400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу Іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
жолда жүру ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________

«Күншуақ» бөбекжайы

МКҚК меңгерушісі:

А.К.Кулымбетова

«___»_____________ 2024ж.















"Жануарларда, да жол тәртібі бар»

«Шаңырақ» ортаңғы тобы





















Тәрбиеші: Даулбаева А.Қ






Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
«Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» слайд, жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері, балалар суреттер көрмесі.

Өтілу барысы:
Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Тәрбиеші:

Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен

  • Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning! (үш тілде сәлемдесу) Үлкенге де Сіз,

кішіге де Сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз Біз!

Тәрбиеші: арын тыңдау)


Бүгінгі «Жануарларда, да жол тәртібі бар» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші:
- Біздің балалар көліктер туралы көп мағлұмат біледі.

Жер көлігі, Су көлігі, әуе көлігі, темір жол көліктері жайлы мағлұмат беру.
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктер жайлы білгендерің жақсы екен, балалар сонымен қатар жол ережесін де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Жол белгілерімен танысу.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
(слайд арқылы көрсету)
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші

(Слайд көрсетіледі) БАҒДАРШАМ
Елдана:
- Бір көзім «кідір» дейді,

- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.

Бағдаршам: Бексұлтан:
Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба.

Сергіту сәті:
Ал қазір
«Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге ойналады.

Ойын шарты:

Жол инспекторы Қызыл түс көрсеткенде тұрамыз, сары түсті көрсеткенде шапалақтаймыз, жасыл түсті көрсеткенде жүреміз.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Әрқашан күн сөнбесін!»
Жол инспекторы: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.

Тәрбиеші:

Қорытынды: Айналайын абайла,

Жан-жағыңа қарайла.

Жолда-жүру ережесін

Есте сақта қалайда!

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2024
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі