Ашық оқу іс-әрекеті: "Ертегілер еліндегі Аю мен Қоянға көмектесейік!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу іс-әрекеті: "Ертегілер еліндегі Аю мен Қоянға көмектесейік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу іс-әрекеті: "Ертегілер еліндегі Аю мен Қоянға көмектесейік!" Ормандағы Қоян мен Аюға тапсырмаларды орындау арқылы көмектесу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі Аю мен Қоянға көмектесейік»
Мақсаты:
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, тапсырмалар

орындау арқылы логикалық ойлауын, зейінін, сөйлеуін жетілдіру,

достық пен көмектесуге тәрбиелеу.
Міндеттері:Амандасу мәдениетін қалыптастыру.
Ертегіні тыңдап, мазмұнын түсіну.
Санау, түстерді, пішіндерді ажырату.
Кеңістікті бағдарлау.

Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
Тәрбиеші:Балалар, бәріміз шеңберге жиналайық. Қане, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық. Қолымызды ұстап, жылы сөз айтайық. Қайырлы таң, балалар!

Балалар: Қайырлы таң!

Тәрбиеші:Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар: Жақсы!

Тәрбиеші: Онда шаттық шеңберін айтайық.
Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң, алтын күн,

Қайырлы таң, көк аспан.

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, апайым!

Ертегілер еліне саяхат: (Хат оқылады).
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге біреу хат жіберіпті. Бұл қай елден келген хат екен? (Ертегілер елінің суретін көрсетеді). Балалар, бұл қай ел екен?

Балалар: Ертегілер елі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, бізге ертегілер елінен хат келіпті.

Қане, хатты ашайық.

Тәрбиеші оқиды:«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз – Аю мен Қоянбыз.

Орманда қиындыққа тап болдық. Бізге көмектесу үшін тапсырмаларды орындауларың керек. Біз сендерге сенеміз.

Тәрбиеші: Балалар, Аю мен Қоянға көмектесеміз бе?

Балалар:Ия, көмектесеміз.
Ертегіні баяндау:
Ерте, ерте, ертеде ну орманда, Аю мен Қоян дос болыпты. Қоян орманда секіріп жүріп, санауды ұмытып, шатасып қалыпты. Екеуі қатты уайымдап, балалардан көмек сұрауға хат жазыпты. Бірақ, көмектесу үшін тапсырмаларды дұрыс орындау керек екен.
Негізгі бөлім: Тапсырмалар.

1-тапсырма: «Аюға көмектес-санайық».

Мақсаты:
Балалардың 1–5 дейін тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру және бекіту. Заттарды санай отырып сан мен заттың сәйкестігін түсіндіру. Логикалық ойлауын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту. Бірлесіп әрекет етуге, көмектесуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Балалар, Аю өзінің жинаған жемістерін санай алмай отыр екен. Сандарға байланысты, жемістерді санап беруге көмек сұрап отыр.

Тәрбиеші: Балалар, Аюға, жемістерді санауға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Тәрбиеші:Қане, бірге көмектесейік. 1, 2, 3, 4, 5 дейін санап, жемістерді санына байланысты қасына қойып шығады. Кері 5, 4, 3, 2, 1 санап, жемістерді орнына қояды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Аю қуанып қалды.

2-тапсырма: «Аюға үй құрастырайық».

Балалардың геометриялық пішіндерді (тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек) ажырату және дұрыс атау дағдыларын қалыптастыру. Пішіндерді тану арқылы ойлау қабілетін, зейінін және есте сақтауын дамыту. Мыжырылған қағаздарды ашу арқылы ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Пішіндерден құрастыру барысында шығармашылық қабілетін арттыру және бірлесіп әрекет етуге, көмектесуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Аюдың үйі бұзылып қалыпты. Аю пішіндерді ажырата алмай, өзіне үй сала алмапты. Аю ,сол үшін барлық пішіндер сурет мыжырып, лақтырып тастапты. Мыжырылып тұрған қағаздардың ішінде әр түрлі пішіндердің:тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек пішіндерді суреті бар екен. Балалар, мыжырылған қағаздарды ашып, ішінде қандай пішін бар екенін атайды және сол пішіндерден атапға үй салуға көмектеседі. Үйді қандай пішіндерден құрастырамыз?

Балалар:Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш және дөңгелек.
Тәрбиеші: Балалар пішіндерден Аюға үй құрастырып берейік. Балалар үйді құрастырады, әр пішіннің пішінін және түсін атайды. Жарайсыңдар, Аюдың үйі дайын болды.
3-тапсырма: «Сәбіздерді түстеріне, көлемдеріне қарай бөл»

Мақсаты: Түстерді және көлемдерді (үлкен–кіші) ажырату, салыстыру, топтастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші: Балалар, Қоян көп сәбіз жинапты. Бірақ, ол сәбіздердің бәрі араласып кетіпті. Қызғылт сәбіз бен сары сәбіз болып, оларды бірі үлкен, бірі кішкентай екен. Қане, сәбіздерді түстері мен көлемдеріне қарай ажыратуға, Қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Өте жақсы! Қоян сендерге риза. Бұл тапсырманы да, дұрыс орындадыңыздар!

4-тапсырма: «Қоянға жол көрсет».

Мақсаты: Балалардың кеңістікті бағдарлау дағдыларын (алға–артқа, оңға–солға) дамыту. Бағыт-бағдарды дұрыс анықтап, қолдана білуге үйрету. Логикалық ойлауын, зейінін жетілдіру. Кейіпкерге көмектесу арқылы ынтымақтастыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар,Қоян жинаған сәбіздерін үйіне апарайын десе, үйіне қай жолмен барарын білмей тұр. Алға жүреміз бе? Артқа жүреміз бе? Оңға ма, солға ма? Балалар, Қоянға үйіне баратын жолын көрсетеміз бе?

Балалар:Ия, көрсетеміз.

Сергіту сәті: «Аю мен Қоян»

Аю болып қорбаңдаймыз,
Оңға қарай
1 қадам.
Солға қарай
1 қадам,
Аюша біз жүреміз.

Қоян болып секіреміз,
Алға қарай
1 қадам.
Артқа қарай
1 қадам,
Құлақ түріп тыңдаймыз.

Қолды созып жоғары,
Ормандағы ағаштай.
Төмен түсір қолдарды,
Дем алып, күлімдейміз.

Жарайсыңдар, балалар!
Ойынға біз дайынбыз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бойымызды сергіп алдық.Балалар, дұрыс жолмен жүріп, Қоянның үйіне апаратын дұрыс жолды көрсетеді. Дұрыс, сендер өте ақылдысыңдар!
5-тапсырма: «Артық затты тап» (Қоянның тапсырмасы)

Сюжеттік тапсырма:
Қоян орманда серуендеп жүріп, әртүрлі заттарды тауып алыпты. Бірақ олардың кейбірі орманға мүлде сәйкес келмейді екен. Қоян шатасып қалыпты да, балалардан көмек сұрапты.

«Балалар, көмектесіңдерші! Қай зат орманға жатпайды, артық затты тауып беріңдерші», – дейді Қоян.

Балалар берілген суреттерге мұқият қарап, қай заттың артық екенін табады және не себепті артық екенін түсіндіреді.

Мақсаты:
Балалардың логикалық ойлауын дамыту. Заттарды салыстыру арқылы ортақ белгісін анықтауға үйрету; артық затты табу және өз ойын қарапайым түрде жеткізе білу дағдысын қалыптастыру. Зейінін арттыру және Қоянға көмектесу арқылы тапқырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

6-тапсырма: «Сандар түстерін жоғалтып алыпты»

Мақсаты:
Балалардың сандарды тану және ажырату дағдыларын бекіту; сандарды әртүрлі түске бояу арқылы түс пен санды сәйкестендіруге үйрету; шприцтің көмегімен бояу барысында ұсақ қол моторикасын, көз–қол үйлесімділігін дамыту; зейінін, есте сақтау қабілетін және шығармашылық қызығушылығын арттыру; Аю мен Қоянға көмектесу арқылы мейірімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Қорытынды:
Тәрбиеші:Балалар, бүгін біз «Ертегілер елінде» Аю мен Қоянға үлкен көмек көрсеттік. Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен, ұйымшылдықпен орындадыңдар. Санадыңдар, пішіндерді таныдыңдар, түстер мен көлемдерді ажыраттыңдар, дұрыс жолды таптыңдар. Аю мен Қоян сендердің ақылдылықтарыңа, тапқырлықтарыңа өте риза болды. Осындай мейірімді, білімді балалар барда ертегілер елінде әрқашан қуаныш болады.

Мадақтау:
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, ұйымшыл, көмекке дайын екендеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізде бәрің белсенді болдыңдар. Сондықтан сендерге
«Орман достары» деп жазылған төс белгі беріледі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі