400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық іс шара:"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсінік беру, ерекшеліктерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілі: Күз туралы тақпақтар, ертегі, ән, би.

Көрнекілігі: Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр. Ойынға қажетті көкөніс пен жемістер де сәндікке көрнекі жерге қойылған.


Тәірбиеші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспаннын мөлдіретіп.

Иә, балалар, табиғаттын бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Ол күздің әсем көрінісін балаларымыз жемістер жырымен көз алдымызға елестетсін.

( Балалар орындарына тұрады)

1 бала

Назерке Суық желмен желпініп,

Ысқырынып күз келді.

Жалаңаштап ағашты,

Жапырақтарынан бөлді.


2 бала

Бексултан Мерекелі күз келді,

Берекелі күз келді.

Жаттығу жасап көңілді,

Қуантайық біз енді.

Тәрбиеші:

Балалар, жылдың қай мезгілін алсақ та табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шақта біздің қыздарымыз бізге ән салып берсін.

«Жау, жау, жаңбыр» әнін орындайды.


Тәрбиеші: Жапқандай жапырағымен іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы, сары алтын күз келді.



Күз: Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Аяулым Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.


3 бала

Элизат Жаздағыдай балалар,

Далада көп жүрмейді.

Егіншілер егіннен,

Дем алуды білмейді.

4 бала

Айзере Ескеріп күздің суығын,

Әкем ағаш жарады.

«Жаурап қалар» балам деп,

Шешем отын жарады.

5бала

Ақтолқын Қиқуласқан құстар да,

Сайрауынан қалады.

Жылы жаққа ығысып,

Ұшып кетіп барады.

7 бала

Жаннұр Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап .


«Алма» ертегісін кейіптендіру


Дамежен – қоян

Абылай- қарға

Назерке- кірпі

Жансерік – аю


«Үнді» биі орындайтын Отарбай Аяулым


«Үйшік» ертегісі кейіптендіру


Айгөлек-ау, Айгөлек,

Айдын жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.


«Көбелектер» биі қыздардын орындауында



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі