Сынып сағатының тақырыбы:
Біз біргеміз!
.Ата-ана
мен бала арасындағы байланысты күшейту,
оқушы
ларды
инабаттылыққа, тәртіптілікке
шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың
тақпақтары:
1-оқушы:
Достықтың
болған емес шекарасы,
Елімнің мен де туған
бел баласы.
Отанға миллиардты
берді тағы
Қазақтың қасиетті
кең даласы.
2-оқушы
Ынтымақ –достық
береке –
Бағымыз біздің
жайнаған.
Ынтымақ-бақыт, мереке
Шаттыққа толы айналам.
3-оқушы
Ынтымақ тасқынымен
тастым да мен,
Кең жайдым құшағымды
достыма мен.
Біргеміз өмір-бақи,
отандастар,
Жалғасар өміріміз
достықпенен
Негізгі бөлім
Пазл құрау
Суретте не бейнеленген?
Бір бөлігі жоқтығы
байқалып тұр ма? Ол бөліктін маңыздылығы
неде?
Осындан қандай түйінді
ой шығаруға болады?
Бұл бөліктін өз орны
бар, онсыз сурет толық емес. Сол сияқты
әр қайсымыздың орынымыз бұл өмірде
бөлек, әрқайсымыз бұл өмірде қажетпіз.
Біздің сыныптың
портреті
Бір бет қағаздан адам
бейнесін жыртып ойып жасау.
Шыққан бейнемізге
назар аударайық. Салыстырып көрейік.
Бірдей бейне бар ма?
- Жоқ,бәрі әртүрлі
Көрдіңдер ме, осы
сияқты бізде әртүрліміз. Бірдей адам
жоқ.
Ал, енді барлық жасағын
бейнелеріңізге өздеріңіздің бойында
бар қасиеттерді жазып, қол ұстастырып,
бірлігімізді білдірейік.
Ия, біз әртүрліміз,
әрқайсысымызда өздік бір ерекшелік
бар. Сыртқы бейнемізде ғана емес,ішік
дүниемізде де. Біз әр адамның даралығын
сыйлауымыз керек, өйткені бәріміз
адамбыз. Біз қайталанбаймыз, әртүрліміз
және біз бір-бірімізге керекпіз.
Жағдаяттар шешу.
1-жағдаят:Менің жақын
туысымның менімен шамалас бір баласы
бар. Ол өзі өтірікші бала. Көзбе-көз
өтірікті айта салып тұра береді. Біздің
үйге күнде келіп,менімен ойнағысы
келеді, оның басқа ойнайтын, бірге
жүретін ешқандай досы жоқ. Өтірікті көп
айтудың салдарынан барлық достары одан
теріс айналды.
Мен онымен дос болып
бірге ойнайын ба, қалай ойлайсыңдар?
2-жағдаят: Менің
парталас көршім үнемі үйге берілген
тапсырмаларды орындамай, жазбай келеді.
Өйткені оның қолы ойыннан босамайды.
Мұғалімдер тапсырмаларды сұрағанда
қатты қысылады. Берілген тапсырмалардың
барлығын менің дәптерімнен көшіріп
алады. Ал тапсырмаларды көшіруге бермесем
«Сараң» деп мазақ қылады.
Менің не істеуім
керек?
Ата-анамен жұмыс.
Сіздің пікіріңіз
құнды. Сөздердің мағынасын ашу: құрметтеу,
сыйластық, қамқорлық, жылулық,
жауапкершілік, ынтымақтастық, кешірімділік,
кішіпейілділік.
Сұрақ: Осы қасиеттерді
жанұяңызда бала бойына қалай сіңіресіз?
Топтық жұмыс
Ата-аналар тобына:
«Сіздер балаңыздың досы қандай болса
екен деп ойлайсыз?»
1-топ: «Сыныптастардың
қарым-қатынасы қандай болу керек?»
2-топ: «Ата-ана мен
баласынның достығы туралы не айта
аласыңдар?»
«Сиқырлы орындық»
«Бәрі біздің
қолымызда». Оқушылар ата-аналарға,
қонақтарға жүрегі бар алақан сыйлайды.
Рефлексия
«Ақ тілек» әнімен
сабақты аяқтау