400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық-алтын қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық-алтын қазынам
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Асық-алтын қазынам!»

Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар, санай отырып түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті асықтар, сандар белгіленген карточкалар.

Серіту сәті: Секіреміз топ-топ,

                                 Шапалақтап көп-көп.

                                Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,

                                 Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.



Ұйымдастыру: Балалар мына әдемі қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік. Балалар не көріп тұрсыңдар?

Түрлі-түсті асықтар.

Қандай әдемі асықтар!

Асық не екенін білеміз бе?

 Білеміз.

Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай. Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі. Отан сүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттілігін үйрету; балаларға қазақ ұлттық ойындарының бір түрі асық ойындарын жаңғыртып, балаларды ұйымшылдыққа саусақ моторикасының дамуына, мергендікке шапшаңдыққа, ептілікке, дене құрылысының жақсы қалыптасуына, достыққа баулу.                              

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Асықтарды санай білу. Ой өрісін дамыту.

«Санамақ»

Мақсаты: Балалар қолдарына берілген асықтарды ілгері кейін санап үйрену. Есте сақтау қабілетін дамыту. 

Дидактикалық ойын: « Асықтарды жина»      

 Асық туралы мағлұмат алды.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Асықтармен ойын ойнап, түстерін ажыратып, санай білуді меңгерді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі