400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық оқу іс-әрекеті "Ғарышқа саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелеу.Ғарыш,ғарышкерлер туралы түсініктерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Мақсаты:

1.Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелеу.Ғарыш,ғарышкерлер туралы түсініктерін жетілдіру.

2.Ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорларын молайту,есте сақтау,ой өрістерін,зейіндерін дамыту.

3.Балаларды батылдыққа,адамгершілікке,топпен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,сұрақ-жауап,көңіл-күйді көтеру,ойын,жұмбақ,үш орталықпен жұмыс жасау.

Көрнекілік:слайд,үлгі суреттер,буклет,көктем көріністері.

Билингвизм: «Путешествие в космос»

Инклюзивтік әлеумет:баяу баламен жеке жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс:зымыран,ғарыш,ғарышкер.

Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың,шапағатты күніміз,

Армысың,мейірімді жеріміз,

Армысың,табиғат-анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Балалар қимыл қозғалыспен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік














































Сергіту сәті





Ғажайып сәт










































Рефлексивтік

түзетушілік


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын білеміз бе?

-Көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

-Балалар,қане бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып,слайд арқылы тамашалайық.

Міне,көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.

-Осы ай қалай аталады?

Сәуір айында да, бір үлкен мереке бар екен.Ол- ғарышкерлер мерекесі.


Жұмбақ:Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.


Берсең бұйрық,

Оқтан жүйрік.

Самұрықтай самғады,

Көктен өтіп,айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы.

Ендеше балалар ғарышқа саяхат жасайық.Ғарышкер дегеніміз-ол ғарышқа аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де көптеген ғалам бар.Ал балалар біз жер ғаламында өмір сүреміз.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин.Мынау ғарышта ұшып жүрген кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Олар:Т.Әубәкіров және Т.Мұсабаев деген ағаларымыз.Ел мақтанышы,ержүрек,батыр,халық қаһармандары.

Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.

-Аспанда тағы нелер болады,балалар?

Мынау ғарыш кемесі,онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,Қызылорда облысында орналасқан.Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта арнайы киім скафандр киген.

Бойымызды ,денемізді оятайық

Сәлем көздер,оянайық

Сәлем құлақтар,оянайық

Сәлем қолдар,оянайық

Сәлем аяқтар,оянайық

Балалар бізге қонақ келді.

-Мынау кім,балалар?

Роботтың дауысы естілмейді,мен сендерге жеткізейін.

Робот:Са-ле-мат-сың-дар-ма ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?

Робот:Сен-дер-дің жер-ле-рін қа-лай деп а-та-ла-ды?

Робот:Ба-ла-лар мен сен-дер-дің ас-пан ә-ле-мі ту-ра-лы не бі-ле-тің-дер-ің-ді біл-гім ке-ле-ді?

Робот:Сау бо-лың-дар ба-ла-лар!!!


Балалар үш орталыққа бөлінеді.

1.Жапсыру орталығы:

Түрлі-түсті қағаздар арқылы зымыран бөлшектерін жапсыру.

2.Сурет орталығы:

Зымыран суретін бояу.

3.Тіл дамыту орталығы:

Ғарыш туралы тақпақтар айту.





Ойын: «Зымыран-Ұшақ»

Мақсаты:балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту.

Зымыран-қолымызды жоғары көтеру.

Ұшақ-қолымызды созамыз.


-Балалар бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Кімдер туралы білдік?

-Бізге қонаққа кім келді?

Бәрі хормен :Аспан,аспан арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын.

Балаларды мақтап,мадақтау.


-Көктем мезгілі

-Білеміз

-Наурыз

-8-наурыз аналар мерекесі,Ұлыстың Ұлы күні наурыз

-Балалар тамашалайды




-Сәуір айы


Балалар қайталайды

Зымыран



Ғарыш кемесі





Балалар мұқият тыңдайды















Күн,жұлдыз,ай








Балалар сергіту сәтін дауыстап айтып,қимыл-қозғалымпен көрсетті

-Робот




-Жер ғаламында тұрамыз


-Қазақ жері деп аталады




-Сау болыңыз!!!


Балалар біріге отырып,

тапсырманы орындады.

Асылзат:Көкке ұшамын

Ұшқыр болар баламын

Сонынан еремін ағаның

Ер ғарышкер ағаның.


Шапағат:Ғажап елдің ұланы,

Ғарышкері-қыраны.

Тоқтар аға өзіңдей,

Ер боламыз қырағы.


Балалар ойынды қызығушылықпен

ойнады




-Ғарышқа саяхат жасадық

-Ғарышкер ағаларымызды білдік

-Робот

Балалар көңілді күймен қайталайды.



Күтілетін нәтижелер:

Нені білді:Көктем ерекшеліктерін,ай аттарын,ғарышкерлер туралы.

Нені меңгерді:ғарышкерлер туралы тақпақтар,сұрақтарға дұрыс жауап берді,өз ойларын толық жеткізе білді.

Не істей алды:қағаз,желіммен жұмыс жасай алды,суретті бояды,ойынға белсене қатыса алды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі