400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық іс-шара: "Махаббат пен шығармашылық педагогоикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану туралы оқушыларға мейірімділік туралы ой толғау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі













«Өзіңді тану- өмірді тану»

(Өзін-өзі тану пәні апталығының ашылуына)






Жауапты: Пән мұғалімі А.Е.Нурсалиева
















Талғар қаласы

2013-2014 оқу жылы


Тақырыбы: Адам болам десеңіз...

Мақсаты:

- Махаббат пен шығармашылық аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, «Өзіңді тану-өмірді тану» стенд, слайд, шарлар, С.Назарбаева туралы бұрыш.


І жүргізуші: (Ұлағат)

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

І жүргізуші: (Ұлағат)

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.

ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзіңді тану - өмірді тану» атты апталықтың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!


І жүргізуші: (Ұлағат)

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден,-деп бүгінгі «Өзіңді тану - өмірді тану» атты апталығымыздың ашылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік.


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңімен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның алғы сөзін мектебіміздің анасы, жүрегі Агильская Такура Айдарбекқызына сөз береміз.


І жүргізуші: (Меруерт)

Ән «Көк тудың желбірегені». Орындайтындар Айзере мен Ұлағат Илиповтар


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.

І жүргізуші: (Ұлағат)

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен –жүрекке» шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Сонымен келесі кезекті әдеби монтажға берейік.



1- оқушы: (Бағдат 3 б)

Алғыс айтам, менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2- оқушы: (Мәди 3 а)

Жақсы адам боп өссін деп,

Шығарған өзің тануды.

Сара апама мың алғыс,

Жолдаймыз салем жалынды.

Үмітіңді ақтаймыз,

Үйреніп өнер, білімді.

Ар-ұятты да сақтаймыз,

Жолатпай жаман қылықты.

3-оқушы: (Бекзат 3 ә)

Оқушының білімін де сынайды.

Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

Оқушылар өзін-өзі таниды,

Бойымызға тек ізгілік дариды.

4-оқушы: (Айдана 3 б)

Өмірге қызыға қарайсың,

Бәрін де бақытты санайсың.

Бұл пәнді үйренсең ерінбей,

Бойыңнан керемет байқайсың.

5-оқушы: 2 «б» сыныбы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


І жүргізуші: (Ұлағат)

Меруерт ендігі кезекті 3 «Ә» сынып оқушыларының ұлдарына берейік. Өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді таң қалдырсын.

ІІ-жүргізуші: (Меруерт)

Иә, Ұлағат, дұрыс айтасың, енді біздің сыныптастарымыздың өнерін тамашалайық!


І- жүргізуші: (Ұлағат)

Ортаға 3-ші сынып оқушыларын шақырамыз.


1-оқушы (Бота 3 а)

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.

2-оқушы: (Анель 3 ә)

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

 3-оқушы: (Ақзер 3 б)

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.



4-оқушы: (Айсұлтан 3 ә)

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

5-оқушы: (Асем 3 б)

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,



Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

6-оқушы: (Марал 3 а)







Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау –кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Ұлағат, енді аға –әпкелеріміздің бәрімізге айтар ақыл-кеңестерін тыңдап көрелік және есте сақтайық.

1-оқушы: (Мереке 9 б)

  1. Егер бір күннің қадірін білгің келсе, оны ауырып жатқан адамнан сұра;

  2. Егер бір сағаттың қадірін сезінгің келсе, оны кездесуге асыққан жандардан сұра.

  3. Егер бір минуттың қадірін түсінгің келсе, оны жолдан қалып қойған жолаушыдан сұра.

  4. Егер бір секундтың қадірін білгің келсе, оны жеңіске жете алмай қалмай спортшыдан сұра.

2-оқушы: (Сұлтан 9 б)

Қоғамдық орындарда, көшеде:

  1. Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайды кешірім сұра.

  2. Адамдардың немесе заттарды саусағымен нұсқап көрсетпе.

  3. Тесіле қарама; Адамдарға бұрылып, немесе ртынан қарама.

  4. Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.

  5. Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.

  6. Есікті қағып кір.

  7. Өзіңе рұқсат етілгеннен кейін ғана отыруға болады.

3 оқушы: (Асель 10 а)

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

  1. Ұстанымым салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

  2. Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

  3. Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды да, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;

  4. Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, олар сенің өміріңдегі басты құндылықтарың;

  5. Өзіңе қызықиты рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал.

  6. Таза ауада көбірек болуға тырысып, дне еңбегімен шұғылдан.

  7. Уайым-қайғыға берілме, көңіл-күйіңді түсірме;

  8. Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе зиянды.


І жүргізуші: (Ұлағат)

Енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің арнайы дайындаған көрінісін тамашалайық. (Обал мен Сауап, 2 б сынып оқушылары)


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Өз өнерімен 9 ә сынып оқушысы Юсупова Заринаны ортаға шақырайық.


І жүргізуші: (Ұлағат)

Өмір деген – қымбат екен достарым,

Өмір –менің жарқылдайтын аспаным.

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным,

Мен –өмірде жас зерттеуші, жас ғалым, -дей отырып, Меруерт, енді ағаларымыздың көрінісіне кезек берейік, «Өмір» туралы


Немересі:

Ата, адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастайды?

Атасы:

Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам бала күнінен

бастап, өмрдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.

Немересі:

Иә, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін кездері болады.

Атасы:

Барлық адам қателеседі. Ал ақылды адам өз қатесін түсініп, қорытынды жасайды.

Әңгіме қателік жасауда емес, одан сабақ алып, уақытында түзей білуде.

Немересі:

Меніңше өмірде бәрі жақсы болса, ешнарсеге қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайға тап болып, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмей дал болады. Неге?

Атасы:

Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.

Немересі:

Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?

Атасы:

Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда.

Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болсын!


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

3 ә сынып оқушысы Ақзердің орындауында «Тау-тау« биін тамашалайық


ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Достарымыздың арнаған тілектеріне назар аударалық.




1-оқушы (Айдина -3 б)

Жайнай бер, менің мектебім

Балаларың беске оқысын

Әдемі болсын қыздарың,

Күшті болсын ұлдарың,

Жарқыра, жайна, мектебім!

2 оқушы: 2 б сыныбы

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

3 оқушы: 2 б сыныбы

Жалқау болсаң жасыңнан

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең табылар

Бар жақсылық басыңнан



ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Ортаға 11 ә сынып оқушысы Думанқызы Гүлфираны шақырамыз




ІІ жүргізуші: (Ұлағат)

Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-дейді.

І жүргізуші: (Меруерт)

Құрметті біздің екінші ана-әкелеріміз сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір атқан таңдарыңыз тек қуанышқа толы болсын, біз сияқты балаларыңыздың жемісін көріп жүре беріңіздер.

І жүргізуші: (Ұлағат)

Ал, аға-әпкелерімізге тілеріміз оқуда озат, тәртіпті, ортасында сыйлы, әдепті болсын деп тілейміз.

ІІ жүргізуші: (Меруерт)

Осымен «Өзіңді тану-өмірді тану» атты іс-шарамызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!






































Бекітемін

Лицей директоры:

Т. Түменбаев

______________

« ___» « _____» 2019ж


2019 жылғы 1-12 ақпан аралықтарында «Өзін –өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі


№

Іс-шаралар

Өткізілу уақыты

Жауаптылар

1

«Өзіңді тану- өмірді тану»

Онкүндіктің ашылу салтанаты

01.02.2019ж


Самтырова Л.Ж.

Молдағалиева Н.М.

Бидахметова А.Б.

 2

«Мен және табиғат»; «Менің Отбасым»; «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыптарында оқушылардың сурет және қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастыру,таныстыру

02.02.-12.02

 Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

Сынып жетекшілер

 3

2019 жылғы 12 ақпанда еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан», «Кәусар бұлақ – тұнығынан», «Қызыққа толы бұл әлем», және т.б. тақырыптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бірінші сабақтарды өткізу.


04.02.2019ж

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

4

«Өзін-өзі тану» адамгершілік –рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі,оқулықтары мен шығармашылығы туралы көрме ұйымдастыру, оқушыларға таныстыру.

05.02.2019ж

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

Нұқсарина Е.А

Мадиева Г

5

« Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацияларын өткізу

06.02.2019ж

Қабдуашова Э.Т


6

«Бақытты балалық шақ»

Үзіліс арасындағы өлең айту

07.02.2019ж


Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М



«Отан», «Мектеп», «Табиғат», «Отбасы», «Әдептілік-әдемілік», тақырыптарында шығарма, эссе, өлең жазу (4-10 сыныптар) көрме ұйымдастыру

07.02.2019ж

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

7

«Психологиялық акция»

Тақырыбы: Ұялы телефонның зияндылығы

1-4 сынып аралықтары


08.02.2019ж

Бидахметова А.Б.

8

«Мамандықтың бәрі жақсы» тренинг жаттығу

07.02.2019ж

10-11 сыныптар

Қабдуашова Э.Т.


9


« Ертегілер еліне саяхат»

қоңырау арасындағы шара

08.02.2019ж

1-4 сыныптар.

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М





10

« Қайырымдылық –жер бетінде!»

Ата –аналармен бірлескен қайырымдылық шарасы


09.02.2019ж

5в - 66

сыныптар


Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

11

« Мен қалаймын» іс –шара

1-4 сыныптар


10.02.2019ж

Үзіліс арасындағы шара

Бидахметова А.Б.





12

«1001 мақал,101 жұмбақ» интеллектуалды сайыс

Үзіліс арасында


10.02.2019ж

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М


13

« Менің әлемім» сыныптан тыс жұмыс

11.02.2019ж

5 В сынып

Самтырова Л.Ж


13

«Дәйексөздер патшылығы»

Үзіліс арасындағы оқушылармен ой бөлісу


11.02.2019ж 

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

14


Онкүндіктің салтанатты жабылуы.

Қорытындылау. Марапаттау рәсімі

12.02.2019ж

Самтырова Л.Ж

Молдағалиева Н.М

Жакенова Ж.Ж






Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Н Хасенова.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: С.С Мейрамбаева







































Қазіргі таңда 1-11 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінен

сабақ беретін 3-мұғалім ба

    «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің  жоспары.

Мақсат: Өзін-өзі тану пәні авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Өтетін уақыты: 2-12 ақпан, 2015жыл

р/с

          Мазмұны

кіммен өтеді

жауапты

өтетін күні

уақыты

өтетін орны

1.

  1. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуын (жалпы мектептік салтантты саптық жиында) өткізу.


1-11 сн.

Өзін-өзі тану пән мұғалімдері

2 ақпан

 

 

 

 

 

 

2-11 ақпан

 

10.00-10.15

1 қабат, дәліз

2.


1-4 сн.

5-7 сн.

кітапханашылар, сынып жетекшілері

3 – 4 ақпан

сабақтан тыс мезгілде

1 қабат, кітапхана

3.

Балалардың шығармашылық конкурсы:

Ана, достық, мейірім  туралы тақырыптарға сурет салу, әртүрлі материалдардан жасалған қолөнері, шығарма, өлең жазу,  т.б.

 

1-4 сн.

 

5-8 сн.

Тұяшева К.А.

Оралов М.Ш.,

Кадырова Н.М

Сынып жетекшілер,

кураторлар

 

5-6 ақпан

 

15.00-16.00

 

Қызыл зал, 219 кабинет

4

« Кешірімділік –көңіл кеңдігі»,

«Әдептілік –әдемілік», «Отбасы жарастығы», « Сөз іспен көрікті»

т.б. ашық тәрбие сағаттары

1-11 сн.

Сынып жетекшілер,

Кураторлар

Тұяшева К.А.

Оралов М.Ш.,

Кадырова Н.М

7 ақпан

8.30-9.00

өз кабинеттері

5

Балалардың шығармашылық жұмыстары:

Берілген тақырыптары бойынша презентация қорғау.

 

 

5-10 сн.

Қадырова Н.М.,

Мыңбаева А.А.

Сынып жетекшіл.,

кураторлар

9 ақпан

15.00-16.00

Қызыл зал,

6

«Келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе проблемасыз мүмкіндік»    

Педагогикалық-психологиялық

ағарту,кеңес

 

мұғалімдер

Тұяшева К.А

Кадырова Н.М

Оралов М.Ш.,

Оқу-тәрбие бөлімі, ғылыми-әдістемелік орталық

10 ақпан

15.00-16.00

Қызыл зал,

8.

«Өзіміз туралы әңгімелесейік»» әңгіме, пікірлесу.

Интернат

тәрбиеленушілері

Бимағабетов Е.Б., тәрбиешілер.

Тұяшева К.А.

Оралов М.Ш.,

Кадырова Н.М

11 ақпан

15.00-16.00

жатақхана

9.

Қорытынды . Марапаттау.

оқушы, мұғаліма

Тұяшева К.А.

Қадырова Н.М., Оралов М.Ш.

Сынып жетекшілер

12 ақпан

15.00-16.30

Қызыл зал,

                                          

    















Ұйымдастырушылар:  Өзін-өзі тану пән мұғалімдері

 Балалардың шығармашылық жұмыстары.

Нұсқау: 

·        Төмендегі тақырыптар бойынша слайд немесе ведиоролликтер дайындау.

·        Дайындалған материалды психолог кабинетіне тапсыруларыңызды сұраймыз.

 

 

5- сынып

1.   «Сенім –менің серігім»

2.   «Сабырлылық пен ұстамдылық»

3.   «Салауаттылық –менің қалауым»

6 -сынып

1.   «Денім сау болсын десең.»

2.   «Өмірің өз қолыңда»

3.   «Жаныңда жүр жақсы адам»

7- сынып

1.   «Өмір, қымбаттсың маған!»

2.   «Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған»

3.   «Жақсылық -жан азығы»

8 -сынып

1.   «Салауаттылық өмір салты»

2.   «Ізгілік іздеп келемін»

3.   «Табиғат -тал бесігің, аялай біл!

9-сынып

1.   «Әдептілік –адамгершілік бастауы»

2.   «Ар –намыс керек адамға»

3.   «Махаббат- өмір өзегі»

10-сынып

1.   «Жұлдызым менің жоғары»

2.   «Өмір –өзен»

3.   «Уақыт –мезгіл пернесі»

 

 Бәріңе, бәріңе, бәріңе!!! 

 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, мұғалімдер, барлық мектеп қызметкерлері, сіздерді мектебімізде өтетін 1 апталық психологиялық акцияға қатысуға шақырамыз!

 





І.  Психологиялық акция «Әлемге қуаныш сыйла»

·       Бұл акцияға қатысушылар, өздерінің әдемі, күлімдеген, өзінің жеке немесе топпен, ата-анасымен, құрбыларымен, ұстаздарымен немесе әр түрлі көңілді іс-шараларда түскен фотоларын ұйымдастырушыларға тапсырады. Бір апта өткеннен соң дауыс беру арқылы 5 номинация бойынша жеңімпаздар таңдалады. Жеңімпаздар марапатталады.

ІІ. Психологиялық акция «Ұстаздарыңды мектептегі балалық шағындағы фотосуретінен таны».

·       Ұстаздардың мектептегі кезеңдерінің фотосуреттері ілінеді.

ІІІ. Психологиялық акция «Біздің мектебіміздің тынысы»

·       Бұл акция 9 номинациядан тұрады. Қабырғаға (1-ші қабаттағы тақта) номинациялардың аты ілінеді. Оқушылар таңдауы бойынша сол номинацияға өздері қалаған оқушылардың аты –жөнін жазады.

·       Апта соңында дауыс жинауларына қарай, жеңімпаздар анықталады.

ІҮ. Психологиялық акция «Аттастар мен тегі бірдейлер»

·       Акцияға қатысушылар өздерінің аттастары мен бірдей тегілерін тауып өзара бірігіп фотоға түсіп, және фотографияға қызықты түсінік (комментарий) береді.

·       Сосын ұйымдастырушыларға тапсырады.

·       Жеңімпаздарға орын беріледі.

Ү.  Психологиялық акция «Мен қалаймын, біздің мектебімізде...»

·       Қатысушылар өзінің арманын, қалауын, тілегін жазады.

ҮІ. Психологиялық акция «Менің бүгінге дейінгі әсерім...»

·       Осы оқу жылындағы алған  әсерлерін қағазға жазу.

 














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі