400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Асық- алтын қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Асықты балаларға таныстырып көрсету,ойнату, түсіндіру. Сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Асық- алтын қазынам»

Мақсаты:Асықты балаларға таныстырып көрсету,ойнату, түсіндіру. Сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: асықтар, көрнекіліктер, денсаулық жолдары.


Балалар массаж қимыл қозғалыс ойынын жасайды.

Ұымдастырылған іс- әрекет:

Тәрбиеші:

Балалар бір – бірімізге жақсы тілек айтайық.

Аспанымыз ашық болсын

Деніміз сау болсын

Еліміз аман болсын

Бөбекжайымыз көркейе берсін.

Балалар мына әдемі сандықтың ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Балалар бұл не?

Балалар: асық

Жарайсыңдар балалар.

Асық не екенін білеміз бе?

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады.

Оның түрлері көп. Атап айтқанда сақа, кеней,шүкейт,көктабан және тағы басқада түрлері бар.

Асықтың тұрысының өзі әр - түрлі болып бөлінеді. Алшы, тәйке,бүге, шіге, омпы, шоңқай.

Асық ойыны –қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

-Жарайсыңдар! Олай болса асық туралы мақал –мәтел білеміз бе?

Аянат

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар.

Дана

Асығың алшасынан түссін.

Ендеше балалар төрт түлік малды кім атап береді?

Балалар: Сиыр, Түйе, Қой, Жылқы.

Тәрбиеші: Төрт – түлік туралы мақал –мәтел білесіңдер ма?

Аяжан: Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

Раяна: Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

Рамазан:Түйе ботасымен жарасты,

Тамақ батасымен жарасты.

Айда: Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

-Жарайсыңдар балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Балалар ойын ойнау үшін сіздер үш топқа бөлінулерің керек.Ендеше мойнымыздағы ілулі тұрған қоржынның ішінде түрлі түсті асықтар бар сол асықтың түсі арқылы бөлінеміз (асықтарды фанарик арқылы көреді). Ендеше сиқырлы жолмен ойын алаңына барайық,

Балалар орындарына барады.

1-ойын: Санды салыстыру 1-3 санды тура және кері санау

2-ойын: Үй жануарларының төлдерін табу

3-ойын: Үй жануарларының көлеңкесін жасау.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.

Балалар сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр,Сендер ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

4-тапсырма:

Сергіту сәті:

Лабиринт әдісі арқылы доптарды шелекке салу.Топпен жасау.

Балалар бұл қолымыздағы лабиринт деп аталады бұны біз балалар бірігіп ұстап айналдыру арқылы допты шелекке тура салу қажет.Сендердің ептіліктеріңді шапшаңдықтарыңды көрейік.

Тәрбиеші: балалар жарайсыңдар,сендерге ұнадыма?

Балалар:Ия

5-тапсырма

Мадақтау,қорытындылау

Балалар біз не білдік?

Асықпен қандай ойын ойнадық?

Сендерге қай ойын ұнады?

Жарайсыңдар балалар ендеше орындарымызға тұрайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 маусым
269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі