Материалдар / “Асық-алтын қазынам!”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Асық-алтын қазынам!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі балаларға арналған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Асық-алтын қазынам!»



Міндеті: Асық ойынының атауларын үйрену,асық ойнау денсаулыққа пайдалы екенін меңгеру.Асық туралы білімдерін бекіту.Төзімділікті,ептілікті,икемділікті дамыту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.Ойындар арқылы асыққа деген қызығушылықтарын арттыру,Шапшаң да жинақы, әдепті болуға тәрбиелеу.

Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар,санай отырып түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке,шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиеші: Ал балалар олай болса барлығымыз шеңберге тұрайық.Сәлеметсіңдерме, балалар! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі «Асық-алтын қазынам!»

атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз. Олай болса сәлемдесіп алайық.

 Шаттық шеңбері:

Сәлем берем үлкенге»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Сәлеметсіз бе, ағай? – деп,
Сәлеметсіз бе, апай? – деп,
Есенсіз бе, апай? – деп,
Амансыз ба, атай? –деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз!


Тосын сәт: Есік қағылады.

-Көмекші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл «Zerek kids» балабақшасындағы «Балбөбек» МАД топ балапандары мекен?

-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Ия бұл «Балбөбек» МАД топ балалары. Сіз кім боласыз?

-Көмекші: Мен білім патшалығынан келіп тұрмын балалар! Осы топтың балаларына білім патшалығы мына сандықшаны беріп жіберген болатын.

-Тәрбиеші: Солай ма?Қандай керемет! Білім патшалығына біздің балалардың атынан үлкен рахметімізді айтарсыз!

-Көмекші: Жарайды,олай болса мен кетуім керек .Сау болыңдар балалар!

-Тәрбиеленушілер: Сау болыңыз!

-Тәрбиеші:Балалар бұл сандықшаның ішінде не бар екен ашып көреміз бе?

- Тәрбиеленушілер: Ия!

-Тәрбиеші:Олай болса бәріміз бірге ашайық. Ой балалар бұл не?

- Тәрбиеленушілер: Асықтар!

-Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Білім патшалығы бізге асықтар беріп жіберіпті.Қандай керемет! Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп.Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай.Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

-Тәрбиеші:Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме?

- Тәрбиеленушілер: Ия!

- Тәрбиеші:Ендеше мына қорапшаның ішінде бізге асықтардан тапсырма берілген екен.Орындап көремізбе?

- Тәрбиеленушілер: Ия орындайық.



1-тапсырма. «Асықтарда берілген сандардың реті бойынша орналастыру»

Мақсаты:Асықтарды түстері мен жазылған сандарға қарай дұрыс орналастыру. Сандарды ретімен орналастыруға үйрету, қойылған сандарды өсу және кему ретімен орналастыру.

-Жарайсыңдар балалар!Бірінші тапсырманы өте дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді екінші тапсырмаға көшейік.



2-тапсырма. «Қамшы мен қыз баланың шашын өру»

Мақсаты: Ұлттық мұраны қастерлеу, ұлттық құндылықтар негізінде балаларды еңбекқор, саналы етіп тәрбиелеу. Қамшы, шаш өру арқылы саусақ, қол моторикасын дамыту.



3-тапсырма

Ханталапай” ойыны

Балалар енді кезекті ұлттық ойынға кезек берейік.Бұл ойында ойнау үшін бәріміз шеңберге тұрамыз.

Менің қоржынымда көптеген асықтар бар. Оның ішінде жалғыз қызыл түсті асық бар. Хан асығы деп аталады.

Талапай -ау , талапай,

Табылды ойын алақай”- деген кезде сендер «Ханталапай» деп асықты аласыңдар. Егер кімге « Хан» асығы түссе ойынның жеңімпазы болады.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер барлық тапсырманы өте тез шапшаң орындап жатсыңдар.

Олай болса тақтада ілініп тұрған оюлар бойынша топқа бөлінеміз, балалар орындықтарға отырамыз.

  1. Топ Киіз үй

  2. Топ Домбыра

  3. Топ Асық

  4. Топ Ою-өрнек

Тәрбиеші: Ал енді балалар барлығымыз өз тобымызға жайғасып отырсақ, тапсырмаларды орындауға көшейік.

  1. Топ «Киіз үй» тобы липучкалы ойын, яғни киіздің әр бөліктерінде қойылған тапсырмаларды орындаймыз.

  2. Топ «Домбыра» тобы «Шылдырмақ» аспабын қолдарымен жасайды.

  3. Топ «Асық» тобы Құмда асықтың бейнесін салады.

  4. Топ «Ою-өрнек» тобы оюды мақтамен жабыстырады.

Тәрбиеші: Балалар сендер тапсырманы өте жылдам, өте тез жүйрік орындадыңдар, енді біз орнымыздан тұрып бір серігіп алайық.

«Ерке сылқым» күйіне ритмикалық қағаз оркестрі







Сергіту сәті:     

Рисунок 1132089528


«Ерке сылқым» күйіне ритмикалық қағаз оркестрі



Тәрбиеші:

-Ал балалар білім патшайымының барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындап жатырсыңдар!Керемет,жарайсыңдар!

-Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге білім патшалығы не беріп жіберіпті?

- Тәрбиеленушілер: Асықтар беріп жіберіпті.

-Тәрбиеші: Асықты біз неден аламыз?

- Тәрбиеленушілер:Төрт түлік малдың сүйегінен.

-Тәрбиеші:Асықпен қандай тапсырмалар орындадық?

- Тәрбиеленушілер: Асықтарды санадық,түстеріне қарай ажыраттық.Сандарды салыстырдық.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,жарайсыңдар. Олай болса бүгінгі сендердің ҰІӘ алған әсерлеріңді тақтада ілініп тұрған «Білім қоржыны» бойынша бағаласақ, онда

«Жасыл түсті қоржын» - ҰІӘ ұнады

«Сары түсті қоржын» - Бәрін түсіндім

«Сары түсті қоржын» - Білімімді толықтырамын

Үстел- үстіндегі асықтарды осы қоржындарға бүгінгі сабақты бағалап, асықтарды өз қоржындарына саламыз.

Ал енді балалар бүгінгі ұіә- ге керемет қатысқандарың үшін «Әжемнің» құрты атты дорбаны сыйға тартамын.



Осымен бүгінгі біздің ҰІӘ аяқталды! Сендерге көп-көп рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!