Асық көптілді дамыту технологиясы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық көптілді дамыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық көптілді дамыту технологиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асық көптілді дамыту технологиясы


Мухамеджанова А.Б.

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№1сәбилер бақшасы Даму орталығы» КМҚК

қазақ тілі оқытушысы


Еліміздің заманауи білім кеңіс­ті­гіне бет бұруы ұлттық педагогикада, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда уақыт та­ла­бына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық ба­с­уын, болашаққа сеніммен бет ал­уын қалаймын»[1], деп жазған болатын. Яғни, мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтама­сыз ететін жаңа технологияларды іздес­тіру өте өзекті. Осы орайда мен көптілділікті қалыптастырудың педагогикалық құра­лы ретінде қарапайым асықтың мүм­кіндіктерін тиімді пайдалануды жөн көрдім.

Мен асықты ойыннан бөлек оқу үрдісіне қостым. Бала боял­ған асықтың түр-түсінажырату арқылы түстерді таниды және асық туралы көп біліп үйренеді. Яғни, асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баули отыра, білімдерін жетілдіреді.

      Асық  ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген. Асықпен ойнаған баланың  зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті  дамиды, тіл байлығын дамытады [3].

Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында  оқу іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады.Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын,зейінін жан-жақты дамытады.

Асық әдісі балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға, сабырға тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз. Мысалы, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекетінде бала қызығушылығын арттыру мақсатында ойын ретінде асық лақтырып, үш тілде сөйлеуге үйрену әдісін ойластырдым. Асықтың өзінің 4 жағының атаулары бар. Олар:

Алшы (көгілдір) - асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол - бірінші дәрежелі асық.

Тәйке(сары) - асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол - екінші дәрежелі асық.

Бүге ( Бүк ) (қызыл) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге ( Шік ) (жасыл) - асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие [5].

Осы 4 жағына тапсырмаларды бөліп, коммуникативтік дағдылары үлгерімін тексеруге мүмкіндік жасауға болады. Бұл әдісті білімдерін бекіту, тексеру мақсатында қолдануға ұсынамын. Енді үш түрлі жас ерекшеліктеріне негізделіп, мен тапсырмаларды төмендегідей бөлдім.


Мектепалды жас балаларына ұсынылады:

Алшы (көгілдір) – 1-деңгейге сәйкес, егер балада алшы түссе, бала таңдаған сөзді алып, тапсырманы 3 тілде орындауы қажет. Мәселен, сөзге қатысты бірнеше сөйлем құрап, алгоритм бойынша 3 тілде әңгіме құрайды (мысалы, Это яблоко. Яблоко красное. Яблоко большое. Яблоко сладкое. Я люблю яюблоко – Мынау алма. Алма қызыл. Алма үлкен. Алма тәтті. Мен алма жақсы көремін. – This is an apple. Apple red. The apple is big. Apple is sweet. I love apples).

Тәйке (сары) – 2-деңгейге сәйкес, сөзге 1 сөйлем құрап, 3 тілге аударады (мысалы, Это одно красное яблоко. Мынау бір қызыл алма. This is one red apple).

Бүге ( Бүк ) (қызыл) – 2,3-деңгейдің тапсырмасын орындай алуын тексеру. Сөзді 3 тілде атап, 3 тілде сөз тіркесін жасайды (мысалы, красное яблоко-қызыл алма-red apple).

Шіге ( Шік ) (жасыл) – 3-деңгейдің тапсырмасын орындай алу білімін тексеру.Сөзді 3 тілде атайды. (мысалы, яблоко-алма-apple)

Ересек жас балаларына ұсынылады:

Алшы (көгілдір) – 1-деңгейге сәйкес, 3 тілде сөйлем құрайды (мысалы, Это одно красное яблоко. Мынау бір қызыл алма. This is one red apple).

Тәйке (сары) – 2-деңгейге сәйкес, 3 тілде сөз тіркесін жасайды (мысалы, большое яблоко-үлкен алма-big apple).

Бүге ( Бүк ) (қызыл) – 2,3-деңгейдің тапсырмасын орындай алуын тексеру. Заттың түсін 3 тілде атайды (красный – қызыл – red)

Шіге ( Шік ) (жасыл) – 3-деңгейдің тапсырмасын орындай алу білімін тексеру. Сөзді 3 тілде атайды. (мысалы, яблоко-алма-apple)

Ортаңғы жас балаларына ұсынылады:

Алшы (көгілдір) – 1-деңгейге сәйкес, 3 тілде сөйлем не сөз тіркесін құрайды (мысалы, Это красное яблоко. Мынау қызыл алма. This is red apple).

Тәйке (сары) – 2-деңгейге сәйкес, Заттың түсін 3 тілде атайды (красный – қызыл – red)

Бүге ( Бүк ) (қызыл) – 2,3-деңгейдің тапсырмасын орындай алуын тексеру. Сөзді 3 тілде атайды. (мысалы, яблоко-алма-apple)

Шіге ( Шік ) (жасыл) – 3-деңгейдің тапсырмасын орындай алу білімін тексеру. Заттың санын 3 тілде атайды (один – бір – one) [4][2].

Асық әдісінің мақсаты:балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі - бейнелік және сөздік-логикалық ойлаудысатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді[6]. Сондықтан да менортаңғы, ересектер мен мектепалды балаларына көптілділікті дамыту мақсатында асық әдістерінің жаңа мазмұнды жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту үшін ұйымдастырылған іс-әрекетіндеқолдануды ұсынамын.

Сондай-ақ асықпен бірге педагог нені бей­нелегендерін айтып беру үшін түрлі мазмұнды сурет­тер дайындау қажет. Ай­талық, бүл­діршіндерге белгілі бір тақырыпта суреттер беріледі. Суреттерді боялған асықтарды лақтыру арқылы атап, 3 тілде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрас­тырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен­ мұқияттылықты талап етеді. Тапсырманы орындау барысында балалар асықтың әр түсі арқылы оның атауларын жаңылмай атап, меңгеруге мүмкіндік алады. Мектепке дейінгі балалар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі­леті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді, үштілділікке деген қызығушылықтары артады.

Асықты пайдалана отырып санау, сөйлем құрастыру, логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды асықпен ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық лақтыру арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз, әрі әр ұйымдастырылған іс-әрекетте асық әдісін қолдану арқылы асық атауларын жетік меңгерулеріне жағдай жасай аламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. https://egemen.kz/article/159190-asyq-tarbie-qam-tekhnologiya

  2. https://www.almau.edu.kz/news/poliiazychnoe_obrazovanie_konkretnyi_mekhanizm_realizatcii_a-10116

  3. https://ru.sputnik.kz/20180227/kazakhstan-deti-igra-asyki-shkola-4744960.html

  4. https://ppt-online.org/138594

  5. https://balabaksha.kz/51694/

  6. https://bilimainasy.kz/27-12-2019-4/




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі