жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық іс шара:"Жасыл шырша жанында"
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Мақсаты: Жаңа жылдың қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке екенін балаларға түсіндіру. Аяз ата мен Ақша қар туралы өлең, тақпақтар айту және би билеу. Жаңа жылдық ертегілер сахналау. Мерекеде ұқыпты, көңілді, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жаңа жыл мерекесіне арналған киімдер. Залдың ортасында сәнді шырша. Зал қабырғалары да бос емес. Қаршалар мен шырша ойыншықтары ілінге
Тәрбиеші: Сәлем, бар адамдарға!
Аяулы аналарға,
Ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға,
Жарқырап жастар әні,
Болсын той маскарады!
( Балалар, саз әуенімен кіріп шыршаны бірі оңға, бірі солға жүреді. Шыршаны қызықтап бір айналып шыққан соң орындарына тұрады).
Тәрбиеші: Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға,
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар .
Келіңіздер, келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер .
Қызығы көп жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Ән: «Дала аппақ»
Есіктен отын арқалаған кемпір кіреді.
Қайдасың менің әтешім,
Көмегің керек көкешім.
Әтеш: Ку-ка-ре-ку,- деп әтеш болып киінген ата-на жүгіріп шығады.
Мұндамын жүгіріп келемін,
Қазір сізге көмек беремін.
Отынды маған беріңіз,
Төрге қарай жүріңіз.
( Әже рахмет айтып үйшіктің алдына қойылған орындыққа отырады.
Әндетіп түлкі кіреді де әжеге жақындап келіп сәлем береді).
Әже: Көзім нені көріп тұр,
Түлкі алдыма келіп тұр.
Дала кезген түлкішек,
Айтшы, саған не керек?
Түлкі: Үйіңізге бір күн түнеп шығуға бола ма екен ?
Әже: Жоқ ,болмайды!
Түлкі : Маған сізді керемет мейірімді, керемет ақылды, керемет парасатты, керемет сұлу, өзі мырза деп мақтаған еді. Маған көп орынның керегі жоқ еді. ( Қылмыңдап сызылады) .
Әже: ( Өзін мақтаған соң босап) Жарайды, ана босаға жаққа жата ғой.
Тәрбиеші: Түн ортасы ауған шақ. Әже қатты ұйқыға еніп, қорылдап жатыр.
Түлкі: ( Тағы да әніне салады ыңырсып )
Орманда жүремін,
Алдауды білемін.
Айламды асырып,
Күнімді көремін.
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай-шу күлкінің.
Ұят аз бетімде
Ұрлық бар ниетімде.
Бар ойым әтештің,
Әтештің етінде,-
деп әтешке жақындап, «ақылыммен, айламмен, өмір сүрем пайдаммен... хоп» деп ұстап алады да, қолтығына қысып қаша жөнеледі.
Әтеш: Әже ... ку- ка –ре – ку –у ...
Түлкі: Тыныш, ақымақ, кемпірді оятасың.
Тәрбиеші: Бозарып таң да атты. Кемпір орнынан тұрды.
Әже: Әтеш неге шақырмады екен. Күн сәске түс болғанша ұйықтай беріппін- ау, - деп әтешін іздейді.
Әже: Әтеш, әй, әтеш. Ой, сұмдық-ай әлгі сұмырай түлкіден келді ме екен, а ? А- у –у әтеш , әтеш ... деп сыртқа жүгіріп бара жатса алдынан Аяз ата шығады.
Аяз ата: Сізге не болды, қария, таң атпай, оның үстіне қақаған қыста қайда барасыз ?
Әже: (Болған оқиғаны айтып) – Түлкіні жолда көрген жоқсыз ба, - деп сұрайды.
Аяз ата : Көрдім, көрдім. Әне анау жаққа. Беталысы орман. Қазір тура жүресіз, сосын солға бұрыласыз да тік жүріп, оңға бұрыласыз,- деп жол көрсетеді.
Әже: Қап, менің де сол қызықшылықта болуым керек еді, амал қанша, әтешімді тауып алайын , - деп ары қарай шығып кетеді. ( Аяз ата балаларға жақындап амандасады).
Аяз ата:
Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп ұл – қыздарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңде де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма ? !
Ал , мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма ?
Балалар: Аяз атасыз.
Аяз ата:
Бәрекелді таныдыңдар,
Өткір екен жанарларың.
Шақырады биге менің
Жалт-жұлт еткен фонарларым.
Би: «Фонарлармен»
Аяз ата: Ой, балалар, орталарыңда менің Ақшақарым жоқ қой. Ол қайда жүр екен ? ( Есіктен қашқан түлкі қолтығында әтеш , қуған әже кіреді тапырлап) .
Аяз ата: ( Түлкінің жолын кес-кестеп таяғымен жерді тарс еткізіп).
Тоқта , түлкі ! Босат әтешті, әйтпесе, қатырып тастаймын деп айғайлайды.. ( Түлкі әтешті жібере қоймайды. Аяз ата таяғының ұшымен түлкінің басынан дың еткізіп тигізіп қатырып тастайды. Әтеш босанып әжесіне жүгіреді).
Әже : Түлкіні аяп, Аяз атаның кешіруін сұрайды.
Аяз ата: Міне, қызық думан басталар кез болды, ал менің Ақшақарым әлі жоқ қой, - дей бергенде есіктен Сығалап түлкі қарайды.
Аяз ата: Тағы бірдеме ұрлап келдің бе?
Түлкі: Жоқ орманда кезіп жүріп, жолдан Ақшақарды кездестірдім. Ол «Балбұлақ» шағын орталығығың бүлдіршін балаларын іздеп адасып жүр екен. Сосын осында ертіп келдім.
Аяз ата: Жарайсың, түлкішек. Рахмет саған .
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар ? Жаңа жылдарың құтты болсын.
Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар,
Ортамызда балалар.
Қол ұстасып айналып,
Ән шырқасақ жөн болар.
Ән «Қыс қызығы»
Ақшақар: Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді.
Таң қалдырып өнеріне,
Бәрі билеп береді.
Ұлпақарлар биі.
М.Ровелидің «Болеро» әні ойналады .(Таспаға жазылған). Жаңа жыл- жылан залдың төріне сыйлыққа толы құйрығын тартып әкеледі.
Жылан: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,
Балаларға сыйлық әкеп тараттым !
Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын!
Балалар Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетеді.
1-бала Боранымен буып белді,
Бексултан Жаңа жылым тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
2-бала
Нурай Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
3-бала
Аружан Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
4-бала
Толғанай Келеді деп жаңа жыл,
Қоян, қасқыр досым да.
Жиналыпты осында,
Кел, кел, жаңа жыл!
5-бала
Айым Сұлу сәнді шыршаға
Көз тоймайды қарасаң
Сендер үшін орманнан
Жіберіпті мырза атаң.
6-бала
Бекарыс Жасыл шырша қош келіпсің ,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің,
Ойыншықтар ілдік біз.
7-бала
Назерке Жасыл шырша қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз.
Өзіңменен жаңа жылды ,
Қарсы алуға келдік біз.
Жасыл шырша жанында,
Ойнап күліп қайтамыз.
Жасыл шырша жанында,
Өлеңін де айтамыз.
8-бала
Аяулым Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі де әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.
9-бала
Малика Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
10-бала
Альмира Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
11-бала
Әмір Өткен жылға ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Өсе түсті бойымыз,
Шырқатады ойымыз.
12-бала
Айзере Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз.
13-бала
Ақтолқын Кел, достар, бастайық,
Бастайық жыл басын,
Қызықтан бос қалып
Кей бала қалмасын.
Ел құрметтеп көп тосқан,
Келді Аяз атамыз,
Келіңдер, кел достар
Қазір ән айтамыз.
14-бала
Жансерік Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып,
Аяз-ата келеді,
Балаларды сағынып.
15-бала
Аружан Келіп қалды, қараңыз,
Жарқ-жұрық етіп шапаны.
Шашуға толы даламыз,
Күміс дала үстінде
Біз де зулап барамыз.
16-бала
Дамежан Бар баланың қонағы,
Төрлет, ата, жоғары!
Енді дала, алақай,
Ақ күміске толады
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
17-бала
Әмір Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
18-бала
Бекзат Оралама ол енді,
Айтар едік өлеңді.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.
19-бала
Асхат Оралды өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
20-бала
Абылай Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да , таулар да,
Өзіңді сағынды.
21 бала
Нұрай Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр.
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын Жаңа жыл!
22бала
Айнұр Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Әке-шеше, әке-шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл!
23 бала
Жаннұр
24 бала
Элизат Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап ,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Берсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді,
Шырқатайық ән-жырды,
Шырқатайық өлеңді.
25 бала
Жансерік Шыршамызға керемет
Ойыншықтар тағылған,
Алыс жақтан келеді,
Аяз ата сағынған.
Аяз ата : Ал, енді балалар менің тағы баратын жерлерім бар. Жыл айналып келгенше аман сау болыңдар!
Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар қош сау бол, Аяз ата, Ақшақар қош сау бол, деп барлығымыз бір ауыздан шығарып салайық.
Кел, жаңа жыл, шуақ шашып, нұрланып,
Жақсылық пен қуанышты , жырды алып,
Жылан жылы баршаңызға жаршы боп,
Республикамызды шығар биік шыңға алып.
Қазағымның тіршілігі гүл атсын,
Көзін ашқын ашылмаған бұлақтың.
Жаңа жылда бар адамзат қуанып,
Арайына бөленсінші шуақтың.
Жаңа жылдық құттықтау сөз беріледі.
Жаңа жылдық сыйлықтар тарату.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген