқымды қой тұқымдарын зерттеп, білу.

Міндеттері: - Жергілікті жердегі қой тұқымдарын анықтау;

-Қойды асыл тұқымды қылып сақтап қалу жолдары мен танысу;

-Қазақстанда қандай қой тұқымдары пайда болғаны жайлы біліп, тереңірек оқу;

-Қойды күтіп, бағу ережелерін білу;

-Қойдан алынытын шикі затты пайдалана білу;

Зерттеудің әдістемесі: Жергілікті жерде бағылатын қой тұқымымен танысып, біліп зерттеу, солар жайлы мәліметтер жинақтау.

Гипотезасы: Жаңадан қойдың қол тұқымдарын жығару теориясын ұсыну.

Жұмыстың өзектілігі

Қой тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймайды, қой шаруашылығының экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының да әлеуметтік жағдайының жақсартады.

Соңғы жылдардағы қой шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар қой шаруашылығына әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды қой басының шамадан тыс күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада қой басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі болғанымен, оларды тез көбейтуге де болады.

Зерттеу барысы: Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салм. 100 – 120 кг (160 кг-ға дейін), саулығы 65 – 75 кг (115 кг-ға дейін), қозысы енесінен айырғанда 40 – 45 кг тартады. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Семіз ісектің сойыс салм. 40 – 45 кг, құйрық майы 10 – 12 кг. Ет түсімі 50 – 55%. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Қошқарынан 3,5 – 5 кг, саулығынан 2,3 – 2,6 кг, қозысынан 0,6 – 1,0 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 110 – 115 қозы алынады. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Меринос - биязы жүнді қой тұқымы. Оған жіңішке біртекті түбіттен тұратын аса бағалы жүн беретін ойлар жатады.

Бұл тұқым б.з.б. 3-2 ғ-ларда Алдыңғы Азияда шығарылған деп есептеледі. Кейіннен Жерорта теңізі елдерінде,18 ғ-да Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Аустралия, Шығыс Еуропа (Ресей) елдеріне тарай бастады. Қазақстанға 19 ғ-дың аяғында әкелінген.

Меринос жүннің жіңішкелігі 14,0-25,0 мкм, ұзындығы 7,5 см. Қырыққан кезде 8-12 кг жүн алуға болады, одан 35-45% таза жүн алынады. 300-400 г. таза жүннен 1 м мата тоқылады. Республикада қой тұқымын асылдандыруда Рамбулье мен Прекос мериносы тұқымдарының маңызы зор. Осы тұқымдарды жергілікті қой тұқымдарымен шағылыстыру арқылы қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, т.б. тұқымдары шығарылады.

Арқар-мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950).

Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады.

Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “Ұзынбұлақ” ш-нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар: Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973).

Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.

Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Біздің жыл санауымыздан бұрын Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауының және өсіруінің нәтижесінде шығарылған. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйрықты (құйрық майы 2 – 3 кг) қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы жіңішке, тұяғы берік, шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Қошқары мүйізді, тірі салм. 55 – 65 кг, ірілері 100 кг-нан жоғары болады, ал саулығы 45 – 50 кг тартады. Табиғи төлдегіштігі, әр 100 саулыққа шаққанда 95 – 100 қозыдан келеді. Еркек қозыларының салм. 4,5 – 5,5 кг, ұрғашысы 3,8 – 4,5 кг. Қозының жабыны туған кезінде бұйраланып тұрады, өсе келе жүн талшықтары ұзарып, бұйралары жазылып кетеді. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Қошқарларынан 3,0 – 3,5 кг, саулықтарынан 2,0 – 2,5 кг жүн алынады. Одан қалың жүн маталар, кілем тоқылады. Сүттілігі 50 – 60 кг-ға жетеді. Сүтінің майлылығы 7 – 8%. Қаракөл қойының еті және майы өте сіңімді әрі дәмді. Қаракөл қойы негізінен Оңт. және Батыс Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда, Оңт.Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі. Қаракөл қойын сұрыптау жұмысымен Қазақ қаракөл ш. ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.


Қорытынды

Қой тұқымын асылдандыру үшін ауыл шаруашылығы министірлігі көп қаржы бөліп, жеңілдетілген неси беріп, біршама немесе қомақты түрде субсидия беріп, олардың асыл тұқымды түрлерін өзге шет мемілекеттерден әкелу керек. Мысалғын Аустралиядан асыл тұқымды меринос қойын әкеп және қазақстандағы арқарлармен будандастыру арқылы қазақтың арқар-меринос қойын қайта көбейтуге мүмкіндік береді. Алайда ондай мүмкіншіліктер қазақстанда өте аз деугеде болады. Сол үшін осы жоспарды кеңінен алып, жақсылап қарастырылу керек. Осы жоспар ауыл шаруашылығы министрлілігіне өтсе көп тұрғыда қаралса онда осы шаруа қолға алынатын еді.





Пайдаланған әдибиеттер:

  1. Қазақ энциклопедиясы

  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Меринос

  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

  5. “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том

  6. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.






Аңдатпа

Ғылыми жұмысының тақырыбы «Асыл тұқымды қойлар» деп аталады. Жұмыстың мақсаты – асыл тұқымды қойлардың түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге қойлардың түрлерін анықтап, насихаттау.

Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол. Қойлардың түрлерін толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі көмекші әдебиеттер арқылы жинақтаған.

Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен, материалдармен толыға түсеріне сенімім мол.


Жетекші: Тахиров Р.Р.

биология пәнінің мұғалімі


Аннотация

Тема научной работы называется "племенные овцы". Цель работы-выявление и пропаганда видов племенных овец, их биологических особенностей, а также видов овец.

Воспитательная значимость работы заключается в том, что на сегодняшний день воспитание детей вожнешии оспект. Более подробно изучаются виды овец. Научные работы учеником были собраны через газеты, журналы, книги, справочную литературу в сети интернет.

В ближайшее время будет продолжено исследование учащихся на эту тему, и я уверен, что его виды будут наполнены рисунками, материалами.


Руковадитель: Тихиров Р.Р.

Учитель биологии.


Anatacia

The theme of the scientific work is called "breeding sheep". The purpose of the work is to identify and promote species of breeding sheep, their biological characteristics, as well as species of sheep.

Educational significance of the work lies in the fact that today, the education of children of magnesii aspect. More extensively studied species of sheep. Scientific works of the student were collected through Newspapers, magazines, books, reference books on the Internet.

In the near future, the study of students on this topic will be continued, and I am sure that its types will be filled with drawings and materials.


Director: Tihonov R. R.

Biology teacher.



Пікір

Қадыр Аслан бұл жұмысында «Асыл тұқымды қойлар» туралы жазылған және мәліметтері жазылған.

Жұмыстың бүгінгі күнгі балаларға жиналған мәлеметтердің тигізер пайдасы мол. Асыл тұқымды қойлардың толығырақ жан-жақты зерттеп осы тақырыпта ашты.

Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларын жеткізе білген. Қадыр Аслан «Асыл тұқымды қойлар» атты ғылыми – ізденіс жұмысы биология саласында өз үлесін қосады деп сенім білдіремін.







Ғылыми жоба жетекшісі : Тахиров Р.Р.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1085
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі