400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық көрсетілім 2 кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға бейнелеу өнерінің жаңа әдісі- поролон губкасымен сурет салуды үйрету. Бейнелеу өнерінің бұл әдісі суреттің анық шығуына әсері болады. Бейнелеу өнері барысында балалар өсімдіктерді қорғауға, аялауға тәрбиеленеді және олардың эстетикалық талғамы мен ұқыпты жұмыс жасау қабілеттерді қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметінің ұйымдастырулы техналогиялық картасы.

Тобы: 2-кіші топ

Күні: 12.02.2020ж

Тәрбиеші:Хамзина А.М

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлім: Сурет салу



Тақырыбы: «Жылы жайдағы гүлдер» (губкамен сурет салу)

Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің жаңа әдісі- поролон губкасымен сурет салуды үйрету. Бейнелеу өнерінің бұл әдісі суреттің анық шығуына әсері болады. Бейнелеу өнері барысында балалар өсімдіктерді қорғауға, аялауға тәрбиеленеді және олардың эстетикалық талғамы мен ұқыпты жұмыс жасау қабілеттерді қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

-біледі: гүл деген сөздің орыс тіліндегі атауын айтуды;

-түсінеді: адамдар үшін гүлдердің пайдасын;

-қолданады: поролон губкасымен сурет салу дағдысын тәжірибеде.

Екі тiлдiк компонент: гүл-цветок.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен материалдар; Альбом парағы, сары,қызыл, көк түсті гуашь, поролон губкасы, дымқыл қол сүрткіш.

Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы: Түсіндіру, сұрақ- жауап

  1. Ұйымдаст қозғаушы қыз. Түрі.

Балаларға сауал тастау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде далада өсімдіктер, гүлдер өседіме?

-Гүлдер жайқалып, әдемі болып қай мезгілде шығады?

Балалар гүлдер екіге бөлінеді. Дала гүлдері және бөлме гүлдері боп. Яғни бөлме гүлдері дегеніміз олар мына ыдыстағы гүлдер.Гүлдердің әдемі иістері болады. Олар ауаға хош иіс береді.

  1. Ұйымдастыру іздестіру.

Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.


Музыка қосу.

(көздерін жұмып, көз алдарына жаз мезгілін елестету)

Ғажайып сәт:

Бағбаншы топқа көңілсіз келіп, балалармен амандасады.

-Сәлеметсіз бе бағбаншы апай, сіз қайдан жүрсіз? Неге көңіл күйіңіз жоқ?

Бағбаншы:

-Ой, балалар сендер білесіңдерме жылда менің жылы жайымда гүлдер әдемі, жайқалып өсетін, ал биыл дұрыс өспей жатыр. Ал, алда аналар мерекесі келе жатыр, сол мерекеге барлығы гүлдер алады емеспе. Менің гүлдерім болса әлі гүлдемей жатыр.

-Бағбаншы уайымдамаңыз, бізде өте еңбек қор балалаларымыз бар. Мүмкін балалардың көмегі керек болып қалар, сізге.

-Балалар біз бағбаншы апайға көмек беремізбе? Алда мереке келе жатыр дейді. Мерекеге гүлдер өте қажет. Гүлдері жайқалып, әдемі болып өсу үшін, біз поролон губкасының көмегімен әдемі гүлдер бастырып саламыз.

Бағбаншы:

-Балалар рахмет, көмек берейін деп жатқандарыңа, өте қуаныштымын.


Екі тiлдiк компонент: гүл-цветок.

-Балалар өз орындарына отырып, орналасады.

-Әр балаға гүлдің сабағы мен жапырағы салынған альбом парағы.

-Қазір біз гүлдер салуды бастаймыз.

-Гүлдерінің суреттерін бейнелеуді ұсынамын.

- Гүлдердің суреттерін кішкентай поролон губкасымен саламыз.

-Губканы бояуға малып, гүл суретін бастырамыз.Сол кезде гүлдің суреті үлкен және әдемі болып шығады.

-Келесі кезеңде гүлдер арасында ашық жер қалдырмай , губкамен бастырамыз. Дайын салынған суреттің үстінен гүлдерді губкамен бастырамыз.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.


-Естеріңе саламын! Губканы бояуға қатты батырмаңдар, бояудың үстінен аздап, жеңіл ғана бояу жағылатын болсын.

-Балалардың тікелей жұмыс жасауларын қадағалау.


Рефлексивті-түзетушілік.

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Біз бағбаншыға қандай көмек бердік?

-Бір-бірінің салған суреттеріне қарайды.

-Бағбаншы балаларға ризашылығын білдіреді. Ұқыпты, әдемі салғандары үшін мақтау сөздер айтады. Балалалармен қоштасады. Жеткен нәтижелеріне қуанады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.03.2021
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі