15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ертеңгілік "Елбасы жолы - ертеңге өнеге" ортаңғы топ
Күні:
Тақырыбы: «Елбасы жолы – ертеңге өнеге»
Мақсаты:
Балаларға еліміздің Президентін,
рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын,
туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға,
құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ
айтуға үйрету.
Көрнекілігі: Слайд,
Елбасының суреттері.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі ашық
тәрбие сағатымызды Елбасымыз- Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар,
біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі
жатырмыз. Бүгінгі ашық тәрбие
сағатымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран
айтылады.
Тәрбиеші:
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде
үлкен мереке болады. Ол мереке біздің
Елбасымыздың құрметіне арналады.
-
1 желтоқсан күнін Президент күні деп
атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер
ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға
назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
-
Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
-
Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де
Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз
Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана
қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың
жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
Тәрбиеші:
Қазақ
елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге
оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның
биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы
жолдан таймағын – деп Нұрсұлтан атамызға
арнап тақпақтар айтайық.
Әмина, Бақытжан, Інжу, Әсел, Нұрсәт.
Әмина:
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Бақытжан:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Інжу:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Әсел:
Арқа сүйеп ақыл – ойдың шыңына
Аңсағаны – ұлтқа шуақ, шұғыла
Әрбір күні адамзаттың қамы үшін
Әрбір түнде қамығатын мұңына,
Нұрсәт:
Арқалаумен ауыр жүгін алыптың,
Арман еді жарқын әлем жарық күн
Айбынды ұлы ардақты әке – Әбіштің
Адастырмас Көшбасшысы халықтың
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
-
Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана
тілдері болады.
- Балалар, біз қай
тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін
мына көгілдір экран арқылы қарап
білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік
– Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын
бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде
5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу
біздің қазақ екенімізді білдіреді.
Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс
– адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің
белгісі. Тудың ортасында күн мен
қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында
оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей
жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық
пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың
бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің сары болуы –
молшылықтың белгісі екен.
- Балалар,
рәміздер туралы кім тақпақтар
біледі?
Нұрислам,
Айша, Мұхаммедәли, Назым, Елхан, Ернар.
Нұрислам:
Құт – береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Айша:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
Мұхаммедали:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Назым:
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім - елтаңбам
Елхан:
Әнұраным айбатым
Тәуелсіздік қайратым
Достық, бірлік татулық
Арманға жетті жанғырып
Ернар:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендігі кезекті біздің топтың сұлу қыздарының орындауындағы «Жаса мәңгі Қазақстан» әніне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар біздің Елбасымызға көптеген ақындан өлең арнаған. Сол өлеңдерден үзінді оқып берсек . Жас ақын Бөгенбай Анелдің «Нұр аға» өлеңі
Мадина, Дарын, Бағжан
Мадина
Бірлігі жарасқан елміз міне бүгінде
Артқа тартып халқым енді шегінбе
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.
Дарын
Даңғыл жолды салып берер Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып – теріп қазақты
Халқы үшін жанын салған ғұлама
Бағжан
Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі
Әрқашанда алда жүрді жеңісі
Бүкіл әлем тыныштықты тілейді.
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.
Тәрбиеші:
Нұрсая, Нұрдәулет, Ақнұр
Нұрсая:
Тірлігіңе
шырай берген кім десең,
Ол
Нұрсұлтан бақжұлдызың,
Сол
азамат болмағанда ағайын,
Бүгінгідей
қуанбас ең, күлмес ең.
Нұрдәулет:
Мақсатына
жету үшін алдағы,
Әу
бастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол
азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған
бабалардың арманын.
Ақнұр
Ер
болдық ерік алдық астаналы,
Енді
кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз
мемлекеттің шежіресі,
Нұсұлтанның
атымен басталады.
Тәрбиеші: Көгілдір экранға қарап Елбасымыз туралы бейнебаян көріп алайық.
Тәрбиеші: Елбасымыз туралы тақпақтар кезегіне берейік.
Айнара, Нұрхан, Ақжібек, Нұрәли Н, Айзере, Аян.
Айнара:
Ұлы дала дарабозы, ұланы
Ұшырғанда шарықтаған қыраны
Ұлы ғұн мен сақтан бері сақталып
Ұрпақтарға мұра болған ұраны.
Нұрхан:
Емірентіп еркін сезіп шақтары,
Елжіретті қазағымды бақтары
Елін сүйген елін сүйген Елбасы
Егеменді Қазақстанның мақтаны.
Ақжібек:
Талқысымен тай таласқан тың күші
Туын тікті Бостандықтың құнды ісі
Тумысынан парасатты Президент
Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы!
Нұрәли Н:
Ұл едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге белін буған,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
Айзере:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Аян:
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Тәрбиеші:
Біздің тобымыздағы Нұрхан атты сері
жігітінің орындауындағы «Жаса Қазақстан»
әні.
Тәрбиеші:
Балалар, Елбасы күніне арнаған тәрбие
сағатымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген