400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық абақ "Еркіннің еңбегі" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша "Еркіннің еңбегі"атты ашық сабақ. 2 сынып мұғалімдеріне қажет. Бұл сабақ жоспары БиС тенологиясы бойынша жазылған. тақырыпты толық ашып талдауға өте тиімді, абақта қарама- қарсы сұрақтар, сын тұрғысындағы сұрақтар қою арқылы мәтінді толық түсінуге қолайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Класы: 2

Сабақтың тақырыбы: Еркіннің еңбегі

Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.

Білімділік: Әңгімені түсіндіріп, Еркіннің еңбегімен жақынырақ танысу. Оқушылар әңгімемен таныса отырып, негізгі ойды ұғынады.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.

Жылдамдық, логикалық және сыни ойлауды, сөздік қор, ақпараттық құзырлықты дамыту. Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты ояту және ынталандыру. 

Тәрбиелік: Еркін тәрізді еңбекқор және оның атасы секілді оқушыларды мейірімділікке шақыру. Еңбексүйгіштікке ,шыншылдыққа баулу. Еңбек етуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы.

Әдіс тәсілдері: Тірек сөздермен жұмыс, мәтінді оқу, карама- қарсы сұрақ қою, сыни тұрғыдағы сұрақтар, тақырыптық сөздік қор.

Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы, тірек сөздер, мақал – мәтелдер.



Сабақ оқудың макро құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу. Көшбасшыға сөз беру.


2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Материалды меңгеру орынға отырғызу матрицасы бойынша тексеріледі. Бірінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.Үй тапсырмасын қайталау. «Көктем келді» өлеңі бойынша қарама-қарсы сұрақтарға жауап беру.Матрицамен жұмыс



3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөдермен жұмыс:

Еркін

Атасы

Жаз мезгілі

Шалғы

Шөп шабу

Қымыз

Еңбек

7 сөзге 1 минут уақыт беріледі

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі.

5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама – қарсы сұрақтар:

1. Атасы қашаннан бері шөп шауып жүр еді?

2. Еркін атасына не үшін келіп еді?

3. Еркін атасынан нені сұрайды?

4. Атай тоғайға қалай келеді?

5. Биені шалғынға тұсап қойып,өзі не істеуге кетті?

6. Атасы шалғымен бір сермегенде шөптер не істеуші еді?

7. Атасының өнеріне кім қызығады?

8. «Еркіннің еңбегінің» авторы кім?

9. Қызыққан Еркін атасынан нені сұрады?

10. Атасы немересін не алып келу үшін жұмсады?

11. Атасы немересіне нені үйретті?

12. Еркінге берер шалғы қандай болды?

13.Еркін не істеді?

14. Немересі шөпті қалай шапты? Әңгімелеп бер?

15. Атасы немересін қалай мақтады?

16. Немересі үшін атасы не дайындап берген болатын?

17. Жайшылықта ащы деп ішпейтін қымыздың дәмі неліктен дәмді көрінді?

18. Еңбекке байланысты үш мақал айт.

19. Жазда тағы қандай еңбек түрлері бар екенін айт?

20. Атасы Еркінге қандай өмірден түйгендерін айтты?

ООМ бойынша барлық оқушыдан сұралады.

6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1. Атасы жаз шыққалы шөп шауып жүрді.

2. Еркін атасына қонаққа келді.

3. Еркін атасынан мал бағуға мен де барайын деп сұрайды.

4. Атай тоғайға кер биені жегіп,құлынын ертіп тоғайға келеді.

5. Биені тұсап қойып,атасы демалуға кетеді.

6. Атасы шалғымен бір сермегенде шөп тез шабылмайтын еді.

7. Еркін атасының өнеріне қызығады.

8. «Еркіннің еңбегінің» авторы Еркіннің өзі.

9. Қызыққан Еркін атасынан «Мені де шөп шабуға үйретші» деп айтады.

10. Атасы немересін тағы бір шалғыны алып келу үшін жұмсады.

11. Еркіннің атасы оған шөп шабуды үйретеді.

12. Еркінге атасы арнайы шалғы алып шығады.

13. Еркін ұзақ уақыт бойы шөп шабады.

14. Немересінің шөп шабуға күші жетпейді,сол себепті ол демалып жатады.

15. «Еркінжан,сен шөп шабуды үйреніп қалдың. Атаңа күнде келіп тұрсаң,демалысың біткенше нағыз шалғышы боласың» деп мақтайды.

16. Еркінге атасы ешнәрсе демдеп бермейді.

17. Қанша еңбектенсе де, қымыздың дәмі ащы көрінді.

18. Еңбекке байланысты мақалдар жоқ.

19. Жазда ауылда мал бағып,малдарды айдап, қыздар сиыр сауатын жұмысты үйрене алады.

20. Атасы Еркін кішкентай болған соң,өмірден түйгендерін айтпайды.

ООМ мен жұмыс.

«-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең

Тақырыптық сөздік қор.

Ессе жазу

Тақырыпты қорыту. Кластер.

5 минут

Сөздік қор нормативі (31 сөз)

Үйге тапсырма

«Еркіннің еңбегі» түсініп оқу

Жазғы еңбек түрлерін жаттап келу.


Бағалау

4 – 5 белгі – 5 ұпай

3 белгі- 4 ұпай Сапа нормативі:

2 белгі - 3 ұпай Оқушылардың 63%

1 белгі -2 ұпай 5 ұпай алуға міндетті.



ООМ бойынша бағалау.


Аягөз қаласы

«К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»

Бастауыш сынып мұғалімі: Нурахметова Айжан Акылбековна








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі