15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ертеңгілік "Төрлет Наурыз" ІІ кіші топ
Күні:18.03.2019
Тақырыбы:Төрлет Наурыз!
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,наурыз мерекесі туралы түсінік беру,Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүргізуші: Армысыздар ағайын!
Наурыз қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыста біз,ақы да біз
Үй-дастархан,даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Құрметті қонақтар, «Айым-Ерке» ауылындағы өткізіліп жатқан Наурыз думан тойына қош келдіңіздер!
Жүргізіуші:
Алқа-жұртым,той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық деп «Наурыз көктем» әнін шырқайық!
Ән: «Наурыз көктем»
Жүргізуші:Осы көктемнің мерекесіне арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар. Нұрым,Аяна,Айару,Назар,Диас,Ақерке
Нұрым
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Аяна
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Айару
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Назар
Наурыз
келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Диас
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Ақерке
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Жүргізуші:
-Бүгін-Ұлыстың ұлы күні!
-Бүгін-Самарқанның көк тасы еріген күн!
-Бүгін-Жаңғыру мейрамы!
-Бүгін Күн мен Түннің теңелуі!
-Бүгін Қыдыр Атаны қарсы алатын күн
Қыдыр ата кіреді
Қыдыр ата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын
Ұлыс бақыты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Өткенге салауат айтып,келер күнге жақсылық тілеп,ақ көңілмен,адал жүрекпен,дос құшағын айқастырып табысатын қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші:-Ата, жаңбыр менен жер көгерер,бата менен ел көгерер демекші мына елге бата беріңіз!
Қыдыр ата:
-Әрине,бата бер десең,бата берейін
Сұрасаң
бата берейін,
Үстем
болсын мерейің
Ықыласпен
қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс
оң болсын
Ақ
мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс
бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Мына ұлыстың ұлы күні әр-бір отбасына қуаныш,бақыт әкелсін!Аумин!
Балалар,мен енді жүрейін,ел-елдерді аралап,жақсылық тілеп,бата беруім керек.
Аман-сау болыңдар!
Жүргізуші:
Қастерлі менің халқымның
Мерекесі Наурыз жыл басы
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық дей келе мың бұралан биші қыздарымыздың «Бипл бипл » биін тамашалаңыз
Тақпақ:Қасымхан,Данияль,Інжу,Жанель,Назым, Мәди.
Қасымхан
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Данияль
Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан
бұлақ, нәзік сыр.
Інжу
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Жанель
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
Назым
Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Мәди
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым,
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Ақерке апай
Құрметті қонақтар біздің ауылдың кішкентай бөбегі Ханкелдінің ұлымыздың тұсау кесер той
Тәй,тәй,тәй тәй!
Қаз,қаз,балам,қаз балам,
Қадам бассан мәз болам!
Жүгіре қойшы,құлыным,
Жілбіресін тұлымың!
Жүргізуші:
Келіңдер,наурыз тойын қарсы алайық,
Билейік,жыр жырлайық ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқанды кеңге созшы, уа халайық
Би.Жігіттер
ТақпақтарАрнад,Ерасыл,Бақдәулет,Әсемай,Жайылхан,Замира,Айбол.
Арнат
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Ерасыл
Көктем
келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Бақдаулет
Наурыз
тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Әсемай
Наурыз
келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
Жайылхан
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Замира
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Әз- Наурыз!
Айбол
Біз бақытты баламыз
Әсем әнге саламыз
Наурыз тойы болғанда
Шаттанамыз бәріміз
Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып,би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады Ортада Назым Інжу,Жанель қыздарымызды «Наурыз»әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Наурыз
мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан
сүйіп жатыр күн – көктем.
Жарығымен,
шуағымен күн – ана
Алып келді жер
бетіне гүл көктем
Қош келдің, Наурызым
ардақты,
Халқым саған бар үмітті
арнапты.
Жылда осылай келе берсін
жасарып,,
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп
аймақты-дей келе
Құрметті қонақтар бүгінгі Балбала тобының дайындаған «Төрлет Наурыз»атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды еліміз аман жұртымыз тыныш наурыздан наурызға аман есен жете берейік.Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген