Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық мектепшілік шара ( 6-10 сыныптар арасында)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
«Ал, кәне,
қыздар!» сайысы
Коррекциялық білімділік
мақсаты: Қыз балалардың
білімін, өнерлерін тамашалап, өз өнердерін көрсетуге
тәрбиелеу.
Коррекциялық дамытушылық мақсаты: Халықтық
педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін
қалыптастыру.
Коррекциялық тәрбиелік мақсаты:
Аналар
мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз
еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне,
жеріне сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі:
Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен
шарлар.
Түрі: «Қыз
сыны» сайысы
Барысы:
Мұғалімнің
кіріспе сөзі.
1-жүргізуші:
Қайырлы кеш,
қонақтар! Бүгінгі кеште мектебіміздің
5-10
сыныптар
аралығындағы «Ал, кәне,
қыздар!» атты сайысына қош
келдіңіздер!
Міне жыл
құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер
күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
береке-бірлік тілейміз.
2-жүргізуші:
Гүл көктемнің
алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекесінің
бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен
құттықтаймыз!
1-жүргізуші:
Барлық балаға
анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында
ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары
кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана
бәрінен биік.
2-жүргізуші:
8-наурыз жыл
басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына
қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі ойынға
ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен
таныстырып өтейік.
1 «Сәлем -
сөздің анасы» Өзін
таныстыру
2 «Өнерлі өрге
жүзер» Өз өнері (Ән немесе
би)
3 «Зерделінің
ойы озық» Лездік сұрақтарға жауап
беру
4 «Он
саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген
жұмыстарын көрсетеді.
5 «Кім
жылдам?»
Өздерінің
шеберліктерін, икемділіктерін
көрсетеді
6 Сән үлгісі
Түрлі бағыттағы үлгі
7 Қорытынды
Марапаттаулар
1-жүргізуші:
Қазақ халқы
«Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың,
сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған
жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы
құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер
берген. Біздің халық қыз баланы ародақтап төрге отырғызып, оған
қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей
ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана
тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті
болған.
2-жүргізуші:
Анашым
ортамызда жүрсең күліп,
Болады
Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің
қарызыңды өтермін бе?
Әлемнің
жақсылығын бересем
жиып.
1-жүргізуші:
Той тойлап дала
мен қалаларым,
Мерекең құтты
болсын аналарым.
Қаракөз қыз,
абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр
міне балаларың.
2-жүргізуші:
Енді осы
байқауға қатысатын аруларымызды ортаға
шақырайық.
Жақсы адам
кімге болсын болар пана,
Мол оның тал
бойында ақыл, сана
Көркіне ақылы
да сай келетін –
Келеді аруларым
билеп қана. Қошеметпен қарсы
алыңыздар!
1. Жақсы адам
кімге болсын болар пана,
Мол оның тал
бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы
да сай келетін,
Бірінші келе
жатқан қыз –Анельді
қарсы
алайық.
2. Өнер қуған
жасынан,
Өнері судай
тасыған.
Келесі
біздің Әсем
Көрінген күштің
басынан.
3. Бәріміз
жақсы көретін,
Жарыста демеу
беретін.
Келесі
біздің Әдемі
қыз,
Шырқап ән салып
беретін
4. Сыпайы оның
мінезі,
Күліп жүрер
ақырын
Қыз сынына кеп
қапты
Жүрек
жұтқан Нургуль
қыз
5. Сабырлы, әрі
салмақты,
Өзі өнерлі жан
- жақты.
Келе
жатқан Настя
қыз
Жарысты бүгін
жалғапты.
6. Қуантады
білімімен бізді Айдана
қыз,
Қол соғып қарсы
алайық енді оны біз.
Білімің серік
болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл
болып тілегіміз.
1-жүргізуші:
Шалқытып
мерекеде ән салайық,
Өнерпаз
өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен
шындықты арқа тұтқан
Әділқазы
алқасымен танысайық.
2-жүргізуші:
Болады қыздың
аты затына сай,
Ниет етсең
болуға өнерге бай.
Артық емес,
үйрен де жирен деген
Бос қалып бұл
өмірде жүрмеші жай.
1-жүргізуші:
Сұлу қыз келіп
жетті алдыңызға,
Бойындағы бар
дарынды танытуға.
Дараланып
сахынаға келді бүгін,
Әдеппен,
ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы
шарты
«Таныстыруды»
бастаймыз.
2-жүргізуші:
Кедеймін деп
қысылма,
Өнерің болса
бойында.
Өнерлінің
ырысы,
Жарқырап жатыр
жолында.
1-жүргізуші:
Даусың қандай
сырлы еді,
Табиғатты
тыңдатқан.
Көркің қандай
нұрлы еді,
Таң шолпанмен
астасқан.
Өнеріңді қане
бүгін көрсетші,
Мына жұртқа
қошеметпен қол соққан – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге
шақырамыз.
2-жүргізуші:
Арулар, бұл жол
басы даналықта,
Келіңдер, оқып,
байқап қаралық та.
Бұ жолмен бара
жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре
тұра қалалық па!
Даналық – өшпес
жарық, кетпес байлық,
Жүріңіз іздеп
тауып алалық та.
1-жүргізуші:
Жас ару – жас
ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір
үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат
қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан
сүрінбей самғап ұшқан, - дей келе сұрақ-жауап бөліміне
шақырамыз.
1.Қамырды
ашытып көтеретін не?(ашытқы,
сода)
2.Борщ
дайындауға оның құрамында міндетті түрде не болу керек?(қызылша,
қырыққабат)
3.Қымыз неден
жасалады?(биенің ашыған
сүті)
4.Десерт қай
елдің сөзінен шыққан?
(Француз)
5.Шайдың отаны?
(Қытай)
6.Қандай маймен
тігін машинасы майланады? (машина
майымен)
7. Тігін
тікенде саусаққа не киеді?
(оймақ)
8. Тігін машина
жібінің қай номерлісі өтімді?(40жіп
)
9. Жүннен
жасалған бұйым (Киіз)
10. Сәндік
бұйым жасайтын адам?
(Зергер)
11. Ұлыс күні
жасалатын тағам? (Наурыз
көже)
12. Түйенің
сүті? (Шұбат)
13. Қыста
жейтін малдың етін не деп атайды?
(Соғым)
14. Қазақ
қыздарының бас киімі
(Сәукеле)
15. Төлегеннің
серігі? (Жібек)
16. Ананың
сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы
апа)
17. Сүттен
жасалатын тағам? (Көже, айран,
ірімшік,қаймақ,май).
18. Қандай
талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? (жүн
талшықтары)
19. Ең
құрметті, қасиетті, жанашыр адам
(Ана)
20. Тон бізді
жылыта ма ?(Жоқ жылуды
сақтайды)
21. Капрон
синтетикалық па, әлде жасанды
ма?(синтетикалық)
22. Жабағы
деген не ?(малдың көктемде қырқып алынатын
жүні)
23. Мойынға
тағатын әшекей бұйым (алқа)
24. Апа
сіңлінің балалары (бөле)
25.Қазақ
әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина,
шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш,
белбеу).
26. Ою өрнектің
бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ,
түйетабан, қос алқа,
сыңар).
27. «Фариза,
Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі
(Мұқағали)
28.Киімді тігу
үшін өлшемді адамның қай жағынан алады? (он
жағынан)
29.Қай елде ең
алғаш рет мода
шықты?(Италия)
30.Юбканың
ілгегі қай жағынан орналасады?(сол
жағынан)
31.«Барлық мода
модадан шығады, ал стиль мәңгі қалады, деген сөзді кім айтқан? Коко
Шанель.
32.Тік юбканың
қай жағының ені үлкен? (Алдынғы
жағының)
33. Қозы
Көрпештің серігі? (Баян
Сұлу)
34.Абай
Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
35. Еңліктің
серігі? (Кебек)
36. Ананың қызы
сізге кім болады? (әпке)
37. Шұлық қанша
инемен тоқылады? (Бес
инемен)
38. «Бусра»
деген сөздің аудармасы?
(Бисер)
39. Экибананың
отаны? (Жапония)
40. Ананың
анасы сізге кім болады? (Нағашы
әже)
1-жүргізуші:
Шеберлермен
өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған
ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз
өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық
төрелігін соңынан.
2-жүргізуші:
Енді кезек
Арулар өздерінің үйден жасап келген жұмыстарын
көрсетеді.
1-жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Кім жылдам?», бұл сайыста аруларымыз өздерінің
шеберліктерін, икемділіктерін
көрсетеді
ә) Картоп
тазалау. (картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы
керек).
б) Инені
сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі
керек).
в) Түйме қадау.
(түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі
керек).
1-жүргізуші:
Сынбатына сән
киім жарасатын,
Аспандағы ай
күнмен таласатын.
Сымбат сәні
келісіп ару қызға,
Әрдайым жұрт
сүйсіне қарасады.
2-жүргізуші:
Қазақ қызы -
тамсандырған талайды,
Тоғжан болып
ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы
күлкісі күн, тілі бал,<