"Асық ойнаған - азбайды" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асық ойнаған - азбайды" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ Әр халықтың өз салт-дәстүрі бар. Сол дәстүрге сай мәдениеті бар. Ал, мәдениеттің бастауы оның өмір сүріп отырған ортасына, шаруашылығына, әлеуеті мен экономикасына байланысты. Қазақтың ұлттық спорты да сол сарынның ішінде дамыған. Өйткен, егін егіп, көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз мейілінше сол кәсіптің өзінен ұлтқа тән ойын түрлерін дамытқан, ұрпақтан-ұрпаққа дарытқан. Бойға сіңген асыл қасиет ғасырдан-ғасырға жалғасқан. Бірақ, мына технологияланған жаңа дәуірде ұлттық қасиеттеріміз бен ұлттық ойындарымыз жоғалуға жақын. Асық ойындары туралы сөз етуден бұрын, қазақ халқының асыққа деген айрықша көзқарасын айта кеткен орынды. Асық турасында ұлтымыз оны малдың, аңның жай ғана бір сүйегі ретінде қарамаған. Оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырымдар бар. Мәселен, «Алты жыл аш болсаң да, асық мүжіме» деп кішкентай балаларға асық етін жегізбеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарағанды қаласы, №34 ЖББМ КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Жунусова Актоты Алкеновна

2022 жыл









АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ

Әр халықтың өз салт-дәстүрі бар. Сол дәстүрге сай мәдениеті бар. Ал, мәдениеттің бастауы оның өмір сүріп отырған ортасына, шаруашылығына, әлеуеті мен экономикасына байланысты. Қазақтың ұлттық спорты да сол сарынның ішінде дамыған. Өйткен, егін егіп, көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз мейілінше сол кәсіптің өзінен ұлтқа тән ойын түрлерін дамытқан, ұрпақтан-ұрпаққа дарытқан. Бойға сіңген асыл қасиет ғасырдан-ғасырға жалғасқан. Бірақ, мына технологияланған жаңа дәуірде ұлттық қасиеттеріміз бен ұлттық ойындарымыз жоғалуға жақын. Асық ойындары туралы сөз етуден бұрын, қазақ халқының асыққа деген айрықша көзқарасын айта кеткен орынды. Асық турасында ұлтымыз оны малдың, аңның жай ғана бір сүйегі ретінде қарамаған. Оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырымдар бар. Мәселен, «Алты жыл аш болсаң да, асық мүжіме» деп кішкентай балаларға асық етін жегізбеген.

Сондай-ақ қазақ жұртында асық үйіріп болжайтын ескілікті наным бар. Бүкіл тыныс-тіршілігі қорадағы малмен етене болған халқымыз асықтың қалай түсуін де сол төрт түлік малының белгісі деп қараған. Мәселен шік — ұсақ мал шопан ата мен шекшек атаның түліктері қой мен ешкінің, бүк — зеңгі бабаның түлігі сиырдың, тәйке — қамбар атаның түлігі жылқының, алшы — ойсыл қараның түлігі түйенің, баламасы деп, үйірген асықтың түсуіне қарай алдағы уақыттың малдың қай түлігіне тиімді болатынын болжайды. Ал асық арқылы бал ашу мақсатымен жолаушының жолынан, жоқ іздеген жоқшының соңынан, аңшының олжасынан, құрған қақпанның қанынан хабары деп тілек сөз айтып, асық үйіріп болжаған. Әрине, асық алшысынан жатса, ол жолаушыға ақ жол, аңшыға қан болған қанжыға, ойға алған ісінің оңға басатынын шамалап отырған. Сондықтан да алшысынан түскен асық жоғары бағаланып келген. Қысқасы осы тектес, асыққа байланысты ұлтымыздың наным сенімі, ырымдары көп болған. Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Тіпті сәби дүниеге келмей жатқанда, жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған.
Қазіргі таңдағы ноутбук, смартфон, айфон, телефондардың зиянынан балаңызды алыстатқыңыз келсе, оны асықпен таныстырыңыз, ойнауды үйретіңіз. Бұл ойынның балаңызға ұнайтыны анық. Ал денсаулыққа тигізер пайдасы зор. Мамандардың айтуынша, бұл ойын көздің көру қабілетін дамытады. Өйткені, асықты нысанаға алғанда, қан тамырларының жұмысы жақсарады екен және қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Асық ойнау нағыз қажет кермет ойынның бірі.Асық ойыны баланы ең бірінші шапшаңдыққа, ептiлiкке баулиды. Үнемі қозғалыста болғандықтан денесі шынығады, көздің алыстан көру қабілеті артады, ағзасы тынығады, мергендікке үйренеді, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2022
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі