Асық-алтын қазынам!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық-алтын қазынам!

Материал туралы қысқаша түсінік
1-5-ке дейінгі сандар тақырыбында математика негіздері ашық оқу іс-әрекеті. Асықпен ойын арқылы жүргізілген оқу іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы: Ересек «Қарлығаш»

Тәрбиеші: Мұханбетжанқызы Айкерім

Күні: 13.12.2024жыл


Білім беру дағдысы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика негіздері

Тақырыбы: Асық-алтын қазынам! 1-5-ке дейінгі сандар

Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен сандарды санап үйрету. Сонымен қатар,санай отырып түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке,шапшаңдыққа баулу.

Асық ойынының атауларын үйрену,асық ойнау денсаулыққа пайдалы екенін меңгеру.Асық туралы білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті асықтар, сандар, оюлы кілемшелер, сандық, бәйге аттары, дорба.

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, сергіту жаттығуы.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:

Тәрбиеші: Барлық бала ортада кілемшені айнала көрпешеге отырады. Ал балалар олай болса барлығымыз бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.....

Балаларға сәттілік тілеп, көңіл-күйлерін сұрау.


Тосын сәт: Есік қағылады.

-Білім патшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз?

-Білім патшайымы: Мен білім патшалығынан келіп тұрмын балалар! Білім патшайымымын. Осы топтың балаларына білім патшалығы мына сандықшаны беріп жіберген болатын.Сандықты ашып көремізбе?

-Тәрбиеші:Балалар бұл сандықшаның ішінде не бар екен ашып көреміз бе?

-Балалар: Ия!

-Білім патшайымы: Олай болса бәріміз бірге ашайық. Ой балалар бұл не?

-Балалар: Түрлі-түсті асықтар!

-Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Білім патшалығы бізге асықтар беріп жіберіпті.Қандай керемет! Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп.Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай.Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

-Тәрбиеші:Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме?

-Балалар: Ия!



«Кел, асықпен ойнайық...»

 «Асықтарды түстеріне және сандарға қарай орналастыр» 1-5-ке дейінгі сандар

Мақсаты:Түрлі-түсті асықтарды түстері мен сандарға қарай асықтарды дұрыс орналастыру. Түстерді ажыратып білуге және сандарды ретімен орналастыруға үйрету.1-5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау, сан құрамын бірліктерін санау.

-Жарайсыңдар балалар!

«Шапалақ» ойыны

Балалар қазір шапалақ ойынын ойнайықшы. Мен сендерге шапалақтарды таратып беремін және 1-5-ке дейінгі сандарды айтатын боламын сол айтылған саусақты алған бала сол шапалақтағы саусақтарға қарап, жердегі шашылып жатқан асықтарды шапалақпен қағып алайық. Менің қолымдағы шапалақта 3 саусақ бар демек мен 3 асықты қағып аламын. Ойынымызды осылай ойнаймыз.

-1 саусақ – 1 асықты қағып алады

-2саусақ – 2 асықты қағып алады

-3саусақ – 3 асықты қағып алады

-4саусақ – 4 асықты қағып алады

-5саусақ – 5 асықты қағып алады

Балалар жердегі шашылып жатған асықтарды жылдам қағып алып ойнайды.


-Балалар Білім патшайымы бізге дорба алып келіпті

Ішіндегі бұл қандай зат?

-Балалар: асықтар

-Дұрыс айтасыңдар онда осы дорбадағы асықтарымызды үрлейікші.....

(тыныс алу жаттығуы ойыны)


-Балалар Білім патшайымы бізге өте қызықты ойындар алып келіпті иә...

Енді біз «Текемет» ойынын ойнайықшы

-Балалар бұл ойында мына оюлы қиындыларды сандарды ретімен орналастырсақ әдемі оюлы текеметіміз шығады.

Олай болса балалар ортада ойын ойнайықшы.

Балалар оюлы кілемшелерді сандарды терімен қою арқылы текемет құрастырып шығады.

Балалардың құрастырған текеметтерін қарап сұрақтар қою;

-Балалар бірінші текеметіміздің пішіні қандай?

-Балалар: тіктөртбұрыш.

-Түсі ұандай?

-Ақ түсті текемет.

-Балалар сендер осы текеметті қалай құрастырдыңдар?

-Балалар: сандарды ретімен қою арқылы құрастырдық.

-Жарайсыңдар керемет!


Келесі текеметіміз ше балалар?

-Пішіні қандай?

-Балалар: үшбұрыш

-Түсі қандай?

-Сары.

Жарайсыңдар....


Ал енді үшінші текеметіміздің пішіні қандай екен?

-Балалар: шаршы

-Түсі қандай?

-Қызыл.

-Балалар осы текеметті қалай құрастырдыңдар?

-Балалар: сандарты тура ретімен қойып құрастырып шықтық.

-Жарайсыңдар балалар текеметтерің өте адемі оюлы екен....

-Білім патшайымы сізге балалардың жасаған текеметі ұнады ма?

-Білім патшайымы: Иә өте ідемі екен.

Жарайсыңдар балалар.


Балалар ортаға келейікші асықтармен жаттығу жасап сергіп алайық..

Асықпен жаттығу

-Балалар қазір мен асықтарды баяу, орташа жылдамдықта және өте жылдам соғамын. Сол асықтарға қарап сендер жаттығу жасауға дайын болыңдар. Олай болса бастайық.

-Балалар асықтармен керемет жаттығу жасап сергіп алады....


Ал енді балалар қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Бәйге» ойынын ойнайықшы.

Бұл ойында аттарымыз сайысқа түседі. Бәйгеге қатысатын аттарымызды санайықшы....

Балалар: 1,2,3,4,5

-Балалар ретімен келіп бәйге алаңына отырып, аттарындағы жіпті орау арқылы тарта отырып, сайысқа түседі. Көрермен балалар бәйгеге қатысушы балаларға жанкүйер болып отырады......


-Білім патшайымы:-Жарайсыңдар балалар сендер мен әкелген асықтармен керемет ойындар ойнадыңдар, ақылды,тәртіпті балалар екенсіңдер. Мен сендерге рниза болдым.Сендерге берер марапатым медальдарым бар келе қойыңдаршы мен сендерге тағып берейін......

Білім патшайымы балалаарға медальдарын тағып, қощтасып топтан шығып кетеді.Сау болыңдар балалар.....

--Балалар сау болыңыз Білім патшайымы..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2024
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі